СҚО-да кәсіби велоклуб құрылады
Солтүстік Қазақстан облысында кәсіби велоклуб құрылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«СҚО әкімі Самат Ескендіров жерлесіміз, белгілі веложарысшы, Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуровпен кездесті. Кездесу кезінде облыста велоспортты дамыту мәселелері қозғалды», – деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдірешов.
Әңгімелесу барысында Солтүстік Қазақстан кәсіби велоклубын құру және Александр Винокуров атындағы спорт сарайының құрылысы туралы шешім қабылданды.

