Мазмұнға өту

Жаңа

«Алаң».

Үкімет саяси журналистикамен есептесетіндей болуы үшін не істеу керек? Саяси журналистер жалғандық пен ақиқатты ажырата алып жүр ме? Осы аптада «Алаң» бағдарламасынан көріңіз – 30 маусым күні сағат 23.10-да Ұлттық арнада.

0
0
236

1 шілдеден бастап «KazSport» телеарнасы іске қосылады

 

2013 жылдың 1 шілдесінен бастап отандық телевизия кеңістігінде «KazSport» телеарнасы өз жұмысын бастайды, деп хабарлады «Қазақстан» республикалық телерадиокешені.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған жаңа спорттық телеарна «Қазақстан»РТРК» АҚ телевизиялық бірлестігіне кіреді. Бірлестік құрамына «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Мәдениет», «Балапан» телеарналары мен 14 өңірлік телеарна кіреді. Бұл «KazSport» телеарнасына Қазақстанның барлық өңірінен тікелей көрсетілімдер жасауға мүмкіндік береді. «KazSport» телеарнасын «Отау ТВ» ұлттық телехабар жүйесі мен кабельді операторлар бағдарламаларынан көруге болады.

Телеарна тәулігіне 20 сағат бойы хабар тарататын болады.

Арнаның ресми ашылуы 1 шілде күні сағат 10.00-де «Қазмедиа орталығында» өтеді.


0
0
326

FILA рейтингіне 15 балуанымыз енді

Халықаралық күрес түрлері федерациясы балуандардыңмаусым айындағы рейтингін түзді. Бұл жолы екі балуанымызүздік үштіктен көрініпті. Нұрмахан Тынәлиев 3-орында болса, Татьяна Аманжол өз салмағында әлем балуандарының көшін бастады. Бұған дейін қыздар күресінде 51 келінің көшін канадалық Джессика Макдональд бастап тұрған. Италияның Сассари қаласында өткен Гран-При кезеңіндегі жеңісінен кейін Татьяна канадалық балуанды арттақалдырды. Сондай-ақ, осы салмақта тағы бір жерлесіміз Кристина Яловенко 4-орыннан көрініпті. Грек-рим күресінде Нұрмаханнан бөлек, Жансерік Сәрсенбиев 55 келіде 12-орында, Алмат Кебіспаев 60-келіде үздік ондықта, 66 келіде ЕрболҚоңыратов та 10-орында, 74 келіде Досжан Қартықов 13-орында болса, 96 келіде Ерұлан Ысқақов рейтингтің 11-сатысына орналасты. Еркін күресте Расул Қ…

0
0
286