Мазмұнға өту

Жаңа

Әуе қорғанысы күштерінде ұшу жаттығулары өтуде

Алматы авиабазасы әскери авиациясының ұшу құрамы Ми-26, Ми-17 әскери-транспорт ұшақтарымен ормандағы өртті өшіру жөніндегі жаттығуларға кірісіп кетті.

Ұшқыштар жаттығуларды таулы аймақта және жазық жерлерде «Бэмби» су төккіш қондырғысын пайдалану арқылы пысықтауда. Олармен қатар өз елімізде құрастырылған отандық «Еврокоптер» тікұшақтары да ұшу жаттығуларын бастап отыр. Экипаж жаралыларды қауіпсіз аймаққа көшіру, сондай-ақ жеке құрамды тасымалдау жұмыстарын іске асыруда.

Майдандық авиацияның ұшқыштары да әріптестерінен тыс қалыс қалмай оқу-жаттығу жұмыстарын жалғастыруда. Су-27 және МиГ-29 жойғыш ұшақтарының ұшу топтары өз тәжірибелерін жетілдіруде. Алматы облысының «Қызылағаш» полигонында талдықорғандық және жетігендік авиабазаның тәжірибелі кәсіби ұшқыштары арнайы нысаналарға ракеталармен, бомбалармен шабуыл жасауда. Ұшқыштар әуеде әртүрлі жаттығулар жасап, алыстан және жақыннан ұрыс салу қимылдарын көрсетуде.

Қысқаша айтқанда Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдерінде оқу-жаттығулар жауынгерлік  дайындық бағдарламасының жоспары бойынша аптасына үш рет жоғары қарқынмен жүргізілуде.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
408

Зарқын Тайшыбай: Абылайхантану

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, абылайтанушы, тарихшы, журналист Зарқын Тайшыбай жақында Алматыда іс-сапармен жүріп, «Екпін» журналына арнайы сұхбатын берген болатын.

Абылайтануға қалай келдім

Мен қазақ және орыс журналистикасының тарихын зерттеушімін. Сонау 1970 жылдан бастап «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаятын» зерттегенмін. Ол газеттерді зерттеу бақыт екендігін енді түсініп жатырмыз. Өйткені Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың алғашқы публицистикалық, журналистік еңбектерімен архив құжаттары арқылы танысу ол кезде әркімнің басына бұйыра бермейтін еді. Мысалы, «Дала уалаяты» газетінің редакциясының мұрағаты осы біздің Алматыдағы Орталық архивте жатыр. Осы уақытқа дейін оны кім көрген-көрмегенін білмейміз. Сол кезде Қорабай Жапанов, Асылқожа Құрманбаев, Рақымжан Дүйсенбаев, Райымжан Мәрсеков, Жақып Ақбаев, Айдархан Тұрлыбаев сынды алғашқы журналистеріміз Петерборда оқып жүріп, бір-біріне жазған хаттарын осы жерден оықыдық. Содан кейін қызыға келіп сол кездегі Қазақстанның астанасы деуге тұрарлық далалық-губернаторлықтың кеңсесі Омбыға баруды мақсат тұттым. Омбыға жыл сайын жазғы демалыста (ол кезде қазіргідей қаржыландыру деген жоқ, өз қаражатыммен) алғашқы кездері әуесқойлықпен Омбыны зерттедім, оның бір шеті Ленинградқа қарай кетті. Сол әуесқойлықпен 80-жылдарға дейін жүрдім.

Мұрағаттағы құжаттарды зерттеу барысында Омбыда Петр І ескерткішінің жанында «Ресейдің тарихы мұрағатынан» мен Ыбырай Алтынсариннің қазақша газет шығармақ болып жазған өтінішін және алғашқы газеттің макетін жасап, соған жазған материалдарының құжаттарын тапқан болатынмын. Оны мен ол кезде ала-алмадым. Ал қазір ол мұрағаттың қай қорында, қай тізбесінде жатыр деген мәліметтер менде жоқ. Оны мен келешек ұрпаққа аманаттаймын. Қазіргі жастар шын талпынса, соларды ала-алатындығын білемін.

Енді сол архивтерді қарап жүргенде қазақтың ескі тарихына қарай 1800 жылдан әрі қарай қарастырған кезде Кеңесары да кездесті, Абылай хан да, өзгелері де кездесті. Ол кезде ол тұлғаларды қарастыру қылмыспен бірдей болатын. Сонда әуесқойлық тұрғыда және Ресей архиві адамдарының біздің қазақ хандығының тарихы туралы сауаты нашар болғандықтан, біздің тарих жайындағы мәліметтерді сонда отырған маған береді, мен реттестіріп, қарап жүрдім. Сонда Абылай ханға байланысты құжаттарды, жалпақ тілмен айтқанда, тіпті ұрлап алып, қалтама жасырып жүрдім.
Одан кейін Тәуелсіздік алдық, Тәуелсіздік алғаннан кейін жұрттың бәрі Абылай хан, Кеңесары, Мағжан деп, оның артынан Бөкейханов, Байтұрсыновтарды шығара бастады.

Сол кезде 2004 жылы 9 шілде күні Көкшетауда Бурабай көлінің жағасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абылай ханға арналған зәулім ескерткішті ашып тұрып, Абылай ханның тарихтағы орнын айта келе: «2003 жылды біз Қазақстан тарихы жылы деп жариялаған едік. Осыған байланысты мен Ресейдің мықтыларымен кезігіп "Тамаша адамдар өмірі" ("ЖЗЛ") сериясынан Абай мен Абылай ханды шығарып беріңдер дегенмін. Содан қанша уақыт өтсе-дағы әлі біреу қолыма бір жапырақ қағаз берген жоқ. Неге соларды өздерің зерттемейсіңдер? Абылай ханның атақ-даңқы жер жарады, бірақ аңыз-әңгіме, дастан түрінде ғана. Ал маған Абылай ханның адам ретінде кім болғандығын беріңдерші» деді. Бұл айтқаны бүкіл Қазақстанның барлық тарихшыларына, басқа да оқытушыларына аманат сияқты болып көрінді. Сол кезде маған ой түсіп, сол жылдың жазынан бастап қарқынды түрде жұмыс істеп, 2004 жылдың аяғында 500 беттік тек қана таза құжаттардан тұратын «Абылайхан» деген кітап құрастырдым. Оның ішінде жарияланғаны бар, жарияланбағаны бар, үстіне өзім қосқан 60 беттей құжаттары бар бұл қызыл кітап әуелі 2000 данамен, артынан 10 000 данамен қайта басылып шығып бүкіл Қазақстанға тарады. Қазір еліміздің бірталай кітапханаларында, жоғарғы оқу орындарында бар. Бұл кітаптың Абылайтануды ғылым ретінде қалыптастыруға кішкентай болса да, өз үлесін қосты деп есептеймін.

Абылай хан және Шоқан

Абылайхантану ғылымы дегенде оның ең басында Шоқан Уәлихановты айтамыз. Сонау 1850 жылдары өзі оқымысты, талантты адам халықтың тарихына ден қойып, қолы тиген кезде Омбының архивін қараған екен. Бұл жөнінде Потаниннің берген куәлігі бар. Сол архивте Шоқан Абылай ханға байланысты біраз материалдар жинапты. Алдында құжат түрінде жинап жүрген Шоқан оқымысты ретінде Ресей географиялық қоғамының толық мүшесі атанып, Патшаның қолынан марапатталғаннан соң оған энциклопедия үшін мақала жазу тапсырылған. Қазіргі кезде бәрімізге таныс «Абылай хан» деген мақаланы Шоқан тапсырыспен жазған екен. Мен ол мақаланың құндылығын, Шоқанның жазған деректер қажеттігін жоққа шығармаймын. Алайда, біріншіден, ол мақала қанша айтқанымен асығыс, әрі тапсырыспен жазылған. Екіншіден, Шоқан ол кезде жас жігіт, әскери қызметте жүрді. Ол біз сияқты отырып, арнайы тапсырмамен асықпай жазған емес. Сондықтан оның ішінде біраз ұшқырлықтар кеткен. Архив құжаттары бар, содан кейін сол заманда ізі өше қоймады, дегенмен, Абылай хан қайтыс болғаннан кейін 70 жылдан соң жазылған еңбек. Елден сұрағаны бар, әкесінен сұрағаны бар, өзге де қарттардан сұраған шығар. Ел аузынан жинағанын мақала етіп жазған.

Сондай-ақ Абылай туралы жазған мақаласы «Орыс тарихында Сібір ханзадасы Абылай деген кездеседі» деп Шоқан кішкене шатыстырып алған. Ол Сібір ханзадасы деп атаған Абылай — Абылай ханның атасы. Мен оны дәлелдедім, әлі де дәлелдей түсемін. Ол кезінде Царевич Абылай деп аталған. Оны енді Көшім ханның немересі деп атайды. Ол кім болса да, өзіміздің білетін Абылайға орыстар царевич деген атау қоймаған.

Одан кейін Революциядан бұрын ХІХ ғасырда Красовский, Левшин деген сияқты оқымыстылар Абылай ханды зерттеймін деп емес, қазақ даласының, ол кезде қырғыз-қайсақ, одан кейін қырғыз даласы деп аталынып, Ресейдің отары болған мемлекетті тәптіштеп зерттеу керек, түсіну керек екендігін білген. Осыған байланысты жазған зерттеулерінде олар еріксіз Абылай хан жайында айтып отырады. Ол зерттеушілер Абылай ханның есімін жақсы көргендіктен немесе оның еңбегін бағалағандықтан емес, ХVIII ғасыр ол — Абылай ханның ғасыры. Алғашқы ширегінде Абылай хан жас болса, одан кейін 1780 жылы қайтыс болғанға дейін Абылай хан Орталық Азия мен бүкіл Қазақстанның тарихында үлкен орны болғандықтан осы уақытқа дейін сақталып қалған Ресей мұрағаттарының кез келген жерінен Абылай хан кездесе кетеді.

(Жалғасы бар)

Жазып алған: Айнұр Ракишева


Редакцияның рұқсатынсыз материалды өзге сайттарға көшіруге жол берілмейді

5
0
2180

Евгений Евстафьев — Азия чемпионатының қола жүлдегері

 

Кеше, Азия чемпионатының үшінші күні ерлер арасында 85 келі салмақ дәрежесіндегі бәсеке өтті.

Бұл салмақта Евгений Евстафьев пен Ербол Мейірманов бақтарын сынады. Евгений жалпы есепте 341 келілік зілтемірді бағындырып, Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді. Ал Ербол өкінішке орай, өз мүмкіндігін көрсете алмады. Бұл салмақта бірінші орынды иран ауыр атлетшісі Сураб Моради алса (358 кг), екінші орынды ирак спортшысы Әл-Джумаили Сафа (351 кг) еншіледі.

 
0
0
425

Қанат Ислам: «Осы кемшілігім болмаса...»

 

– Елден кеткен соң, бiрден өзiмнiң салмағымда әлемдiк рейтингте 12-орындағы боксшыға ұсыныс жiбердiм. Бiрақ ол бас тартып қабылдамады. Егер мен соны жеңiп, 12-сатыға шықсам, чемпиондық белбеуге таласуға мүмкiндiк туады. Бiз бұл жоспарды күзде жүзеге асыруға ниеттіміз.

Қанат Ислам кәсiпқой боксқа ауысып, әуесқойлар арасында жүрiп бөктере алмаған жетiстiктi кәсiпқой бокстанөңгермек. Миллиардтаған Қытай мемлекетiнiң туы астында бiрнеше жыл бәйгеге түскен саңлақ 2008 жылы Бейжiңолимпиадасында қола жүлде олжалаған соң, елге оралған. Бiрақ өзiмiзге келгенде тарыла қалатын азаматтық мәселесiқолбайлау болып, 2011 жылы Баку қаласында өткен әлем чемпионаты мен былтыр Лондонда болған Олимпиада ойындарына Қанат Қазақ елiнiң атынан қатысу құқығынан айырылды. Әуесқойлар арасында сая таппайтынын бiлген боксшы ақыры кәсiпқой боксқа ауысып кеттi. Нәтижесi де жаман емес. Жақында елге келген Қанатпен сұхбаттасып, болашақтағы жоспар-жобасын бiлдiк.

– Бұл жолы АҚШ-қа екiншi қайыра бардың. Былтыр “кәсiпқой боксқа келгенде анадан жаңа туғандай күй кешiп, боксты кеше бастаған бала секiлдi қобалждым” деген едiң. Екiншi рет көзiң деүйренiп, көңiлiң де орныққан шығар?

– Ақпан айының соңында АҚШ-қа аттанып, керi қайтқанға дейiнгi аралықта бес кездесу өткiздiм де, бәрiнде жеңiске жеттiм. Алғашқыдай емес, төселiп қалдым. Тұрмыс-тiршiлiгiне де қалыптастым.

– Кәсiпқой боксқа келгелi оннан аса жекпе-жек өткiздiң. Бәрiн де уақытынан бұрын тоқтатып келiп едiң. Бұл жолы эквадорлық боксшымен 9 раунд бойы айқасқан екенсiң. “Ұзаққа шапқан” ауыр соқпады ма?

– Расында да, өзiмнiң 12 раундтық жекпе-жектерге қаншалықты шыдас беретiнiмдi тексерiп көрдiм. Бiрақ ауыр болды. Өйткенi бiздiң жекпе-жегiмiз Эквадорда өттi. Негiзi кездесу бұл спортшымен емес, колумбиялық боксшымен өрбуi тиiс едi. Мен соған қарсы әзiрлiк жүргiзiп барған едiм, бiр апта уақыт қалғанда қарсыласымның өзгергенiн айтты. Сонша жерден келгеннен кейiн, қаншама дайындық желге ұшпасын депқатыспаққа бел шешiп, эквадорлық боксшымен жекпе-жекке шықтым. Жарысқа дайындалып барып, сайысқа түспеу жүйкеге орасан салмақтүсiредi, ал егер қарсыласыңды өткел үстiнде айырбастап, өзгесiн шығарса, одан да қиын. Колумбиялықтың бойы ұзын болды да, мен соған сай дайындықты пысықтағам. Ал маған бейтаныс эквадорлық боксшы тым тапал. Осы жағы да ауыр соқты. Бұрын әр жекпе-жектi мерзiмiнен бұрын аяқтап қойып, алаңсыз демалып жүрген мен осы жолы да солай болар деп топшылаған едiм. Керiсiнше, тапал қарсыласым менi бiраз састырды. Эквадор тауда орналасқан мемлекет болғандықтан тез шалдығып қалдым. Тiптi үшiншi, төртiншi раундта шаршап, ентiгiп кеттiм. Алғашқы айналымда сiлейте екi рет соғып жiберiп едiм,қарсыласым қорғана қашып, менi титықтатты. 7-раундтан кейiн ғана екiншi тынысым ашылғандай болып, 8-раундта нокдаунға түсiрдiм. 9-раундта төрешi жекпе-жектi тоқтатып, жеңiстi маған бердi.

– Бiрнеше раунд жұдырықтасып, “қолтығыңды сөгiпсiң”, кем тұсыңды байқадың ба?

– Әрине, бапкерлерiм де менiң тым асығыс қадам жасайтынымды айтып жүр. Кейде өзiм де бiр соққымен “жер жастандырғым” кеп сабырсызданып кетемiн. Әрбiр жекпе-жекке шығарда адам өзiн тек 1-раундқа ғана емес, 12-раундқа дейiн шыдаймын деп әзiрленiп келуi қажет екен.

– Нельсон Лопестiң промоутерлiк компаниясында жүрсiң. Өзге елдерден ұсыныс жасағандар болмады ма?

– АҚШ-тың өзге компаниялары уәденi үйiп-төгiп өздерiне тартты.Қытайдан да шақыртулар жiберiптi. Бәрiн екшеп қарап, бiз алға қойған мақсатқа жетпейiнше, мұндай мәселенi ысырып қоюды шештiк. Өйткенi мен осы компаниямен келiсiм жасағанда әлем чемпионы атануды көздедiм.

– Кәсiпқой бокстың әр тұжырымы бойынша чемпиондықатаққа қашан таласуға мүмкiндiк туады?

– Ақпан айында елден кеткен соң, бiрден өзiмнiң салмағымда әлемдiк рейтингте 12-орындағы боксшыға ұсыныс жiбердiм. Бiрақ ол бас тартыпқабылдамады. Егер мен соны жеңiп, 12-сатыға шықсам, чемпиондықбелбеуге таласуға мүмкiндiк туады. Бiз бұл жоспарды күзде жүзеге асырсақ, онда маған чемпиондық атақ үшiн жекпе-жек өткiзуге жол ашық.

– Отбасыңды алып кетпек екенсiң.

– Иә, өйткенi бiр бүйрегiң жанұяңды ойлап, тартады да тұрады екен. Көңiл алаң болса, iсiң де өне бермейдi ғой. Сол себептi ораза айы өткен соң, отбасымды өзiммен бiрге АҚШ-қа алып барамын.


 
0
0
546

БАҚ қызметкерлерінің арасында волейболдан өткен алғашқы турнир аяқталды

Журналистер күніне орай БАҚ қызметкерлерінің арасында волейболдан өткен алғашқы турнир аяқталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Әйелдер арасында өткен турнирге 2 команда қатысты. Олар — жарысты ұйымдастырған «Қазконтент» АҚ акционерлік қоғамының құрамасы мен «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігінің командасы. Кубок турнир чемпионы – «Қазконтент» АҚ құрамасына бұйырды. Олар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші орынды сәйкесінше «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігінің командасы иеленді.

 


 
0
0
302

16 тур: «Ақтөбе» қара үзіп кетті

 

Кеше футболдан Қазақстан премьер лигасының 16 тур ойындарыөтіп, біріншілік көшбасшылары арасындағы ұпай айырмашылығы арта түсті.

«Ақтөбе» — «Астана» 2:1

Голдар: Кападзе 15, 1:0, Кападзе 17, 2:0, И. Қуат 54, 2:1

Турдың орталық матчына баланған кездесу Ақтөбеде өтті. Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионға жиналған жанкүйерлер тартысты ойынға куәболғанына сөз жоқ.  Көш басындағы қос команданың арасындағы мачт біраз нәрсенің түйінін шешкендей. «Ақтөбенің» өзбекстандық легионері Тимур Кападзе соққан қос гол елордалық команданың еңсесін басып тастады. Ал, «Астана» тарапынан Исламбек Қуат көзге түсті. «Астана» жеңілсе де, қазақ баласының гол соққаны көңілімізді көтеріп тастады.

«Ордабасы» — «Тобыл» 1:0

Гол: Юнузович 16, 1:0

Бүгін «Ордабасы» ерледі. Қашанда ел чемпионатындағы фавориттер қатарына кіретін «Тобылды» өз алаңында жеңіп кетті. Жалғыз голды соққан – Юнузович.

«Шахтер» — «Атырау » 3:2

Голдар: Джидич 8, 1:0, Тәжімбетов 50, 2:0, Чуреев 59, 2:1, Зенькович 74, 3:1, Нұрыбеков 81, 3:2

Голға бай болған кездесу Қарағандыда өтті. Чемпионат басталарда жүрісінен жаңылған «кеншілер» клубы өз күшіне қайтадан мінген сыңайлы. Қарсыласқақпасына 3 гол соқты. Бір голды Қазақстан құрамасына шақырылмай қалған Дәуренбек Тәжімбетов өз еншісіне жазды. Бірақ, турнир кестесінің бел ортасында жүрген «Атырау» да қарап қалмады. Батыстық командаға таразы басын теңестіруүшін бір гол жетпей қалды.

«Ертіс» — «Жетісу» 0:1

Гол: Саломов, 94

Ертіс жағасындағы тең ойынның тағдыры Саломовтың жалғыз голымен шешілдік. Біріншілікте ала-құла ойнап жүрген «Жетісу» үздік ұжымдардыңбірінен ұпай алып кетті.

«Восток» — «Тараз» 1:0

Гол: Ньянг

Арно Пайперс баптайтын «Тараздың» шығысқа сапары сәтсіз болды. Биыл элитаға қайта оралған «Восток» көшбасшылардың өзін сүріндіруге қабілетті «Таразды» жолдан тайдырды. «Восток» ойыншылары бұл жеңісін биыл жыл басында бақилық болған Серік Жейлітбаевтың рухына бағыштапты.

