Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

сенаттың экономикалық қылмысты декриминализациялау туралы» заң жобасы

Таяуда "Астана ақшамы" газетінің бетінде Кешегі сенаттың экономикалық қылмысты декриминализациялау туралы" заң жобасын мақұлдауына қатысты өз ойымды білдірген едім. Қазақстан тәуелсіздік алғалы толыққанды қылмыстық саясатты ізгілендіру бағытында ауқымды реформалар жүргізіп келеді. Сондықтан, Сенатта қаралып жатқан заң жобасын ізгілендіру саясатының аясында жүргізіліп жатқан ауқымды процестің бір бөлігі деп қарастырған жөн. Жалпы, қаржылық қылмыстарды қылмыссыздандыру бұл нағыз құқықтық-демократиялық мемлекеттерде кеңінен қолданылатын жаза түрі. Яғни, бұл жердегі негізгі принцип мемлекеттің экономикалық мүддесін басым бағыт ретінде қарастыру болып отыр. Дәлірек айтсақ, қылмыс жасаған азаматтың қоғамға қауіпсіздігі деңгейі болмашы болса, оны бас бостандығын айырып, салық төлеушілердің есебінен асырағаннан, келтірген шығынды төлетіп, бюджетті толықтырған әлдеқайда тиімді.

0
0
530

Осы тақырып бойынша