Жаңа
«Құтқарушылар». Мультфильм (АҚШ, 1990 ж.)
«Біз бақытты баламыз»
«Аңшы бала». Отбасылық фильм («Қазақфильм», 2012 ж.)
Қазақстан құрамасы Минсктегі «Даму» УЕФА жарысында жеңіске жетті
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Минсктегі «Даму» жарысында мінсіз жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz ҚФФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Бүгін, үшін ойын күнінің жарысында Константин Фроловтың тәрбиеленушілері Ресейді 2:1 есебімен жеңді. Бастапқыда 0:1 есебімен жеңіліп келе жатқан біздің жас футболшыларымыз қатарынан екі гол салды– бірінші голдың иесі Геворг Наджарян болса, екіншісінде ресейліктер автогол кіргізді.
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы «Даму» УЕФА жарысының барлық үш ойынында да жеңіске жетті. Яғни, Ресей, Украина мен Белорусь командаларынан басым түсті.
Елордалық спортшылар ортаазиялық лигада атпен кедергіден секіруден әлем Кубогында алғашқы медаль алды
Бішкекте атпен кедергіден секіруден орталық-азия лигасы әлем Кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстан турнирінде елордалық команда керемет өнер көрсетті. Бұл туралы astana.kz сайты қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Жарыстағы түрлі санаттағы кедергілерді бағындыруда үш бірінші орын астаналық №7 ат спорты мектебінің тәрбиеленушілеріне берілді. Сонымен қатар, кезең иелерінің өздері назар аударған Ержан Мағжаев бірінші орын тұғырына екі рет көтерілді», — деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
№7 атпен кедергіден секіруде бірінші орын алып, тағы бір «алтынды» астаналық спортшы Виктория Котина иеленді. Басқарманың мәлімдеуінше, астаналық спортшылардың арасында командалық досы Ержан Мағжаевқа жол беріп, өзі күміс жүлдегер атанған Нұрболат Қартқожин да бар.
Әлем Кубогынан өзге, Қырғызстан астанасында ат спорты бойынша Қырғызстан Президентінің Кубогы мен Достастық Кубогына сайыс өтті.
Бірінші турнир аясында өткен командалық бәсекеде Өзбекстаннан келген команда бірінші орынға шықты. Достастық кубогын жекелей есепте қазақстандық Петр Соловьев жеңіп алды, — деп хабарлайды ведомства.
Қазақстан құрамасы «Каспий кубогында» Болгариядан ойсырай ұтылды
Әзірбайжанда 17 жасқа дейінгі ойыншылардан құралған жас құрамалар арасында Футболдан «Каспий кубогы» халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Sports.kz.
«Қазақстан құрамасы бірінші ойында Болгариядан 0:13 есебімен ұтылды. Бүгін Қазақстан Грузиямен кездеседі», — делінген хабарламада.
«Сарыарқа» велотрегінде «Жұлдыз кубогі» халықаралық турнирі өтеді
31 мамырда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде Астана әкімінің жүлдесіне көркем гимнастикадан «Жұлдыз кубогі»-2013 II халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлады қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Халықаралық турнир биылғы жылы Ресей, Әзірбайжан, Беларус, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Израиль, Грузия, Сингапурдан қонақтар мен Қазақстанның 12 қаласынан өкілдерді қабылдайды. Турнирге барлығы 285 адам қатысады. Жасөспірімдер арасындағы жеке бағдарламада 9 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оған 1998-2006 жылдары туған қыздар қатысады», — делінген ақпаратта.
Жарыс 31 мамыр және 1 маусым аралығында өтеді. Ашылу салтанаты 31 мамырда сағат 19:00-де өтсе, ресми жабылу салтанаты 1 маусымда сағат 18.30-да ұйымдастырылады.
Турнир Астана әкімдігінің қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізіледі.
Жүлде қоры – 22 миллион евро
Бұл күндері Францияның астанасы Париж қаласында «Үлкен дулыға» санатына жататын турнирлердің бірі – «Ролан Гаррос» өтіп жатыр. Бұл дода әдеттегідей төрткүл дүниеніңтеңдессіз теннисшілерінің басын қосты.
