Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дін істері агенттігінің төрағасы Қ. Лама Шариф Қазақстандағы БАӘ Төтенше және өкілетті елшісі С.М. әл-Кетбимен кездесті

А.ж. 29-мамырында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Қазақстандағы Біріккен Араб Әмірлігінің Төтенше және өкілетті елшісі Сухейл Матар әл-Кетбимен кездесті. Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын және осы үрдіс Қазақстан мен БАӘ-нің рухани үндестігімен нығайтылғанын атап өтті.

Сондай-ақ кездесуде Астана қаласында Қазақ-әмірлік үкіметаралық комиссиясының 6-шы бірлескен отырысы аясында ҚР Дін істері агенттігі мен БАӘ ислам істері және уақыптар жөніндегі бас агенттік арасында түсіністік туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі қаралды.

 
0
0
322

Осы тақырып бойынша