Әскери білім саласындағы қазақстан-румын ынтымақтастығы нығая түсті
Астанада Румыния Премьер-министрінің Қазақстан Республикасына тұңғыш ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Румыния Ұлттық қорғаныс министрлігі арасындағы Әскери кадрларды бірлесіп даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Иманжүсіп Ақпомбаев пен Румыния сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Богдан Ауреску қол қойды. Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында даярлау және өзара әскери кадрлардың біліктілігін жетілдіру осы Келісімнің мақсаты болып табылады. Қазақстан Қорғаныс министрлігі соңғы жылдар ішінде әскери білім мен әскери кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарғанын атап өткен жөн. Мұнда әскери қызметшілерді шетелде даярлауға ерекше көңіл бөлініп ке…