Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ тілінің ең үздік әскери оқытушылары мен аудармашылары анықталды

Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде мемлекеттік тілді дамыту мамандарының тәжірибе алмасу жиыны болып өтті. Астана қаласында ұйымдастырылған бұл ауқымды шараның алғашқы күні алдымен «Саптық байқау» өткізілсе, бұдан кейін жиынға қатысушылар «Көшет отырғызу» рәсіміне куә болды. Сондай-ақ, аталмыш шара аясында өтетін «Мемлекеттік тілдің үздік оқытушысы – 2013» және «Қазақ тілінің үздік аудармашысы – 2013» атты байқауларға қатысатындарды іріктеу ісі де осы күннің еншісіне тиді. Алғашқы байқау бойынша Құрлық әскерлеріндегі 26 оқытушы үміткер ретінде тіркелген болса, олардың қабілет-қарымын сараптау нәтижесінде негізгі байқауға 12-і іріктеліп алынды.

Байқау барысында қазақ тілі мамандары ашық сабақ өткізді, әртүрлі нормативті-құқықтық құжаттардың мәтіндерін аударды. Байқауға қатысушылар өздерінің кәсіби деңгейлерін, оқыту мен аудару әдістерін, шеберліктерінің сырымен бөлісті.
Қорғаныс министрлігі мемлекеттік тілді дамыту басқармасының офицерлері байқауға сарапшы болып бақылап отырды.
Шығармашылық жарыстың қорытындысы бойынша қазақ тілден ең үздік оқытушы болып  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарнизоны әскери бөлімінің қызметкері Шолпан Айтбаева жеңімпаз атанды. Оның педагогикалық  шеберлігі ең жоғары деген бағаға ие болды.
Қазақ тілінің ең үздік аудармашысы атағын «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінің қызметкері  Әсел Қабиеваға бұйырды.
Қорғаныс министрлігі мемлекеттік тілді дамыту басқармасы өкілдерінің пікірінше қазақ тілінің ең үздік оқытушылары мен аудармашыларын анықтауға арналған жиын өткізу кәсіби шеберлігі жоғары мамандарды анықтауға және олардың сабақ беру әдістерін көпшілікке тәжірибе алмасу үшін пайдалануға мүмкіндік бермек.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
0
370

Осы тақырып бойынша

Қазақ тілінің ең үздік әскери оқытушылары мен аудармашылары анықталды - Yvision.kz