Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1-ші күн

1-ші күн

Салем достар!Бүгін біздің экспедицияның бірінші күні және ол пойызда басталды.Барлығы Астанаға келер кезді асыға күтті.Келген кезде бізді «DANA tour»компаниясының гидтері қарсы алып « G-impier» қонақ үйіне апарды.Бұл қонақ үйдің бәріне бірдей ұнағанына күмәнім жоқ.

Орналасып болған соң біз бас қаламыз Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне бардық.


Ол жерде бізді 12 сынып оқушылары Самал мен Зарина қарсы алды.Олар бізге өзінің алғашқы экспедициялары туралы айтып жаңа ұсыныстар мен ақыл-кеңестер айтты.Сонан соң біз мектеппен таныстық,өте қызықты болды.


Кешкі ас ішіп болған соң біз Астананың көркем жерлерін тамашаладық.Ол жердегі ғимараттардың бәрі бір-бірінен ерекше тұрғызылған.Мұндай әсем бас қаламызды көріп,оның барлық Еуропалық стандарттарға сай екенін көрдік.

Бүгін өте қызықты күн болды,ертеңге дейін сау болыңыздар!!!!!!!

0
0
582

Осы тақырып бойынша