ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Алғашқы жазба

Ассалаумағалейкум құрметті yvision сайтының Блоггерлер қауымы! Бисмилла деп, осы сайттағы алғашқы жазбамды жазып жатқан жайым бар. Бәрін басынан бастасам деп отырмын.
Мен алғаш блогсфераға қалай келдім? Алғаш рет, ол енді блогсфера деп айтуға келмес, дегенмен кеңірек танымал әлеуметтік желілердің бірі Фэисбукте аздап пост жазуды өткен жылдың(2012ж) қараша айында бастадым. Және, менің қызығушылығымды арттыруға достарым ықпал жасады. Достарыммен бірге студент шақтан бері қалыптасқан бейресми жиналысымыз "Оқырмандар клубы" деген атпен аталатын отырысымызды қайта жаңғыртып, ұзақ уақыттан бері үзіліп қалған үрдісті қайта жандандырған блатынбыз. Міне, осы отырысымызда мен достарыммен сұқбаттаса отырып, қоғамдағы орын алып жатқан құбылыстардың көптеген салаларына мүлдем назар аудармай, бей-жай қалып бара жатқанын түсіне бастадым. Бұл менің салыстырмалы түрде алған үлкен кемшілігім болатын. Енді осы кемшіліктердің орнын толтыру мақсатында біраз талпыныстар жасап көрдім. Жаңағы аталған ФБ-да белсенділікті арттыра бастадым, еліміздің танымал саяси, қоғам қайраткерлеріне достық ұсыныс жіберіп, жаңа бағыттағы тақырыптармен атныса бастадым. Осылай ақырындап, блог, блогтұғыр, блоггер деген ұғымға жақындай бастадым.
Естеріңізде болса, осы ФБ арқылы "Блогқұрылтай-2013" блоггерлерді жиыны өтетіні туралы ақпараттық насихат белсенд жүргізілген болатын. Шымкент қаласында өтетін болғандықтан менде ойланбастан қатысушылар тізіміне өтініш жіберген болатынмын. Міне, осы Блогкэмп-2013-ке қатысу арқылы біраз нәрсенің сырына қаныға бастадым деп айтсам қателеспеймін. Екі күндік құрылтайдан кейін, менде неге блог жазбасқа деген ой туындады. Екі сөздің басын құрап жазу менің де қолымнан келеді деген сенім болды. Араға аз уақыт салып, мені "ерекше мазалаған ойды" осы блогжазба арқылы бөлісуіме тура келді. Бірінші тіркелген сайтым Массагет, және бірінші блогжазбамның тақырыбы "Атам туралы" деп аталады. Араға бір күн салып, сол сайтты ашып қарасам қызықты блогтардың арасынан өзімнің де блогжазбамды көріп, іштей қуанышты әсерді сезіндім. Және алғашқы комменттер сол блогжазбама жазылған болатын.

Осылай ақырындап блогжазбаға келе бастадым. Жоғарыдағы айтқан блогкэмпте тәжірибелі блоггерлер осы ювижин туралы көп айтқан болатын. Бірақ, әр нәрсенің өз уақыты келетіні сияқты менде кеште болса осы ювижинге тіркеліп, жазбаларымды бөліссем деген ниет туындап отыр.

Пысы. "Ортаға қарап ой түзелер, ойға қарап бой түзелер" деген сөзді естіп едім жақында, бұл сайтта да сол қағидаға берік болу керек деп ойлаймын.