Оралда өткен «Ақжайық» пен «Қайрат» арасындағы матч тең аяқталды.


«Алаш Арена»


 
0
0
514

Самый ожидаемый сериал 2012 года! «Сезім мен сиқыр» с 24 июня в 16:40!!!

Путешествие во времени - это всегда интересно, но гораздо интересней найти свою любовь в прошлом - полюбить настоящего воина времен династии Корё...

Мужественный и смелый начальник службы охраны короля Чхве Ён отправляется искать чудо-целителя Хвату, способного излечить любую болезнь. Целитель должен помочь больной принцессе, от которой зависит мир и благополучие страны и народа.

 

По сюжету во время поисков лекаря Чхве Ён неожиданно попадает в современную Корею, где влюбляется в очаровательную девушку по имени Ю Ын Су. Как оказалось, Ю Ын Су является специалистом в области пластической хирургии, и теперь ей предстоит вылечить принцессу и спасти страну...

http://www.astanatv.kz/program/index/id/180.html

0
0
820

Түсініксіз оқиға 1

Бүгін мен өзімнің досымның әжесінің басынан өткен оқиғаны естідім. Қайран қалдым. Соны енді осы жерге өз блогымда жазайын деп шештім.

Досым өзінің "Қасқыр" әулиетінен тарағаның бүгін білді. Мен де, досым да сенбедік. Қандай қасқыр? Мүмкін тышқан шығар деп келемеждеп отырғанбыз. Бір кезде әжесі айтты "мен сендерге болған оқиғаны айтып берейін".

Сол әженің негізінде 3 баласы бар. Әженің әнгімесі:

Менің шын мәніне келетін болсақ 4 балам бар.

Біз: 4-ші балаңыз қай жақта?

Әже: Асықпай тыныш тыңдандар.

Мен алғашқы баламды 4 жасында кәдімгі есік алдағы құмға отырғызып қойғанмын. Сыртынан қарап отырамын. Күніге солай болатын. Бір күні балам ойнап жатқан, мен үйге шәй қойып, тамақ ысытуға кірдім. Көп емес 5-10 минуттай уақыт өтті. Сыртқа шықсам балам жоқ. Ары іздедім, бері іздедім. Бірақ, таба алмадым. Ол кезде біздің ауылға жиі қасқыр шабатын. Содан кейін қасқыр оны істеген деп содан көрдім. Басқаша мүмкін емес. Орнында отқан бала жоғалмайды ғой. Бір күні үйге ауылдағы көріпкел әйел бар еді, сол келді. Шәй беріп отырған кезде, маған жаман көзбен қарады. Сосын айтты сенің әулиетің қасқыр, бірақ қасқыр саған жаман көзбен қарап қалды. Мен сұрадым не үшін? Бақсы айтты себебі сен өз балаңның жоғалғаның қасқырға жауып жібердің. Ал негізінде оны қасқыр емес істеген. Егер маған сенбесең бір жарым жылдан соң дүниеге тағы да бір балаң келеді, соны қасқырдың үңгіріне апарып жатқызып қойып кетіп қал. Аңды, егер қасқыр сенің балаңды жесе демек сенің бірінші балаңды да сол жеген, ал егер жемесе демек оны істеген қасқыр емес деген сөз деді. Дәл солай болды. бір жарым жылдан соң өмірге екінші балам келді. Бірақ, қай ана өз баласың қасқырдың үңгірінің алдына тастайды? Көршімнің баласың (8 айлық) апарып тастадым. Сосың сыртынан аңдып тұрдым. Біраз уақыттан соң қасқыр шықты. Баланы иіскелеп тұрды. Содан соң мен жаққа қарады. Мен алыс жерде тұрғанмын. Сол қараған көздерімен "көршіңнің баласын әкеліп ұялмайсың ба, мен сенің әулиетінмін және мен емес сенің баланды ұрлап әкеткен" дегендей болып тұрды. Ішке қайтадан кіріп кетті. Ертесіне өз баламды (2 айлық) апарып үңгірдін алдына қойып алыстан қарап тұрдым. Қасқыр қайтадан шықты. Бұл жолы иіскеген жоқ, бірден балаға жабысып, киімінен көтеріп алды. Мен ішімнен бекер әкелдім деп жылаудын аз ақ алдында тұрдым. Бірақ, қасқыр баламмен бірге үңгіріне кірген жоқ, керісінше маған қарай жақындап келе жатты. Қорықтым. Бір 10 қадамдай жерге келген кезде қасқыр баламды жерге қойып маған қарады. Сол қарағанымен "қанша рет айтам мен емес ұрлап әкеткен" дегендей болды. Содан соң жүгіріп үңгіріне кіріп кетті. Содан бері мен әулиетімнің қасқыр екенің білдім.

