ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Белоруссия құрамасынан басым түстік +Бейне

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) «Еуро — 2015″ іріктеу додасын сәтті бастап, түзде Белоруссия жастарын тізе бүктірді.

Есеп — 1:0. Жалғыз голдың авторы — Бауыржан Исламхан.

Енді келесі ойынын Сергей Боровский шәкірттері 13 тамызда өз жерімізде Армения жастар құрамасына қарсы өткізетін болады. Ал 5 қыркүйекте Францияда Рафаэль Варан бастаған жігіттерге қарсы тұрады.

Алға, Қазақстан!

 

Белоруссия – Қазақстан 0:1

Гол: Исламхан, 51-пен.

Ескертулер: Ковалевский, 21 — Ульшин, 25. Мирошниченко, 84.

Белоруссия: Сорока, Анюкевич, Ковалевский, Клопоцкий, Сазанович, Валовик, Быков, Ковалёв, Рассадкин, Раджабов (Савицкий, 61), Пушняков (Володько, 46).

Қазақстан: Покатилов, Мирошниченко, Қожабаев, Пасичник, Ульшин (Шерхан Бауыржан, 50), Исламхан (Пикалкин, 77), Аяғанов, Қуат, Бейсебеков, Калинин, Лунин (Аллаяров, 90 +2).

11 маусым 2013 ж. Борисов қ. (Белоруссия), БАТЭ стадионы, 1 500 көрермен