Қапшағай – алматылықтардың «теңізі»
Іле өзенінің орта ағысындағы жасанды су қоймасы Қапшағай су қоймасы туралы постты оқыңыз. http://el.kz/bm3213
Іле өзенінің орта ағысындағы жасанды су қоймасы Қапшағай су қоймасы туралы постты оқыңыз. http://el.kz/bm3213
Қазақ жерінде достық қарым-қатынаста тұрып жатқан неміс ұлтының өкілдері орталықтар мен ұйымдар құрып, мәдениетіміздің дамуына кішкене болса да өз үлестерін қосып жатыр.http://el.kz/19778
Қазақ қашанда жылқыны қастерлеген. Сол жылқының ер-тұрмандарын толық сипаттайтын постты оқыңыздар. http://el.kz/bm3208
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. «Бала ертегіге сенбесе – қасірет» деген қазақтың сөзі босқа айтылмаса керек. Толығырақ: http://el.kz/bm3206
Өзге ұлттың перзенті бола тұра, Қазақстанға еңбек етіп, елімізге жақсылық жасаған түрік азаматтары туралы мақаланы оқыңыз. http://el.kz/19774
Әс-сәләму ъалйкум уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрметті жамағат!
Өздерңізге белгілі осы ай айлардың сұлтаны – қаситетті Рамазан айы. Рамазан айын барша мұсылман құрметтеуіміз керек. Құрметтеу үшін Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануымыз қажет. Ораза тұтып, ғайбат жасаған, жалған сөйлеген, ренжіткен, харамдардан сақтанбаған адам рамазан айын құрметтемеген болып саналады. Хадис шәрифтерде былай бұйырылды: «Мұқият болыңдар. Рамазан айындағы сауап пен күнәлар еселеніп жазылады. Рамазанда көп намаз оқыңдар. Көп Құран оқыңдар. Өйткені, рамазанда оқылған Құран Кәрімнің әр әрпі үшін Хақ та’ала жәннат бақшаларынан бір бақша береді».
«Рамазанды құрметтеу керек. Оның рақымдылығы мүміндерді қуантады. Оның алғашқы күндері рақымдылық, ортасы кешірім және соңы тозақ отынан құтылу».
«Егер құлдар рамазан айындағы ізгілік пен жақсылықтарды білсе, бүкіл бір жылдың рамазан болғанын қалар еді. Өйткені, онда көп сауап бар».
«Рамазан айының күндізі мен түнінде Құран Кәрімнен бір аят оқыған адамға әр әрпі үшін бір шәйіт сауабы беріледі». «Аллаһу та’ала рамазан айында күнә істемеген адамның он бір айлық күнәсін кешіреді».
Осы орайда Рамазан айының Тараз қаласы бойынша Ораза тұту (ауыз бекіту) уақыты 18 сағатты құрайды. Яғни шамамен таңғы сағат 3.30-дан кешкі сағат 21.00 аралығы болып табылады.
«Рамазан айты күні періштелер жолдың шетінде тұрып, айт намазына бара жатқандарға мынаны сүйіншілейді: «Ей, мүміндер қауымы! Сендерге жақсылықтар, мол ниғметтер беретін рақымды Раббыларыңнан тілеңдер. Өйткені, Ол сендерге түнді ғибадатпен өткізуді бұйырды, сендер орындадыңдар. Ол сендерге күндіз ораза тұтуды бұйырды, сендер тұттыңдар. Ол сендерге Раббыларыңа бағынуды бұйырды, сендер бағындыңдар. Олай болса, олардың қайтарымын алыңдар». Намаздан кейін бір періште былай дейді: «Біліңдер, ей, мүміндер. Бүгін күмәнсіз сый тарату күні, күнәлардан құтылу күні және айыптардан тазару күні».
Рамазан айы – ол Құран айы деп те аталады. Себебі, мұсылмандар күнін оразаман, яғни Аллаһтың разылығы үшін ауыз бекітсе, түнін намаз оқып құлшылық қылады. Осы орайда
Осы Рамазан айында жиырма рәкәғат тарауих намазы оқылады. Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Хақ тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауих намазын сүннет еттім. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады» – деген хадисі бар. Сондықтан ер және әйел кісінің жиырма рәкәғат тарауих намазын оқуы – сүннет муәккәдә. Сүннет муәккәдә – бекітілген сүннет, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әрдайым істеген және істеңдер деп өсиет еткен амалдар.
Тарауих намазын құптан намазы оқылғаннан кейін үтір уәжіп намазынан бұрын немесе кейін оқу шариғатқа қайшы емес. Осы себептен имам тарауих намазын оқып тұрған болса, мешітке кешігіп келген адам алдымен құптанның парызын оқып, кейін тарауих намазына тұрады. Бұл жағдайда құптан намазының сүннетін тарауих намазының отырыстары арасында оқыса болады. Оқымаса, соңынан үтірден бұрын оқып алады.
Тараз қаласы бойынша барлық мешіттерде жамағатпен Тарауиз намазы оқылады. Оның уақыты жоғарыда айтылғандай сағат 22.30-дан 1.30-ға дейін жалғасуы мүмкін. Құрметті достар! Тараих намазының әр күнінің өзіндік сауабы бар. Ол сауаптармен танысқыларыңыз келсе мына көрсетілген сілтемеге https://www.facebook.com/groups/597501266948641/ кіріп қарауларыңызға болады.
Құрметті мұсылман бауырлар!
Сондай-ақ, бүгін Жұма! Күндердің сұлтаны. Жұма намазы – дінімізде өте маңызды саналатын, жамағатпен орындалатын апталық ғибадат. Жұма күнінің ежелде еврей және христиандар үшін апталық ғибадат күні болғандығы, кейіннен еврейлер бұл күннің орнына сенбі күнін, христиандар жексенбі күнін апталық ғибадат күні ретінде өзгертіп қабылдағаны және Ислам діні келгеннен кейін ұмыттырылған қасиетті бұл күннің мұсылмандарға қайтадан оралуы жайлы Пайғамбарымыз (с.а.с) былай дейді: «Біз – бұрынғы кітап берілгендерге қарағанда, ең соңғысымыз. Қияметте – ең алға өтеміз. Олар Аллаһтың өздеріне парыз еткен осы жұма намазы күні жайында қарама-қайшы пікірге түсті. Аллаһ оны бізге көрсетті. Басқа адамдар бұл туралы бізге бағынады. Жұма күнінің ертеңі – яһудилердікі, одан кейінгі күн – христиандардікі» Пайғамбарымыздан (с.а.с) бұл күннің неліктен жұма аталуының себебін сұрағанда, былай деп жауап қатты: «Күмәнсіз, әкеңіз Адамның жаратылысы сол күні жиналды. Қиямет сол күні болады. Қайта тірілу мен адамдардың есеп беруі үшін ұсталулары да – сол күні болады. Жұма күнінің үш сағатының соңында бір сәт бар. Сол сәтте дұға еткеннің дұғасы қабыл болады»
Тараз қаласының барлық мешіттерінде Жұма намазы сағат 13.00 мен 14.00 арасында оқылады. Оның арасында уағыз айтылып, діни сауатымызды арттыруға болады. Имам хұтба оқиды. Хұтба оқығанға дейін мешітке келіп үлгеруіміз қажет.
Түйіндей келгенде бұл айда жасалған барша құлшылықтар мен дұға-тілектер қабыл болады. Сонымен қатар, олар екі еселенеді. Сол себепті құрметті мұсылман бауырар өзімізге берілген мол нығыметтер үшін Жаратқан Аллаһқа құлшылық қылып, бір мезгіл мадақтуды ұмыт қалдырмайық.
Уа, Аллаһ тағала! Сені әрдайым еске алуымды, Саған шүкіршілік етіп, Өзіңнің талабыңа сай құлшылық етуімді нәсіп ете гөр! Уа, Аллаһым! мені, әке-шешемді және мұсылмандарды қиямет күні кешіріміңе бөлей гөр! Уа, Аллаһым! Бізге өзің жақсы көретін және разы болатын істерді нәсіп ете гөр!
Бауырлар отыз күн отыз сағаттай өтеді де кетеді. Мұсылман баласы тәтті түсінен оянып кеткендей күй кешіп, «әттеген-ай, бүкіл ғұмырым ораза болса ғой» деген қимас сезіммен бұл аймен қоштасады. Рамазанды өкшелеп, қасиетті ораза айт та келіп жетеді. Айт мейрамы мұсылмандардың оразадан кейінгі жабырқаңқы көңілдеріне жұбаныш сыйлап, қуаныш дарытады.
Құрметті бауырлар Аллаһ баршамыздың күнәләрімізді кешірсін, дұға-тілектерімізді қабыл етсін деп тілеймін. Амин! Әс-сәләму ъалйкум уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ!
Ауыздық – жүгеннің ат ауызы ішіндегі тұратын бөлігі. Толығырақ: http://el.kz/bm3196
Қазақстанда тұратын түрік ұлтының тарихи-мәдени құндылықтары туралы мақаланы оқыңыз. http://el.kz/19762

