Мазмұнға өту

Жаңа

Қостанайда хоккей жұлдыздарының қатысуымен матч өтеді

 

Қостанайда Әлем, Еуропа және Олимпиада чемпиондарының қатысуымен хоккей матчы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы Қостанай қаласының әкімі Г.Нұрмұхамбетов хабарлады.

«Өткен жылы «Орталық» стадионында өткен Қостанай футболының ардагерлері мен мәскеулік «Спартак» клубының ардагерлері арасында өткен жолдастық кездесу көпшіліктің көңілінен шыққан болатын.

Биылғы жылы шайбалы хоккейден осындай кездесу өткізуді ұйғардық. 16-шы тамызда өтетін матчта бірнеше дүркін әлем чемпиондары, Еуропа және Олимпиада ойындарының жеңімпаздары, атап айтқанда Сергей Макаров, Александр Якушев, Александр Мальцев, Владимир Мышкин, Юрий Ляпкин, Сергей Бабинов, Александр Голиков және басқалары қатысады»,-деп атап өтті ол.


0
0
223

«Отар» 40-шы әскери базасында Құрлық әскерлері жауынгерлерінің жарысы басталды

Бүгін Жамбыл облысындағы «Отар» 40-шы әскери базасында Құрлық әскерлері жауынгерлерінің жыл сайын өткізілетін кәсіби сынақтары басталды. Оған 400-ден астам әртүрлі мамандықтағы әскери қызметшілер: мотоатқыштар, танкистер, десантшылар, теңіз жаяу әскерлері, артиллеристер, мергендер, гранатометшілер қатысуда. Сынақ тапсыру барысында жарысқа қатысушылар өз взводының, бригадасының, өңірлік қолбасшылығының жеңіске жетуі үшін қолдарынан келгенше жақсы қырларын көрсетуге тырысып бағады. Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері алты күн бойы барлық штаттық қару-жарақтан атудан өз қабілеттерін сынайды, ал взвод командирлері жағдайдың тез өзгеруіне байланысты бөлімшелерде атысты басқаруға дағдыланады. Дене тәрбиесінен әскери нормативтер бойынша сынақ тапсыруға айырықша назар аударылады. Біл темірден…

0
0
439

Президент кубогының жеңімпаздары

Бүгін Павлодарда волейболдан әйелдер арасындағы «Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев кубогы» халықаралық турнирі басталды. Осымен 20-рет жалауын көтергелі отырған додаға алты команда қатысады. Бүгін Павлодарда волейболдан әйелдер арасындағы «Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев кубогы» халықаралық турнирі басталды. Осымен 20-рет жалауын көтергелі отырған додаға алты команда қатысады. Әзірше дәстүрлі доданың бұған дейін қай қалаларымызда өткеніне, сондай-ақ қай жылы қандай команда жеңімпаз атанғанына тоқтала кетсек деп едік. Волейболдан әйелдер арасындағы 1994 жылдан бері өткізіліп келеді. 2005 жылға дейін әр елдің азулы клубтары қатысып, 2006 жылдан бері, негізінен, ұлттықкомандалар қатысып, Елбасы кубогының көрігін қыздырып жүр. 1994 жыл: Павлодарда өтті, «Базис-АДК» (Қазақстан) жеңімпаз бо…

0
0
376

«Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалі

3 – 5 шілде аралығында «Астана-Арқау» түркі музыкасының Фестивалі өтеді. Ашылуы – «Жастар» театрында, сағат 18.30-де басталады. Бес жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан «Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалі түркі халықтарының мәдени интеграциясы үдерісінде өзіндік елеулі орны бар музыкалық шараға айналды. Осы жылдар ішінде фестивальге барлық түркі халықтарының дерлік дәстүрлі музыка өкілдері – 400-ге тарта музыканттар мен ғалымдар қатысты. Соның ішінде, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, сондай-ақ, Алтай, Башқұртстан, Гагаузия, Хакасия, Саха, Татарстан, Тыва, т.б. түркі ұлттық автономияларының әншілері мен ғалымдары, аспаптық орындаушылары – фестивальдың тұрақты қонақтары. Фестиваль сахнасында қазірде өз дербес мемлекеттік территориялық құрылымы жоқ түркі халықта…

0
0
583

Қаржы полициясы Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығын қамауға алды

