ru
Default banner
Разное
426 635 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Құрлық әскерлері әскери институтында түлектерді шығарып салу салтанаты өтті

Бүгін Алматыда Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқу бітірген түлектерді шығарып салу салтанаты өтті. Салтанатқа бір кездері осы әскери оқу орнынан қанат қаққан бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, Ұлы отан соғысының және Қарулы Күштердің ардагерлері, курсанттардың ата - аналары мен туған туыстары қатысты.
Биыл Әскери институт өз қабырғасынан 400-ден астам лейтенанттарды шығарып салмақ. Әскери саланың он бір мамандығы бойынша, атап айтқанда мотоатқыштар, танкистер, артиллеристер, инженерлер, десантшылар, автомобилистер, тыл, тәрбиешілер, қару-жарақ және техника мамандары тәрізді бағыттар бойынша арнайы білім алған жас офицерлер оқу орнының кең плацында салтанатты сап түзеп, көтеріңкі көңіл-күй жағдайында диплом алу рәсімін жасады.
Қарулы Күштерге үздік дипломмен бітірген 22 лейтенант аттанбақ. Институттың Құрмет тақтасына «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төс белгісімен және үздік дмплом алған курсанттар Ильяс Мухамадиев пен Марат Сапарғалиевтердің есімі жазылды.
Институт тарихы КСРО Жоғары Кеңесінің Қаулысы негізінде 1970 жылы құрылған Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінен басталады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 11 ақпаны № 3353 Жарғысымен И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясына айналды.
2003 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1080 қаулысымен ҚР ҚК Алматы жоғары әскери училищесі Құрлық әскерлерінің Әскери институты болып аты өзгертілді.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Құрлық әскерлерінің Әскери институты  Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше-мемлекеттердің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігіп дайындайтын оқу орындардың тізіміне қосылған. Биыл Қырғыз Республикасынан 9, Тәжікстан республикасынан 15 курсант диплом алып елдеріне аттанды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі