Мазмұнға өту

Жаңа

«Ана жүрегі». Отбасылық мелодрама («Қазақстан» ҰТА, 2011 ж.)

Бұл - егемендік алған уақыттан бастап бүгінгі күнге дейінгі көпбалалы қазақ отбасының өмірі туралы фильм. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарына аяқ басқан жылы бір отбасы Астанаға көшіп келеді. Әртүрлі өмірлік сынақтардан өтіп, адами қасиеттер мен рухани құндылықтарды сақтап қалады.

0
0
3066

«Ақсауыт»


Ел іргесінің тыныштығын күзететін «Басқыншы» және «Қорғас» заставаларындағы шекара қызметі және шекарашылардың тыныс-тіршілігі ертең «Ақсауыт» бағдарламасында.

0
0
328

Журналистер арасында футболдан турнир өтті

Бүгін Алатау спорт кешенінде журналистер күніне арналған футболдан турнир өтті.

Бүгін журналистер күніне арналған турнирде командалар Қазконтент АҚ кубогына ойнады. Хабар, Қазақстан, Қазмедиа, 24kz, Қазақ радиосы, Керекинфо.kz, Қазконтент АҚ және Астана ақшамы командалары ойнауды.

Керекинфо.kz пен Астана ақшамы командаларының ойыны аяқталды. Есеп 4:1. Жеңіс Астана ақшамында.

Қазір Қазконтент АҚ мен 24kz командаларф ойнауда. Сәттілік тілейік біздің ұжымға :)

Қазақстан және Қазақ радиосының ойынының есебі - 3:1.

Қазконтент АҚ командасы.

Бірінші орынды Хабар телеарнасының командасы жеңіп алды. Құттықтаймыз!

Екінші орын Астана ақшамы газетінің командасына бұйырды. Құттықтаймыз!

Ал, үшінші орын 24kz командасына бұйырды. Құттықтаймыз!

Кубоктарды Қазконтент АҚ Басқарма Төрағасы Қыдырма А.А. табыстады.

Ойынның қызықты өтуіне белсене қатысқан барлық командаға алғыс білдіреміз.

0
0
534

Құрлық әскерлері әскери институтында түлектерді шығарып салу салтанаты өтті

Бүгін Алматыда Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқу бітірген түлектерді шығарып салу салтанаты өтті. Салтанатқа бір кездері осы әскери оқу орнынан қанат қаққан бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, Ұлы отан соғысының және Қарулы Күштердің ардагерлері, курсанттардың ата - аналары мен туған туыстары қатысты.
Биыл Әскери институт өз қабырғасынан 400-ден астам лейтенанттарды шығарып салмақ. Әскери саланың он бір мамандығы бойынша, атап айтқанда мотоатқыштар, танкистер, артиллеристер, инженерлер, десантшылар, автомобилистер, тыл, тәрбиешілер, қару-жарақ және техника мамандары тәрізді бағыттар бойынша арнайы білім алған жас офицерлер оқу орнының кең плацында салтанатты сап түзеп, көтеріңкі көңіл-күй жағдайында диплом алу рәсімін жасады.
Қарулы Күштерге үздік дипломмен бітірген 22 лейтенант аттанбақ. Институттың Құрмет тақтасына «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төс белгісімен және үздік дмплом алған курсанттар Ильяс Мухамадиев пен Марат Сапарғалиевтердің есімі жазылды.
Институт тарихы КСРО Жоғары Кеңесінің Қаулысы негізінде 1970 жылы құрылған Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінен басталады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 11 ақпаны № 3353 Жарғысымен И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясына айналды.
2003 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1080 қаулысымен ҚР ҚК Алматы жоғары әскери училищесі Құрлық әскерлерінің Әскери институты болып аты өзгертілді.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Құрлық әскерлерінің Әскери институты  Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше-мемлекеттердің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігіп дайындайтын оқу орындардың тізіміне қосылған. Биыл Қырғыз Республикасынан 9, Тәжікстан республикасынан 15 курсант диплом алып елдеріне аттанды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
596

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты түлектерінің оқу бітіру салтанаты өтті

Бүгін Алматы қаласындағы 28 гвардиялық-панфиловшылар паркіндегі Даңқ Мемориалында Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты түлектерінің оқу бітіру салтанаты өтті.

Курсанттардың оқу бітіру салтанатына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Оқас Сапаров, Әуе қорғанысы күштерінің, Ұлы Отан соғысы және Қарулы Күштердің ардагерлері, жергілікті билік өкілдері қатысты.

Алғашқы «лейтенант» әскери атағын алуға институттың 133 түлегі ие болып отыр. Олардың тоғызы оқу озаты дипломы мен «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» кеуде белгісіне ие болды. Оқу орнын алтын медальмен лейтенант Владимир Иванченко бітірді.  Ол Астана күні қарсаңында елордада Елбасының қолынан диплом мен погон алу құрметін иеленді.
Бұл бітірушілер аталған институт курсанттарының жетінші түлектері. Институт тарихы Азаматтық авиация академиясы жанындағы әскери факультеттен бастау алған болатын.