2013 жылғы 18 маусымда Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы А.Ысқақбеков пен оның орынбасары Л.Кимге қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Олар мемлекеттік сатып алу бойынша тендерді өткізу кезінде қызметтік лауазымдарын асыра пайдаланып, мемлекет және кәсіпкерлер мүдделеріне нұқсан келтірген. Тергеуге сәйкес Ысқақбеков кейбір кәсіпкерлерге артықшылық беруді көздейтін мемлекеттік сатып алудың электрондық конкурсын өткізудің қылмыстық схемасын жасаған. Ол мемлекеттік сатып алу арыздарын қарайтын комиссияның төрағасы болған өзінің орынбасары Ким арқылы конкурсқа қатысушылардың санын шектеу мақсатында кейбір арыздарды алып тастап отырған. Конкурс ережел…

0
0
663

Әуе қорғанысы күштерінде ұшу жаттығулары өтуде

Алматы авиабазасы әскери авиациясының ұшу құрамы Ми-26, Ми-17 әскери-транспорт ұшақтарымен ормандағы өртті өшіру жөніндегі жаттығуларға кірісіп кетті. Ұшқыштар жаттығуларды таулы аймақта және жазық жерлерде «Бэмби» су төккіш қондырғысын пайдалану арқылы пысықтауда. Олармен қатар өз елімізде құрастырылған отандық «Еврокоптер» тікұшақтары да ұшу жаттығуларын бастап отыр. Экипаж жаралыларды қауіпсіз аймаққа көшіру, сондай-ақ жеке құрамды тасымалдау жұмыстарын іске асыруда. Майдандық авиацияның ұшқыштары да әріптестерінен тыс қалыс қалмай оқу-жаттығу жұмыстарын жалғастыруда. Су-27 және МиГ-29 жойғыш ұшақтарының ұшу топтары өз тәжірибелерін жетілдіруде. Алматы облысының «Қызылағаш» полигонында талдықорғандық және жетігендік авиабазаның тәжірибелі кәсіби ұшқыштары арнайы нысаналарға ракеталарме…

0
0
383

Зарқын Тайшыбай: Абылайхантану

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, абылайтанушы, тарихшы, журналист Зарқын Тайшыбай жақында Алматыда іс-сапармен жүріп, «Екпін» журналына арнайы сұхбатын берген болатын. Абылайтануға қалай келдім Мен қазақ және орыс журналистикасының тарихын зерттеушімін. Сонау 1970 жылдан бастап «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаятын» зерттегенмін. Ол газеттерді зерттеу бақыт екендігін енді түсініп жатырмыз. Өйткені Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың алғашқы публицистикалық, журналистік еңбектерімен архив құжаттары арқылы танысу ол кезде әркімнің басына бұйыра бермейтін еді. Мысалы, «Дала уалаяты» газетінің редакциясының мұрағаты осы біздің Алматыдағы Орталық архивте жатыр. Осы уақытқа дейін оны кім көрген-көрмегенін білмейміз. Сол…

5
0
2077

Евгений Евстафьев — Азия чемпионатының қола жүлдегері

 

Кеше, Азия чемпионатының үшінші күні ерлер арасында 85 келі салмақ дәрежесіндегі бәсеке өтті.

Бұл салмақта Евгений Евстафьев пен Ербол Мейірманов бақтарын сынады. Евгений жалпы есепте 341 келілік зілтемірді бағындырып, Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді. Ал Ербол өкінішке орай, өз мүмкіндігін көрсете алмады. Бұл салмақта бірінші орынды иран ауыр атлетшісі Сураб Моради алса (358 кг), екінші орынды ирак спортшысы Әл-Джумаили Сафа (351 кг) еншіледі.

0
0
398

Қанат Ислам: «Осы кемшілігім болмаса...»

– Елден кеткен соң, бiрден өзiмнiң салмағымда әлемдiк рейтингте 12-орындағы боксшыға ұсыныс жiбердiм. Бiрақ ол бас тартып қабылдамады. Егер мен соны жеңiп, 12-сатыға шықсам, чемпиондық белбеуге таласуға мүмкiндiк туады. Бiз бұл жоспарды күзде жүзеге асыруға ниеттіміз. Қанат Ислам кәсiпқой боксқа ауысып, әуесқойлар арасында жүрiп бөктере алмаған жетiстiктi кәсiпқой бокстанөңгермек. Миллиардтаған Қытай мемлекетiнiң туы астында бiрнеше жыл бәйгеге түскен саңлақ 2008 жылы Бейжiңолимпиадасында қола жүлде олжалаған соң, елге оралған. Бiрақ өзiмiзге келгенде тарыла қалатын азаматтық мәселесiқолбайлау болып, 2011 жылы Баку қаласында өткен әлем чемпионаты мен былтыр Лондонда болған Олимпиада ойындарына Қанат Қазақ елiнiң атынан қатысу құқығынан айырылды. Әуесқойлар арасында сая таппайтынын бiлген…

0
0
497