ТМД мүше-мемлекеттердің Үкімет басшылары Минскіде ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойды
Бүгін Минскіде ТМД мүше-мемлекеттер Үкімет басшылары Кеңесінің отырысы болды. Оңаша және кеңейтілген форматта өткен келіссөздер барысында Қазақстан, Беларусь, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украинаның үкіметтік делегацияларының басшылары маңызды интеграциялық ынтымақтастық мәселелерін қарады.