2002 жылғы қыркүйекте Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының  сол жылдардағы бастығы  полковник Асылхан Сағанаевқа институттың Жауынгерлік туы тапсырылған болатын. Қазіргі кезде аталған оқу орнына полковник  Қайрат Садықов жетекшілік етеді. Бүгін институт бастығы және оқытушы профессорлар құрамы түлектерге  ақ жол тілеп, офицерлік қызметте табыстар тіледі.

Осы жылдар арасында Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты барлық әскер түрлері мен тектерінің құрамалары мен бөлімдері, байланыс әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері үшін жоғары сыныпты мамандар дайындады.

Болашақ офицерлер институт қабырғасында зенитті-зымыранды әскерлер, Құрлық әскерлерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс, радиотехникалық әскерлер және радиотехникалық қамтамасыз ету, байланыс және автоматтандырылған басқару жүйесі факульттері бойынша 5 жыл білім алды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
2
1194

Огляд будівельних систем

На сьогодні існує велика кількість варіантів побудови приватних будинків.
З кожним роком кількість домобудівних систем збільшується, і вибрати серед них оптимальну систему стає все важче. Будинки можуть будуватися з цегли, дерева, бетону або способом комбінування кілька видів будівельних матеріалів. Крім цього, будинок може бути каркасним, монолітним або іншим. Все частіше стали з'являтися екзотичні системи будови, наприклад з пластикових або скляних пляшок або з автомобільних покришок.
Вибираючи систему побудови будинку необхідно враховувати такі параметри:
вартість будівлі, експлуатаційні властивості і вартість обслуговування, вплив будівельних матеріалів на здоров'я проживаючих в будинку людей. Наприклад, якщо будувати будинок з пористих або добре дихаючих матеріалів, використовуючи при цьому утеплювачі іноді з підвищеною токсичністю, то, з одного боку, стіна буде виводити назовні всі шкідливі речовини, а з іншого боку стіна може наповнювати приміщення будинку токсичними речовинами  будівельних матеріалів . Велику небезпеку така система несе в будинок, якщо двері та вікна герметичні і в наявності погана система вентиляції.
Використання стін, які погано дихають - тобто застосування в обробки пароізоляційної мембрани в поєднанні з синтетичними утеплювачами, призводить до трьох чинників: захищають від токсичних речовин мешканців будинку,
стіни будинку тримають тепло і мають довгий термін служби,
усередині стін створюється не дуже добре середовище.
Найкраще при будівництві будинку використовувати дихаючі стіни з натуральних матеріалів і для утеплення будинку не використовувати штучний матеріал, який виділяє токсичні речовин. Натуральні будівельні матеріали сприятливо впливають на здоров'я людини, мають хорошу систему вентиляції і дозволяють заощадити гроші.
Необхідно відзначити, що один і той же будівельний матеріал може дати різний результат в якості будови. Тому якість майбутнього будова визначається не тільки видом будівельного матеріалу, але і конструкцією, яку вибрали для будівлі будинку
Поняття будівнича система включає в себе не тільки вид будівельного матеріалу, але і конструкцію будинку. Поєднання будівельного матеріалу і конструкції дає певний вид будівельної системи. Наприклад, якщо будується будинок з колоди з горизонтальним укладанням, то будівельна система такого роду буде відрізнятися, наприклад, якщо застосувати ті ж колоди, але з вертикальним укладанням. Починаючи будівництво будинку, варто відразу ж визначитися з домобудівною системою, яка дозволить створити затишне і комфортне житло і захистить від впливу шкідливих речовин.

По матеріалам сайту http://www.remont-ukr.net/

0
0
417

Орталық аппараттың командасына Қорғаныс министрі басшылық жасады

Бүгін Алматыда Қорғаныс министрлігі алқа отырысына қатысушылар әскери киімдерін спорттыққа ауыстырып Армияшылардың Орталық спорт клубының ұйымдастырған футбол турниріне қатысты.

Футбол алаңына Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, Қарулы Күштер Бас штабының және әскер түрлері мен тектерінің бас қолбасшылары мен қолбасшылары әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері шықты.
Футболдан генаралитет арасында әскери ведомствода турнир өткізу дәстүрі  осыдан үш жыл бұрын пайда болды.Әскер басшыларының басын қосып осындай игі шара өткізу көпке үлгі әрі дене тәрбиесінің дамуына ықпалы зор бастама.
Қорғаныс министрлігі мен АОСК Спорт комитеті басшыларының пікірінше бұл шара құрылымдық бөлімшелер арасындағы қарым қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.
Мини-турнирсындағы  Алматы қаласындағы «Football lаnd» спорт кешенінде олимпиадалық жүйе бойынша төрт алаңда бір мезгілде  өткізілді.  Оған сегіз команда қатысып күш сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігінің Орталық аппаратының командасы бірінші орынды иемденді. Екінші орынды Құрлық әскерлерінің бригада командирлері командасы ал үшінші орынды Әуе қорғанысы күштері мен қорғаныс істері жөніндегі  командалар бөлісті.
Жеңімпаздарға Қорғаныс министрінің кубогі, сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
249