Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастарды жаттықтыруымызда мін жоқ...

 

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының електік сынына дайындығын бастады. Әзіршеқұрама сапы жарияланып, ел намысын қорғайтын жас таланттар іріктелініп алынды.

Әуелі 2015 жылғы Еуропа чемпиона­тының електік сынына атүсті тоқтала кет­сек. 52 мемлекеттің жастары 10 топқа бөлін­ген. Сегіз топта – бес командадан да (3-10 топтарда), қалған екі топта – алты коман­дадан (1 және 2 топтарда).

Осы он топта бірінші орынға ие болғандар және екінші орын алғандардыңішіндегі көрсет­кіш­тері жоғары төртеуі екінші кезеңге өтеді.

Екінші електе әлгі 14 команда жере­бе бойынша жеті жұп құрайды. Осы жұп­тарда жеңіске жеткен жеті құрама Еуропа чемпионатына барады. Сегізінші команда – Еуропа чем­пионатының қожайыны Че­хия жастары.

Яғни 2015 жылғы жастар ара­сындағы Еу­ропа чемпионатының ақ­тық додасында екі сатылы сүзгіден екшеліп шыққан сегіз елдің таланттары ғана бақ сынайды.

Қазақстан жастары жоғарыда аталған 10 топтың оныншысына түскен. Қарсылас­тары – Франция, Беларусь, Армения және Исландия жастары. Сергей Боровский жат­тықтыратын жастарымыз алғашқы ой­ындарын 11 маусым күні БеларусьтіңБори­сов қаласында өткізеді.

Осы ресми ойынға дайындық жыл басынан басталған. Беларусь маманы Сергей Боровский баптайтын жастарымыз әуелі Астанада оқу-жаттығу жиынын өткі­зіп,өз еліміздегі ортаңқол екі командамен жолдастық кездесулер өткізген.

Бұдан кейін Санкт-Петербургте өткен «Достастық кубогына» қатысып, 6-орынды қанағат тұт­қан. Одан соң Түркияда оқу-жаттығу жиы­нын өткізіп, Украина мен Норвегияның екі клубымен жолдастық кездесулер өткізді.

Бұдан әрі тіпті тамаша. Мамыр айының алғашқы күндері Италиядағы әйгілі «Ми­лан» клубының базасында жаттығып, да­йындықтарын әлемдегі ең үздік стадион­дардың бірінде пысықтап қайтты. Тіпті ше­жіресі мол «Милан» клубының жаста­ры­мен кездесіп, 2:1 есебімен басым түс­кен болатын.

Енді 1-4 маусым аралығында Эстония­да, ал 5-8 маусым күндері Латвияда оқу-жат­тығу жұмыстарын жүргізбек. 9 маусым­да ғана Беларуське барып, дайындық­та­рын пысықтайтын болады.

Осы жиын ба­ры­сында 4 маусым күні Таллинде Эсто­ния жас­тар құрамасымен жолдастық кез­десу өткізу де жоспарланған.

Иә, жастарымызда арман жоқ шығар. Ұлттық федерация жан-жақты жағдай жа­сап, оларды «ойға да, қырға да» апарып бап­тауда. «Судың да сұрауы бар» демекші енді тек сенімді ақтау керек.

Жастарымызды шыңдап жүрген Сер­гей Боровский өз отандастарымен өтетін ресми ойынға мына ойыншыларды ша­қыр­тыпты:

қақпашылар – Сергей Ткачук («Шах­тер» Қарағанды), Стас Покатилов («Ақ­жайық» Орал)

қорғаушылар – Бақдәулет Қожабаев («Ордабасы» Шымкент), Саят Сариев («Жетісу» Талдықорған), Дмитрий Ми­рошниченко («Ақтөбе»), Кирилл Па­сич­ник, Игорь Пикалкин (екеуі де – «Ас­тана»);

жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан («Кубань», Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Әлібек Аяғанов («Ер­тіс» Павлодар), Бауыржан Байтана («То­был» Қостанай), Шерхан Бауыржан («Тараз»), Илья Калинин («Қайрат» Ал­маты), Александр Ульшин («Ақтөбе»);

шабуылшылар – Абзал Бейсебеков («Астана»), Станислав Лунин, Роман Мур­тазаев (екеуі де – «Шахтер» Қара­ғанды), Эльвин Аллаяров («Ертіс» Пав­лодар).

Оқу-жаттығу жиыны барысында қан­дай да бір себептермен бұлардың біріқатардан шығып қалса, онда олардың орнын резервте тіркелген ойыншылар басады:

Мақсат Әмірханов («Тараз»), Айбар Нұрлыбеков («Атырау»), Кирилл Корот­кевич («Іле-Сәулет» Өтеген-Батыр ауылы), Ярослав Бондаренко («Ордабасы» Шым­кент), Сергей Григорьев («Жетісу» Талды­қорған), Сергей Кейлер («Қайрат» Алматы).

Бапкерлер құрамы: Сергей Боров­ский – аға жаттықтырушы, Қайрат Айма­нов – аға жаттықтырушының көмек­шісі, Андрей Ферапонтов – жаттықтыру­шыныңкөмекшісі, Игорь Кулиш – қақ­пашылар бапкері.

Енді Қазақстан U-21 құрамасының 2015 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасындағы ойындар күнтізбесіне көңіл аударыңыздар:

11 маусым 2013 жыл: Беларусь – Қазақстан

11 тамыз 2013 жыл: Қазақстан – Армения

5 қыркүйек 2013 жыл: Франция – Қазақстан

10 қыркүйек 2013 жыл: Исландия – Қазақстан

10 қазан 2013 жыл: Қазақстан – Беларусь

14 қазан 2013 жыл: Армения – Қазақстан

5 наурыз 2014 жыл: Қазақстан – Исландия

2 қыркүйек 2014 жыл: Қазақстан – Франция

 
0
0
269

Осы тақырып бойынша

Жастарды жаттықтыруымызда мін жоқ... - Yvision.kz