Осымен әже аяқтады.

Досым екеуміз аң-таңбыз. Шың ба? Өтірік па?

Бір Алла біледі...

0
0
977

Ержан Алашпен бірге оқимыз

9_n

"Просто хобби" замануи кітап дүкені "Бірге оқимыз" деген жобаны жүргізіп келеді екен. Мұндай замануи үрдістің қолға алынуы қоғамның интеллектуалды және рухани дамуына үлкен серпін беретіні анық. Ендеше, осындай жобаға қонақ болып келу мен үшін үлкен құрмет.

Алдымен өзімді таныстыру керек екенмін. Менің атым Ержан. Атыраудағы бір компанияда шығын консультанты болып істеймін. Айқап.кз ақпараттар порталының редакторомын. Мамандығым экономист. Атырау қаласында туғанмын.

Сүйікті кітаптарым көп. Оның бәрін айтуға уақыт жетпес, оның үстіне кітапты айтпайды, кітапты оқиды. Бірақ осы күнге шейін адамзаттың бүкіл кітабын сарапқа салған талай рейтингтер шықты. Соған көз жүгіртсеңіз көпшіліктің қай кітапты оқимын деп бас қатыратыны белгілі. Осындайда кітап сүйер қауым біреудің кеңесіне жүгінеді. Әрине әр адам өзінің талғамына сай кітап таңдайды.

Менің бірнеше сүйікті жазушым бар. Олар Бердібек Соқпақбаев, Мұхтар Әуезов, Мұхтар Мағауин, Шыңғыс Айтматов, Джек Лондон, Чарльз Диккенс, Теодор Драйзер. Ал ең сүйікті шығармам Джек Лондоннын "Мартин Иден" романы. Өзгеге қайдам, бұл шығарманы мен оқи берем, оқи берем. Оны жылына екі рет оқып тұру мен үшін әдетке айналып кеткен. Оның өзге де шығармалары өзінің интеллектуалды дәрежесімен және адамға тән жақсы мінездерді суреттеумен ерекшеленеді.

Әр адамның өзіне тән дүниетанымы бар. Сол дүниетанымына елеулі өзгерістер әкелетін бірден-бір ақпарат көзі - бұл кітап. Егер менің дүниетанымыма қандай кітаптар әсер етті десе, мен ойланбастан 5 кітаптың атын атар едім. Осы кітаптарды ұзын-сонар қылып сөйлеп тауысқанша, осы жерге жаза салуды жөн көрдім. Кімнің уақыты бар, сол оқиды.

Алдымен 4 сыныпта оқып жүрген кезде оқыған "Балалық шаққа саяхат" деген кітап өзін ұмыттырмай қойды. Авторы қазақтың біртуар классигі Бердібек Соқпақбаев. Кітап аты балалар әдебиетіне тән болса да, бұл кітапты бәрі оқиды. Бұл кітаппен мен есейіп кеттім. Өмірдің мәні де, сәні де балалық шақтың шуақты күндерінен басталады. Десек те адамзат ғұмырында балалық шаққа ие болмаған талай бала болған. Соның бірі - Бердібек атты бала. Болашақ қазақтың даңқты жазушысы. Оның қиын да, қызықты балалық шағы кітап болып, шынайы түрде қағазға түсті. Дейтұрғанмен баланың аты бала, ол ересектер сияқты қиын тағдырды өмірдің фәлсафасына ұластырмайды. Сол себептен қиын өмірді балаға тән көзқараспен қабылдап есейіп кетті. Кітап күлдіртеді, жылатады. Шынайылығымен қызықты.

