Испания қорғаныс министрі Қазақстан армиясына жоғары баға берді
Испания Корольдігінің Қорғаныс министрі Педро Моренес Эулате: Бұл менің Қазақстанға тұңғыш сапарым және Испания Қорғаныс министрінің осы елге тұңғыш сапары. Қазақстан Испания арасындағы қарым-қатынас бүгін ғана қалыптастып отырған жоқ, Испания Қазақстанға оның міндеттері мен бастамаларына әрқашан қолдау көрсетіп келеді және біз бұл қарым-қатынастарды осы өңірде тұрақтылықты сақтаудағы маңызды мәселе деп санаймыз. Бұл табысты қарым-қатынас президент Назарбаев пен Испания королі Хуан Карлос І арасындағы өте жақсы достықтың арқасында қалыптасып отыр. Мен бұл елдің соңғы жылдар ішіндегі дамуынан үлкен әсер алдым және Қазақстан осы өңірдегі көрші елдер үшін үлгі әрі қозаушы күш бола алады деп санаймын. Мен Мадридте президент Назарбаевтың Испанияға ресми сапары кезінде Министр Жақсыбековпен тан…


Кеше кешке, 10 маусым күні Астанаға алғашқы ресми сапарымен Испания Қорғаныс министрі Педро Моренес Эулате келді. Әуежайда Испания Корольдігінің Қорғаныс министрін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев күтіп алды.