Екі сөздің басын құрап жазу менің де қолымнан келеді деген сенім болды. Араға аз уақыт салып, мені "ерекше мазалаған ойды" осы блогжазба арқылы бөлісуіме тура келді. Бірінші тіркелген сайтым Массагет, және бірінші блогжазбамның тақырыбы "Атам туралы" деп аталады. Араға бір күн салып, сол сайтты ашып қарасам қызықты блогтардың арасынан өзімнің де блогжазбамды көріп, іштей қуанышты әсерді сезіндім. Және алғашқы комменттер сол блогжазбама жазылған болатын.
Осылай ақырындап блогжазбаға келе бастадым. Жоғарыдағы айтқан блогкэмпте тәжірибелі блоггерлер осы ювижин туралы көп айтқан болатын. Бірақ, әр нәрсенің өз уақыты келетіні сияқты менде кеште болса осы ювижинге тіркеліп, жазбаларымды бөліссем деген ниет туындап отыр.
Пысы. "Ортаға қарап ой түзелер, ойға қарап бой түзелер" деген сөзді естіп едім жақында, бұл сайтта да сол қағидаға берік болу керек деп ойлаймын.
1-ші күн
Салем достар!Бүгін біздің экспедицияның бірінші күні және ол пойызда басталды.Барлығы Астанаға келер кезді асыға күтті.Келген кезде бізді «DANA tour»компаниясының гидтері қарсы алып « G-impier» қонақ үйіне апарды.Бұл қонақ үйдің бәріне бірдей ұнағанына күмәнім жоқ.
Орналасып болған соң біз бас қаламыз Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне бардық.

Ол жерде бізді 12 сынып оқушылары Самал мен Зарина қарсы алды.Олар бізге өзінің алғашқы экспедициялары туралы айтып жаңа ұсыныстар мен ақыл-кеңестер айтты.Сонан соң біз мектеппен таныстық,өте қызықты болды.


Кешкі ас ішіп болған соң біз Астананың көркем жерлерін тамашаладық.Ол жердегі ғимараттардың бәрі бір-бірінен ерекше тұрғызылған.Мұндай әсем бас қаламызды көріп,оның барлық Еуропалық стандарттарға сай екенін көрдік.
Бүгін өте қызықты күн болды,ертеңге дейін сау болыңыздар!!!!!!!