ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Орталық аппараттың командасына Қорғаныс министрі басшылық жасады

Бүгін Алматыда Қорғаныс министрлігі алқа отырысына қатысушылар әскери киімдерін спорттыққа ауыстырып Армияшылардың Орталық спорт клубының ұйымдастырған футбол турниріне қатысты.

Футбол алаңына Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, Қарулы Күштер Бас штабының және әскер түрлері мен тектерінің бас қолбасшылары мен қолбасшылары әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері шықты.
Футболдан генаралитет арасында әскери ведомствода турнир өткізу дәстүрі  осыдан үш жыл бұрын пайда болды.Әскер басшыларының басын қосып осындай игі шара өткізу көпке үлгі әрі дене тәрбиесінің дамуына ықпалы зор бастама.
Қорғаныс министрлігі мен АОСК Спорт комитеті басшыларының пікірінше бұл шара құрылымдық бөлімшелер арасындағы қарым қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.
Мини-турнирсындағы  Алматы қаласындағы «Football lаnd» спорт кешенінде олимпиадалық жүйе бойынша төрт алаңда бір мезгілде  өткізілді.  Оған сегіз команда қатысып күш сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігінің Орталық аппаратының командасы бірінші орынды иемденді. Екінші орынды Құрлық әскерлерінің бригада командирлері командасы ал үшінші орынды Әуе қорғанысы күштері мен қорғаныс істері жөніндегі  командалар бөлісті.
Жеңімпаздарға Қорғаныс министрінің кубогі, сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі