Қаржы полициясы Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығын қамауға алды
2013 жылғы 18 маусымда Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы А.Ысқақбеков пен оның орынбасары Л.Кимге қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Олар мемлекеттік сатып алу бойынша тендерді өткізу кезінде қызметтік лауазымдарын асыра пайдаланып, мемлекет және кәсіпкерлер мүдделеріне нұқсан келтірген. Тергеуге сәйкес Ысқақбеков кейбір кәсіпкерлерге артықшылық беруді көздейтін мемлекеттік сатып алудың электрондық конкурсын өткізудің қылмыстық схемасын жасаған. Ол мемлекеттік сатып алу арыздарын қарайтын комиссияның төрағасы болған өзінің орынбасары Ким арқылы конкурсқа қатысушылардың санын шектеу мақсатында кейбір арыздарды алып тастап отырған. Конкурс ережел…