Әсер еткен екінші кітапты роман немесе повесть деп айту қиын. Дүйім жұрт Ыбырай Алтынсаринді біз білетін ұғымдағы жазушы деп қабылдамайды. Бірақ Алтынсарин шығармашылығы қалың елді ұйқысынан оятқан керемет құнды дүние. Оның өлеңдері, әңгімелері, хаттары бүгін де өзекті шығармалар болып табылады. Менімше Алтынсарин қазаққа келген құдды білім мен жаңару Пайғамбары секілді. Оның қазақ қоғамында қалыптастырғысы келген ойлары мен идеялары өнерпаздық пен жасампаздық алғышарттары іспеттес. Сонымен қатар ол өз идеяларын іске асырған тұлға. Егер оның айтқан сөздеріне сол қазақ қоғамы біліми деңгейде дайын болғанда, қазақ қоғамынан талай Генри Форд, Эндрю Карнеги, Стив Джобс, Ларри Эллисон сияқты тұлғалар шығар еді. Әлі де кеш емес. Ыбырай Алтынсарин ойлары бүгін де маңыздылығын жоғалтпаған ілім екеніні назар аудару керек. Қоғам өзіне ой салу керек.

Қатты әсер еткен үшінші кітап Сәкен Жүнісовтың "Заманай мен Аманай" шығармасы. Зұлмат жылдары артына қалың елін ертіп, Қытай асқан қазақ қызы Балзия, қартайған шағында өзін ұрпақ алдында кінәлі санап, қайткен күнде де немересі Аманайды Aтамекеніне жеткізуді мақсат етеді. Әжей мен баланың Атажұртқа оралуы мен сол заманның қоғамын суреттеп берген Сәкен Жүнісовтың шеберлегіне бас иіуден басқа лаж жоқ. Бұл кітаптан соң менің ұлтжандылығым өзінен-өзі оянып кетті. Қанша зар-заманды басымыздан өткердік. Осы жайлы Балзияның шытырман өмірі сыр шертеді.

Мартин Иден

Төртінші кітап дүниетанымымды жерден алып, жерге салды. Төңкерді, қақты, бұрды: әйтеуір дегенін істеді. Ойларым өзгерді деп айтпаймын. Керісінше беки түсті. Мен Джек Лондонды қатты сүйемін. Алдымен жазушы ретінде емес, адам ретінде. Өмірдің барлық соқпақтарынан мың сүрініп, мың тұрып өткен Джектің өмірі  азаматтық болмыс пен қайтпас мінезден қалыптасқан. Өмірінің жеңісі де, жемісі де, осы болмыстың нәтижесі. "Мартин Иден" шығармасын айтудың қажеті жоқ. Оны оқырман өзі оқысын.

Терең әсер еткен бесінші кітап экономикалық және әлеуметтік ойларыма тұспа-тұс келді. Кітаптың авторы неміс экономисті - Сильвио Гезель, кітаптың аты - "Табиғи тәртіп". Кітап экономика ғылымында революция жасады. Бірақ мэйнстримге қарсы келді. Сол себептен бізге белгісіз күштер осы экономикалық тәртіптің өмірде орын алуына жол бермеді. Десек те, өмір бір қалыпты тұрмас, адам да бір деңгейде қалмас. Мен сенемін, адами құндылықтар адам өмірінің тәжіне айналғанда, Сильвио атамыздың айтқандарын қоғамдар жарыса орындайды! Мен сияқты экономисттер де бөркін аспанға атар. Қуанып, шат-шадыман күй кешерміз. Әзірге бізге оның кітабын оқу парыз болсын.

Осымен сүйікті кітаптарымды тізбектеп шықтым.

Ал кездесуде мен 2 кітапты ауызша таныстыруға ынтамын. Біріншісі, 20-ғасырдың жасампаз, феномен тұлғасы Стив Джобстың өмірінен сыр шертетін биографиялык кітап болса, екіншісі классик Чарльз Диккенстің "Дэвид Копперфильд" романы.

Кездескенше күн аман!

0
0
1077