Мазмұнға өту

Жаңа

«Туған елге тағзым» экспедициясының алғашқы күні

Пойыздан түскен кезде бізді  "Dana tour" туристік компаниясы қарсы алды.Біз Астана жеткенімізге өте қуанышты болдық. Ең алдымен түстеніп алып, біз экспедициямызды Назарбаев Зияткерлік мектебінен бастадық. Онда бізді 11 сынып оқушылары Самал мен Зарина және мұғалімдер коллективі қарсы алды.  Олар өздерінің өткен жылғы экспедициясынан алған көңіл күйімен, сезімдерімен бөлісті. Олардың мектебінің архитектурасы біздікінен басқаша екен. Мектептің бірінші қабатында бастауыш сыныптар оқиды.Екінші қабатында ортаңғы буын орналасқан.  Ал үшінші қабатта бакалавр оқытады.Самал мен Зарина өздерінің алдыңғы жыл бойынша кеңестерімен бөлісті. Олардың айтуы бойынша, күнделікті барлығын суретке түсіріп, күнделікке жазып жүрген жөн екен.Мектепті осы жылы төртінші түлектер аяқтаған. Көптеген мектеп туралы мағлұматтар білдік. Соңына қарай ,флешмоб билеп, суретке түстік. Содан кейін кешке таман жан-жақты экскурсияға аттандық.Міне, Назарбаев Зияткерлік мектебі!

 
0
0
560

«Періштелер қаласының арнайы жасағы». Шытырман оқиғалы фильм

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында - Сэмюэл Джексон, Колин Фаррелл, Мишель Родригестен құралған «Періштелер қаласының арнайы жасағы» шытырман оқиғалы фильмі. 11 шілде сағат 00:05-те тамашалаңыздар.

0
0
342

«E-GOVболашаққа бастайтын жол»

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының қызметкерлері 2013 жылғы 20 наурызда «E-GOV болашаққа бастайтын жол» деп аталатын акция өткізді, бұл шара күн мен түннің теңелу мерекесі Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған. Акция Электрондық үкімет порталын танымалдандыруға мүмкіндік берді. Үгіттеу жұмыстары кезінде қызметкерлер тұрғындармен электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді ұсыну мәселесі бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді.

 
1
0
401

«Электрондық үкімет» порталы

«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының қызметкерлері күнделікті Тараз қаласының тұрғындары арасында «Электрондық үкімет» порталы арқылы берілетін,  атап айтатын болсақ  жекетұлғалардыңкөліксалығынтөлеу, мекен-жай анықтамаларын алу, зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айып-пұл төлеу, жылжымайтынмүліктіңжоқ (бар) екендігітуралыанықтама алу және т.б. электрондық мемлекеттік қызмет түрлері бойынша насихат жұмыстарын жүргізуде.

 
1
0
386