Солардың арасында Қазақстанның да өкілдері бар. Биыл жарыстыңжүлделік қоры 22 миллион евроны құрап отыр. Яғни осы турнирде сәттіөнер көрсету арқылы тек бедел жиып қана қоймай, материалдықтұрғыдан да мол олжаға кенелуге болады. Аталмыш турнирдің тұсауы сонау 1891 жылы кесілген болатын. Алғашқы кездері ол тек Францияныңішкі біріншілігі ретінде ұйымдастырылып, ол Париж корттарында жергілікті теннисшілер ғана күш сынасатын. Және де ол бас-аяғы бір күннің ішінде мәреге жететін. Десек те, жарыстың беделін арттыруды мақсат тұтқан ұйымдастырушылар 1925 жылы шет мемлекеттерден келген ойыншылардың қатысуына рұқсат беріп, «Ролан Гарросты» халықаралық деңгейге көтерді. Турнирдің бағдарламасы мен ережелері түбегейлі өзгерді. Бірте-бірте ол әлемдегі аса мәртебелі бәсекелердіңбіріне айналды.
Талай ығай мен сығайлардың басын қосқан бәсекеде көптеген рекордтық көрсеткіштер тіркелді. Мәселен, ерлер арасында француз Макс Декюжи «Ролан Гарроста» 8 рет топ жарды. Бұл – ХХ ғасырдыңбасында болған оқиға. Жетпісінші жылдардың екінші жартысы мен сексенінші жылдардың басында Бьорн Борг ешкімге бет қаратқан жоқ. Швецияның мақтанышы 6 рет бас жүлдені олжалады. Бүгінгі таңда испаниялық Рафаэль Надальдің қарқыны қатты. 2008-2012 жылдар аралығында Пириней түбегінің түлегі 7 рет жеңімпаз атанды. Әйелдер сайысында Крис Эверттің рекордына ешкім жете алмай келеді. АҚШ аруы 1974-1986 жылдар аралығында 7 мәрте алтыннан алқа тағынды. Франциялық Сюзанн Ленглен мен германиялық Штеффи Графф 6 реттен дәл сондай құрметке бөленді.
«Ролан Гарростың» өткен тарихына үңілсек, талай қызықтыдеректердің куәсі боламыз. Атап айтсақ, АҚШ теннисшісі Майкл Чанг пен швециялық Матс Виландер 17 жасында осы турнирде жеңіске жетсе, бұл белесті югославиялық бойжеткен Моника Селеш небары 16 жасында бағындырды. Бұл спортшылардың есімдері Париждегі жарыстың ең жас чемпиондары ретінде тарихта қалды.
2004 жылы Францияның қос ойыншысы – Фабрис Санторо менАрно Клеман арасындағы матч 6 сағат 33 минутқа созылды. Бұл – аталмыш жарыстың ең ұзаққа созылған бәсекесі. Екеуара тартыс алғашқысының пайдасына шешілді. Әйелдердің ең ұзақ сайысы 4 сағат 42 минутқа созылды. Осы орайда 2010 жылы іріктеу бәсекесінің финалында жапониялық Куруми Нара мен румыниялық Моника Никулеску күш сынасып, Күн Шығыс елінің өкілі жеңіске жетті. Ал ең қысқа матч 1988 жылы ойналды. Әйгілі неміс теннисшісі Штеффи Графф ақтық айқаста КСРО спортшысы Наталья Звереваны 6:0, 6:0 есебімен тас-талқан етті. Бұл кездесу небары 34 минутқа созылды.
«Ролан Гарростың» ерлер арасындағы бәсекесінде көбіне-көпИспания теннисшілері үстемдік танытуда. Бас жүлдені олар 15 рет жеңіп алды. Австралия, АҚШ, Франция және Швецияның ойыншылары Парижде 10-нан аса топ жарды. Әйелдер сайысында АҚШ арулары алдына жан салар емес. Олар 27 рет дара шықты. Былтырғы жарыстыңшешуші бәсекелері өте шиеленісті өтті. Ерлер арасында «Грунт королі» атанған испаниялық Рафаэль Надаль әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичке сан соқтырды. Есеп – 6:4, 6:3, 2:6, 7:5. Жұптық сайыста ерлерден канадалық Даниэль Нистор мен белоруссиялықМаксим Мирныйдың қанжығасы майланса, әйелдерден Италияның қос жұлдызы – Сара Эррани мен Роберто Винчидің шоқтығы биік болды. «Нәзік жандылардың» жарысында ресейлік Мария Шарапова шашасына шаң жұқтырған жоқ. Ақтық сында ол Сара Эрранидің осал тұсын оңай тапты – 6:3, 6:2. Аралас жұптар арасында Үндістанның қос өкілі – Саня Мирза мен Махеш Бхупатидің бағы жанды.
Қазақстанның теннисшілері жайында айтар болсақ, «РоланГарроста» бұл күнге дейін ешкімнің бағы жанған жоқ. Десек те, азды-кемді табыстарға қол жеткізген жерлестеріміз бар. Мәселен, еліміздің еңүздік ойыншысы Ярослава Шведова 2010 және 2012 жылдары ширек финалға дейін жетіп, біраз олжаға кенелді. 2011 жылы жұптық сайыста Шведова жартылай финалда өнер көрсетті. Әзірге ең үздік көрсеткішіміз осы. Өзге отандастарымыздың ешбірі екінші айналымнан аса алған жоқ. Осы орайда 2004 жылы Сесиль Каратанчева жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирінде жеңімпаз атанып, 2005 жылы негізгі жарыста ширек финалда күш сынасқанын айта кетуге тиіспіз. Алайда ол кезде Каратанчева Болгария құрамасының сапында өнер көрсеткен болатын. Негізі, «Ролан Гарросқа» әлемдік рейтингте 64 үздіктің қатарына енген теннисшілер еш кедергісіз қатыса алады. Одан бөлек, тағы бірнеше дарынды жас немесе ұйымдастырушылардың көңілі түскен бірқатар өрен арнайы шақырту қағазы арқылы Париждегі додада бақ сынау құрметіне ие болады. Сондай-ақ «Топ-64»-тің қатарына енбесе де, үздіктердіөкшелеп келе жатқан бірқатар үміткерлер іріктеу турнирінде күш сынасады. Солардың арасынан суырылып шыққандар да Франция астанасына ат басын бұрады.
Қазақстандықтар арасынан тек Ярослава Шведова мен ЮлияПутинцева ғана «Ролан Гарросқа» еш кедергісіз қатысу құрметіне бөленді.Айтулы теннисшілердің қазіргі қарқыны жаман емес. Ярослава әлемдік рейтингте 27-орында тұр. Юлия 105-орынға жайғасты. Екеуінің де әлеуеті зор. Тағы бірқатар теннисшілер іріктеу турнирінде шеберлік байқасқан еді. Алайда солардың арасынан тек Галина Воскобоеваның (121) ғана жолы болды. Жерлесіміз үш бірдей қарсыласын жолынан ығыстырып, жолдамаға ие болды. Бір қуаныштысы, біздің қыздардың ешқайсысы «Ролан Гарростың» алғашқы айналымында сүрінген жоқ. Атап айтсақ, Воскобоева америкалық Грэйс Минды ұтты – 4:6, 6:4, 7:5. Путинцева жапониялық Ауми Моритаға бас көтерткен жоқ – 6:2, 6:3. Шведова да АҚШ-тың тағы бір өкілі Коко Вандевечеге сан соқтырды. Бұйырса, осықыздардың біреуі «жүзден-жүйірік» шығып, үздіктер қатарына қосылса, бұл ел теннисі тарихындағы теңдессіз оқиғалардың бірі болатыны анық. Биылғы жылы «Ролан Гарростың» жүлделік қоры 22 миллион евронықұрағанын жоғарыда айттық. Тарқатып айтсақ, бас жүлдені олжалаған қос дарабоз (ерлер мен әйелдер) 1 миллион 500 мыңды қалтаға басады. Ақтықайқаста ұтылғандар жеңімпаздан екі есе кем ақшаға иелік етеді. Жартылай финалда өнер көрсеткендер 375 000 евроны еншілесе, ширек финалға шыққандар 190 000 евроны әмияндарына салады. Сондай-ақ жарыстың бел ортасында жеңілгендер немесе тұсаукесер кездесуде-ақұтылғандардың өздері несібесіз қалмайды. Мәселен, төртінші айналымға шыққандар – 100 000, үшінші кезеңге жеткендер – 60 000, екінші айналымда ойнағандар 35 000 евроны иеленеді. Ал алғашқы кездесуде-ақсан соғып қалғандардың есепшотына 21 000 евро аударылады. Жұптықбәсекеде бағы жанғандар 360 000 алса, финалистер сол ақшаның теңжартысын еншілейді. Аралас жұптар арасындағы жеңімпаздарға 105 000 евро тиесілі. Осылайша жарыс тың әр кезеңінен өткен сайын қаражат көбейе түседі. Бір сөзбен айтсақ, «Ролан Гарросқа» қатысушылар бастапқы бәсекелерде жеңіліс тапқан жағдайдың өзінде біраз пайдаға кенеледі.
Қарулы Күштерде резервистер дайындау жалғасуда
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери оқытылған резерв (жұмылдыру резервін) даярлау жөніндегі әскери жиындардың кезекті кезеңі аяқталды. Әскери міндеттілерді даярлау Қазақстанның түрлі өңірлерінде орналасқан бес оқу-жаттығу орталығында жүзеге асырылуда. 2013 жылы барлығы сегіз мыңнан астам азамат «Әскери міндеттілерді әскери оқу-жаттығу жиындарына шақыру туралы» Үкіметтің қаулысына сәйкес даярлықтан өтеді.






