Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Меркельдің Түркия Республикасы соттар және прокурорлар Жоғарғы кеңесінің басшылығымен кездесуі өтті.

И.Меркель Жоғарғы кеңес өкілдерін Қазақстан прокуратурасының алдында тұрған басты міндеттер жөнінде хабардар етіп, халықаралық ынтымақтастықты екіжақты қарымқатынаспен көп жақты қарымқатынас пішімінде одан әрі дамыту прокуратура органдары қызметінің басым бағыты болып табылатындығын атап өтті.

Ол сонымен қоса құқық қорғау жүйесін реформалау сұрағына тоқтады, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу Кодекстерінің жаңа мәтіндерін жасаудағы жұмыстарды хабардар еттті.

Кездесу барысында екіжақты құқықтық қарымқатынас аясындағы ауқымды сұрақтар талқыланды. Тараптар өзара әрекеттесудің кеңейуі мен нығайуына мүдделі екендіктерін растады.

0
0
444

Астанада әскери қызметшілер арасында дзюдодан чемпионат өтеді

Фото дереккөзі: vesti.kz

 

1-5 шілдеде Астанада әскери қызметшілер арасында дзюдодан 35-ші әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Дзюдо федерациясы

«Чемпионатқа 31 елдің 300-ден астам әскери спортшысы қатысады. Атақты қонақтардың арасында 2004 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері польшалық Роберт Кравчук, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы қытайлық Ян Сюли, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы бразилиялық Сара Менезес және т.б. спортшылар бар», — делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері құрамасында қазіргі ұлттық құраманың спортшыларды да өнер көрсетеді. Еліміздің намысын 32 балуан қорғайды.

Көрермендерге кіру тегін.


0
0
263

Президент Кубогы үшін жарыста ел құрамасы үшінші рет жеңіске жетті

 

Еліміздің волейболдан әйелдер құрамасы «Қазақстан Президентінің Кубогы-2013» халықаралық бәсекесінде үшінші мәрте топ жарды.  Бұл туралы  Vesti.kz жазды.

Доданың үшінші күні жерлестеріміз 3:2 есебімен әзербайжандық волейболшылардан басым түсті. Бұған дейін еліміздің бірінші құрамасы 3:2 есебімен Белоруссияның өкілдерін сүріндірсе, Екатеринбордан келген «Уралочка-2» командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Қазақстанның екінші құрамасы қытайлық «Ляонин» командасына 0:3 есебімен жол берді. Өз кезегінде белоруссиялық нәзік жандар «Уралочка-2» 3:0 есебімен жеңді.

Бүгін еліміздің бірінші және екінші құрамасы өзара бақ сынасады. Кездесу Павлодардың «Астана» мұз сарайында Астана уақыты бойынша сағат 17:00 өтеді


0
0
418

«Қазақтелеком» ұсынған «бұлттық» қызметтер бизнесіңізді оңынан жүргізеді!...

… және табысты етеді. Бизнес барысын оңтайландыру үшін заман ағымына ілесуге және жаңа технологияларды пайдалануға жағдай жасаймыз. Бізге Microsoft Hosted Exchange және Microsoft SharePoint сияқты екі жаңа «бұлттық» технология туралы сауалдар жиі жолданады. Осы технологиялармен сіздерді жақын таныстырамыз және сауалдарыңызға жауап береміз! Microsoft Hosted Exchange – бағдарламалық жасақтаманы таратудың жаңа үлгісі бойынша (SaaS) қызмет көрсететін корпоративтік пошта платформасы. Бұл технология бағдарламалық жасақтаманың жалдау ақысын ғана төлей отырып, пошта қызметін пайдалануға мүмкіндік береді. Microsoft Hosted Exchange сервис-платформасының негізгі қызметтері: Электрондық пошта; Бір пошта жәшігі арқылы барлық байланыстарды басқару және міндеттерді атқару; Пайдаланушылар тобына арналған…

0
0
846