ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ақтау гарнизонында Елбасы Жолдауы іске асырылуда

Бұған дейін Ақтөбе, Атырау әскери гарнизондарында Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шараларын ұйымдастыру, төл Қарулы Күштеріміздің оң беделін арттыру және қоғамда әскери қызметті насихаттау, Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру үшін Қорғаныс министрлігінде құрылған кешенді ақпараттық-насихат тобы кеше кешкісін Ақтау қаласына келіп жетті.

   

Кешенді ақпарттық-насихат тобына Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов жетекшілік ететіндігін еске саламыз. Насихатшылар бүгін өз жұмысын «Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жая әскерлері бригадасынан бастады. Аталған бригада еліміздің Батыс өңіріндегі әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды орын алатын жауынгерлік құрылымдардың бірі.

   

Бүгінде таңдаулы әскери күшке айналған теңіз жаяу әскерлері күнделікті оқу-жаттығуларда жауынгерлік шеберліктерін шыңдай түсуде. Бөлім әскери қызметшілері бүгінгі Қарулы Күштердің қуатын жоғары бағалап, Отанымыздың тыныштығын қорғауға қабілетті екеніне күмәнсіз қарайды. Бөлімде Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблінің күшімен ұйымдастырылған шағын концерт жауынгерлер рухын асқатата түсті.

   

Кешенді топ басшылығы осы гарнизонда орналасқан басқа да әскери бөлім командирлерін тыңдап, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұрмыс тіршілігімен танысты. Кешенді топтағы Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері тұрғын үйлер мен жатақханаларды, казармалар мен асханаларды аралап жергілікті жағдаймен нақты танысты.

   

Түстен кейін Қорғаныс министрлігі Орталық ансамлі Ақтау қаласындағы Абай атындағы Орталық мәдениет үйінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне, ардагерлер мен басқа да қала тұрғындары үшін әскери-патриоттық рухтағы концерт ұйымдастырды.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі