«Қазақтелеком»-нан жаңа әрі ыңғайлы қызмет
Құрметті абоненттер! Сіздерге ыңғайлы болу үшін, біз Smart Internet жаңа қызметін – VPN IPSec сервисінің көмегімен интернетке қосылу әдісін ұсынып отырмыз.
Жаңа сервис :
- Жеке қосылудың қауіпсіздігін арттыруға (қызметті пайдалану кезінде бүкіл трафик шифрланады);
- Басқа операторлар орнатқан шектеулерді айналып өтіп, ресурстарға қосылуға;
- Қосылудың стандарттық порттары бұғатталса, шетелде IP-телефония қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Қызметті пайдалану үшін, абоненттің ноутбугінде, мобильдік телефонында немесе планшетінде арнайы бағдарламалық жасақтама орнатылуы керек:
- РС/Mac үшін Cisco VPN Client бағдарламасын;
- iOS ( iPad/iPhone) базасындағы мобильдік құрылғылар үшін кіріктірілген Cisco VPN Client бағдарламасын;
- Android базасындағы мобильдік құрылғылар үшін VpnCilla бағдарламасын ұсынамыз.
Smart Internet қызметі қазіргі клиенттер үшін де, жаңа клиенттер үшін де (Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары үшін) қолжетімді. Қызметке қосылу үшін «Қазақтелекомның» сервис-орталығына өтініш беру және келісімшартқа отыру керек.
Келісімшарт жасалғаннан кейін клиентке баптаулар бойынша нұсқаулар және авторизациялану үшін қажетті мәліметтер беріледі.
Естерте кететін жайт:
- интернетке http-прокси арқылы қосылған болсаңыз;
- сервис-провайдер/wi-fi нүктесінің иесі тарапынан UDP-хаттамалық бұғаттау болса, біз жоғарыдағы қызметті көрсете алмаймыз;
- сервистің сапасы сіздің Интернет желісіне қосылу қызметінің сапасына тікелей байланысты.
Қызметтің бағасы– айына 900 теңге. Толығырақ білгілеріңіз келсе, 160 нөміріне хабарласыңыздар.
