Жаңа
Билеты «Қазақстан БАРЫСЫ» и в г.Алматы!
Специально для жителей и гостей гАлматы!
В связи с большим спросом билетов на Республиканский турнир по қазақ күресі «Қазақстан Барысы» в г.Алматы открылся специализированный пункт продажи билетов.
Дополнительная информация по контактным номерам телефонов 8 701 7136908, 8727 (258-13-76).
Подробная информация на сайте www.kazakhstanbarysy.kz.
СҚО-да кәсіби велоклуб құрылады
Солтүстік Қазақстан облысында кәсіби велоклуб құрылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«СҚО әкімі Самат Ескендіров жерлесіміз, белгілі веложарысшы, Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуровпен кездесті. Кездесу кезінде облыста велоспортты дамыту мәселелері қозғалды», – деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдірешов.
Әңгімелесу барысында Солтүстік Қазақстан кәсіби велоклубын құру және Александр Винокуров атындағы спорт сарайының құрылысы туралы шешім қабылданды.
Астана күні қарсаңында ҚР Президентінің Кубогы мен Әлем кубогы үшін ат спортынан жарыс өтеді
Астана күнін мерекелеу қарсаңында елордалық «Қазанат» ипподормында 3-5 шілдеде ҚР Президентінің Кубогы мен Әлем кубогы үшін ат спортынан халықаралық жарыс өтеді, деп хабарлайды Астана күнін өткізу және дайындық жөніндегі медиа-штабы.
Алда тұрған чемпионатқа Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Украинадан елуден астам шабандоз бен сайгүлік қатысады, — деп хабарлайды ҚР Ат спорты Федерациясына сілтеме жасай отырып Астананың 15 жылдығын әзірлеу мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа тобы.
Үш күн бойы олар командалық және жеке жарыста чемпиондық атақ үшін бақ сынайтын болады.
Мекен-жайы: «Қазанат» бәйге орын, Рожденственка тас жолы көшесі,1
Сайыстар кестесі:
3 шілде 17.00 I Бағдар
«Еуразиялық Банк Кубогы» Халықаралық сайыс
«А» кестесі. Кедергі биіктігі 120 см.
Салт аттылар үш атпен өнер көрсетеді
4 шілде 11.00 II Бағдар
Халықаралық сайыстар екі кезеңнен тұрады.
«А» кестесі. Кедергі биіктігі 1 кезең- 120 см, 2 кезең- 130 см
Салт аттылар үш атпен өнер көрсетеді.
4 шілде 16.00 III Бағдар
«Ұлт Кубогы» Халықаралық сайыс, «ENRC Кубогы». Ресми командалық сайыстар. Екі кезеңнен тұратын Халықаралық сайыс. «А» кестесі. Кедергі биіктігі135 см. Салт аттылар екі атпен өнер көрсетеді.
5 шілде 11.00 IV Бағдар
«Ат спортынан MaseratiCup Азия Федерациясы Президентінің Кубогы». «А» кестесі Кедергі биіктігі- 135 см. Салт аттылар екі атпен өнер көрсетеді.
5 шілде 15.00 V Бағдар
FEIWorldCup «Бас Жүлде» Халықаралық сайысы. «ҚР Президентінің Кубогы»
Айып ұпайлары теңескен жағдайда бірінші орын үшін қарғудан жарыс өткізіледі.
Кедергілер биіктігі 140-160 см. Салт аттылар екі атпен өнер көрсетеді.
Белоруссия құрамасынан басым түстік +Бейне
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) «Еуро — 2015″ іріктеу додасын сәтті бастап, түзде Белоруссия жастарын тізе бүктірді.
Есеп — 1:0. Жалғыз голдың авторы — Бауыржан Исламхан.
Енді келесі ойынын Сергей Боровский шәкірттері 13 тамызда өз жерімізде Армения жастар құрамасына қарсы өткізетін болады. Ал 5 қыркүйекте Францияда Рафаэль Варан бастаған жігіттерге қарсы тұрады.
Алға, Қазақстан!
Белоруссия – Қазақстан 0:1
Гол: Исламхан, 51-пен.
Ескертулер: Ковалевский, 21 — Ульшин, 25. Мирошниченко, 84.
Белоруссия: Сорока, Анюкевич, Ковалевский, Клопоцкий, Сазанович, Валовик, Быков, Ковалёв, Рассадкин, Раджабов (Савицкий, 61), Пушняков (Володько, 46).
Қазақстан: Покатилов, Мирошниченко, Қожабаев, Пасичник, Ульшин (Шерхан Бауыржан, 50), Исламхан (Пикалкин, 77), Аяғанов, Қуат, Бейсебеков, Калинин, Лунин (Аллаяров, 90 +2).
11 маусым 2013 ж. Борисов қ. (Белоруссия), БАТЭ стадионы, 1 500 көрермен
Бүгін — «Мұзды жарып шыққан гүл». Телехикая (Корея, 2012 ж.).
Оқиғаның бұлайша шырмалуына кім кінәлі? «Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының жаңа бөлімі бүгін Ұлттық арнада сағат 15.55-те!
Бүгін — «Кешір мені». Телехикая (Түркия, 2011 ж.).
Ойға алғандары іске аспаған жандар енді не істемек?! Ұлттық арнада сағат 19.30-да «Кешір мені» телехикаясының жаңа бөлімі!
«Ас мәзірі».
«Қазақстан» Ұлттық арнасында - «Ас мәзірі» бағдарламасы! Телеасхана көрермендерді еврей халқының ас мәзірімен таныстырады.
«Астана» велокомандасы рейтингіде 4-орынға көтерілді
«Астана» велокомандасы әлемдік додаларда жоғарғы көрсеткішке ие болып жүр.
Осыған орай Халықаралық велиосипедшілер одағының жаңа тізімінде қазақстандық клуб өз орнын 2 сатыға жоғарылатқан. Енді «Астана» жидесін киген құрама әлем бойынша 4- орынға орналасты. Ал топ басында ағылшындардың «Скай» командасы тұр. Жекелей көрсеткіштерден қазірге швейцариялық Фабиан Канчеллараға тең келер ешкім жоқ. Екінші орында «Астана» сапындағы Винченцо Нибали болса, словак Петер Саган үздік үштікті түйіндейді. Айта кетейік, астаналық В.Нибали күні кеше аяқталған «Джиро д’Италия» жарысының бас жүлдесін ұтып алды.
Бүгін — «Келін». Телехикая (Үндістан, 2008 ж.).
Отбасы шырғалаңы «Келін» телехикаясында - бүгін Ұлттық арнада сағат 22.35-те!




