Мазмұнға өту

Жаңа

Айдар Қазов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Солтүстікқазақстандық Айдар Қазов ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.

Солтүстікқазақстандық Айдар Қазов Бішкекте өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Айдар Қазов ҚР спорт шебері, ол Эрик Әлібаев пен Дәулет Әділғазиннің тәрбиеленушісі.

«77 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 179 келі нәтижемен Айдар зілтемірді жұлқи көтеруде бірінші болды. Серпе көтеруде Айдар үшінші нәтиже (135 келі) көрсетті. Осылай жалпы 314 келі нәтижемен жалпы есепте үшінші орынды иеленді», — деп хабарлады тілшіге Дарья Тушина.

0
0
354

«Астана — Барселона» мектебінде 80 бала футболдың қыр-сырын үйренуде

«Астана-Арена» стадионында Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Кеңсе басшысы, «Назарбаев Орталығы» ММ директоры қызметін уақытша атқарушы Махмұд Қасымбеков «Астана-Барселона» балалар футболы жазғы мектебінің тәрбиенушілерімен кездесті, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі. «Мемлекетіміздің тарапынан спортқа, оның ішінде балалар спортына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Себебі, балалар спорты біздің болашағымыз. Осы ұйымдастырылып отырған жазғы футбол лагері сіздер үшін үлкен мүмкіншілік, әрі сіздерге зор үміт артылуда. Сіздерге еліміздің футбол спортын жаңа деңгейге көтеру міндеті жүктеліп отыр. Жаңа табыстар мен сәттілік тілеймін», — деп атап өтті жазғы футбол мектебінің тәрбиеленушілерін құттықтаған М.Қасымбеков. Сондай-ақ, кездесуге Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті Сей…

0
0
528

Мектептердің жартысынан көбі дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша ақы төлемей отыр

Білім беру ұйымарының 55%-ында дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс спорттық жұмыстарды жүргізгені үшін қосымша ақы төленбей отыр. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ҚР Дене шынықтыру және спорт агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов хабарлады. «Дене шынықтыру мен спорт саласындағы жетістіктермен қатар бірқатар мәселелер де бар. Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесі туралы Үкімет қаулысына сәйкес, сабақтан тыс уақытта спорттық сабақтарды жүргізгені үшін мектептерде базалық лауазымдық қызметақының 45%-ы төленуі тиіс. Дегенмен, Агенттік жүргізген талдау барысында айына 7964 теңгені құрайтын қосымша ақы білім беру ұйымдарының тек 45%-нда төленіп отырғандығы анықталды. Бұл мектеп оқушылары арасындағы бұқаралық спортты дамыту әлеуетін төмендедіп отыр, оның үстіне дене шын…

0
0
440

«Құлагер». Драма(«Казақфильм», 1987 ж.)


Аты аңызға айналған - «Құлагер» Ұлттық арнада. Фильмде қазақтың сайын даласында бүкіл ел сыйлаған Сағынайдың асы беріледі. Мұндай жиындардың сәнін кіргізетін бәйгеге Ақан Сері де өзінің бапталған сәйгүлігін қосады. Бүгін, 00:05-те «Құлагер» көркем фильмін тамашалаңыздар.

0
0
1151

«Тарих толқынында»

«Жортуылда жолындағының бәрін жайпайтын, дала дауылындай екпінді де тегеурінді Кенесары хан ешбір бөгет алдында кідірмейтін, қайта кездескен кедергі оның қайрат-жігерін жанып, өршелендіріп жіберетін». Әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Кенесары хан туралы орыс тарихшысы Н.Н.Середа өз зерттеулерінде осылай деп жазды.

Кенесарының тұлғалық бейнесі туралы «Тарих толқынында» бағдарламасын 19.00-де Ұлттық арнадан тамашалаңыздар.

0
0
228

Гүлнұр Ерболова Универсиадада қола жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Гүлнұр Ерболова (52 кг) Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиададағы белбеумен күресте қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Үшінші орынға тартыста қазақстандық спортшы Украина өкілі Людмила Матюшенконы шаң қаптырып кетті – 9:2.

Еске сала кетсек, кеше дәл осы жарыста Димаш Молдашев (75 кг) Қазақстан қоржынына күміс жүлдені салса, Аян Ермекбаев (82 кг) қола медальді иеленді

0
0
395