Мазмұнға өту

Жаңа

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазинмен сұхбат

"Бірде бабамыз қысты күні болса керек, атын ерттеп, құмай тазысын ертіп аңға шығыпты. Жолдан кезіккен түлкінің соңынан қуып береді. Жанұшыра қашқан түлкі алдынан кезіккен бір інге кіріп кетеді. Түлкіні ұстамақ болған бабамыз басындағы тымағымен іннің аузын бітеп, атын тазы итінің қарғы бауына байлап, інді орта тұсынан қазуға кіріседі. Іннің түбіне жете бергенде атыла қашқан түлкі басына іннің аузындағы тымақтың киілгеніне қарамастан басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Түлкінің артынан ұмтылған тазының жетегінде ат кете барады. Жалаң бас, жаяу қалған Малтүгел бабамыз кезіккен адамнан: Ат жетектеген тазы көрдіңдер ме, тымақ киген түлкі көрдіңдер ме? - деп сұрайтын көрінеді". Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазинмен сұхбатты оқи отырыңыздар http://el.kz/bm3371

0
0
903

«Ол – киелі адам»

Қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі қыруар, қоғам қайраткері, ұстаз, академик Өзбекәлі Жәнібеков сонау 60-80 жылдары мәдениет күмбезіне көтеріліп, биіктен көрген санаулы алаштың арда азаматтарының бірі. Ендеше ол туралы жазылған мына бір постты оқудан қалыс қалмаңыздар: http://el.kz/bm3290

0
0
1409

Звездопад ко дою столицы — «Астана Жұлдызы»

3000 зрителей, 350 участников, 100 экспертов - членов жюри, 15 номинаций, 6 ведущих и 2 эффектных падения на сцене!

5 июля в рамках празднования Дня Столицы на сцене Центрального Концертного Зала «Казахстан» состоялась Первая Профессиональная Музыкальная Премия – «Астана жұлдызы».

 

Как известно театр начинается с вешалки, а музыкальная премия, естественно, с красной дорожки.

В лучших традициях «Grammy» по красной дорожке проходили звезды отечественного шоу-бизнеса, артисты кино, музыкальные продюсеры и другие представители звездного бомонда. Они позировали фотографам и давали интервью журналистам. Несмотря на дождь, это мероприятие собрало множество простых зрителей. Они фотографировали своих кумиров или просто узнаваемых «людей с телевизора» на свои сотовые телефоны, но оставались при этом очень сдержанными. По-настоящему бурными аплодисментами публика одарила немногих, но их имена известны вам всем -  Роза Рымбаева, Бибигуль Тулегенова, группа «Муз-Арт».

 

Перед концертом звездная тусовка немного пообщалась на небольшом фуршете (хотя мне это больше напомнило светский раут).

Прозвучали два звонка и все заторопились на самое главное мероприятие – концерт и церемонию награждения музыкальной премии «Астана жұлдызы». Прошло еще несколько мгновений, в зале погас свет, и громко заиграла музыка. Под звуки фанфар на сцену вышли сразу шесть ведущих. Первым шел концертный генерал всея Казахстана – Нурлан Абдуллин. Его партнером оказался утонченный и аристократичный Жубаныш Жексенулы. Вторая пара ведущих на мой взгляд была лучшая среди остальных. Телевизионная ведущая Динара Сатжан и музыкальный продюсер Баян Есентаева. Третью пару, к своему стыду я так и не узнал.

В целом концерт получился очень ярким. Открыла концерт Народная артистка Казахстана Роза Рымбаева. Также в мероприятии приняли участие группа «Улытау» и Кадарали Болманов, группа «Муз-Арт», группа «Кеш You» и начинающий певец ADAM. Нужно отметить, что молодой артист не потерялся на фоне именитых коллег и доказал, что действительно достоин, представлять Казахстан на «Новой волне» в Юрмале. Закрывала концертную программу специально  приглашенный гость – известная певица Джамала.

 

Ну а теперь самое интересное:

 

Номинации:

Жана тыныс – Али Окапов

Лучший дуэт – «Мюзикола»

Самый стильный артист – Лидо

Лучший танцевальный коллектив – группа «Виват»

Лучшее концертное шоу – Роза Рымбаева

Лучший клипмейкер – братья Задорновские

Лучшая этно-группа – группа «Улытау»

Лучший герлзбенд – группа «Кеш You»

Лучший бойзбенд – группа «Муз Арт»

Лучший аранжировщик – Виктор Хоменков

Лучший автор – Фариза Онгарсынова

Лучший композитор – Талгат Сарыбаев

Лучший певец – Жубаныш Жексенулы

Лучшая певица – Маржан Арапбаева

Песня года – «Қазақтай ел қайда» группы «Муз Арт»

Дополнительно к 15 заявленным номинациям были вручены еще четыре. Две номинации «За вклад» - Куату Шильдебаеву и Кенесу Дюсекееву, приз от телеканала «Хит ТВ» в виде бесплатной ротации клипов достался группе «Орда». Премию от телеканала «Астана» получил Мейрамбек Беспаев.

Я позволил добавить несколько номинаций от себя. Итак:

«Лучшая речь на премии» - Нагима Ескалиева.

Нужно признать, что великая и ужасная для всех молодых вокалистов Нагима Ескалиева за словом в карман не полезет. Во время выступления Нагимы с речью пол зала оказалось под сиденьями от смеха.

«Самые сильные овации» - Бибигуль Тулегенова.

Зал взорвался аплодисментами, когда на сцену для вручения номинации «Лучшая певица» вышла сама Бибигуль Тулегенова.

«Самое эффектное падение» - Баян Есентаева.

На церемонии «Астана жұлдызы» было несколько фееричных падений, но с Баян Есентаевой тягаться очень сложно. Падения бывают разные – смешные, нелепые, страшные, но Баян упала с чувством внутреннего достоинства. Красивые женщины и падают красиво!

В целом у меня сложилось впечатление, что номинации вручались по принципу «давно пора», а не за достижения в период 2012-2013 годы. За своими наградами один за другим выходили всем известные ветераны отечественного шоубиза. Тогда, как  молодые исполнители не получили ничего (если не считать Али Окапова, конечно). А после мероприятия зрители спрашивали друг друга: «А где Кайрат Нуртас?!»

А что поделаешь, ведь это выбор членов Музыкальной Академии Казахстана, а не простого смертного Народа! Кто знает, может это и к лучшему.

 

Қарағанды қаласы

Бiз Қарағанды қаласына аттандық. Ондағы Қарағанды облысының акiмдiгi Қарағанды облысының мәдениет баскармасы " Долинка кентiндегi саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы " КМҚК-ға келдік. Бұл ғимарат 1931ж 19 желтоқсанда салынып бiткен болатын. Бұл ғимарат 2 қабаттан және жертөледен тұрады. Жалпы ауданы солтүстіктен -оңтүстікке дейін 300км, ал шығыстан - батысқа дейiн 200км. Негiзiнен барлығы 26 болiмшеден тұрған. Бiрак бұған Алжир  мен Балқаш бөлімдері кiрмедi. Карлагта әйел  мен еркек жұмысы болiнбедi. Сондықтан карлагтан аман шыққан әйелдердің 90% бала көтере алмады. Мұнда ғылыми залдар, шеберхана, ккiтапхана, емхана барi болған. Кейбір қатыгез  орындар:тергеу бөлмелері , зындандар, айыптау орындары бар. Ал ауырган адамдардың саны коп болды. Соған қарамастан 1дарiгерде 500 қаралатын наукасытары болған. Соңдықтан дарiгерлер барлық науқастарын қарап улгермейтiн. Осындай кинаулар коп болса да,  Караганды облысы осының арқасында КСРО-ның  астаналарынын бiрi болған. Мал шаруашылығы,  егiн , ғылым,  техника дамыды. Бул жақта қазақ тар коп болмаған. Халықты баска елдерден әкелген,. 1937ж -карiстер, ал 1936ж- поляктарды жұмысқа салған. Бұл ғимараттың алi де ашылмаган құпиясы коп...

0
0
766

Сүйікті мекен: Нью-Йорк

Әлемдегі ең сүйікті мекеніңіз қандай? Бұл сұраққа әр адам әр түрлі жауап берер: біреулер салтанатты Парижге асықса, біреулер Лондонның жаңбырын армандайды, үшіншісі Бомбейді қызық көрсе, төртіншісі туған ауылын сағынып отырады. «Екпін» жобасы жазғы демалысты пайдаланып, оқырмандарының әлемдегі сүйікті мекендері жайында сұрастырып көрді.

Ержан Алаш: Нью-Йорк

Әр адам өзінің білімі, діни, кәсіби және өмірлік көзқарастарына қарай белгілі бір мекенге баруды армандайды. Біреулер Сұлтан Ахметтің құдіретін сезінуге Стамбулға баруды армандайды. Біреулер ежелгі Рим империясының шұғыласын көруге Римге баруды, біреулер Пайғамбардың мекені Мединеге баруды, біреулер өмірдің мәнін ашамын деп Үндістанға немесе өмірдің сырын ақтарам деп Тибетке баруды армандайды. Ал мен болсам, мамандығыма орай әрқашан Нью-Йоркке баруды армандадым. Мені әркез Америка халқының бағындарған белестері, яғни оның индустриясы, экономикасы және өндіріс қарқыны қызықтырды. Ғаламат алып империяның осындай сипаттарының есігі болып оның Нью-Йорк қаласы саналады.

Бұл қалаға жетудің әсері кішкентай кезімдегі әйгілі "Pet Shop boys"-дың "New York City Boy" әнінен басталып, сағат таңғы 6-да "J.F. Kennedy" әуежайына қонудан басталды. Іле-шала сөмкелерімді ақылы сақтау бөліміне тапсырып, "қайдасың Манхэттен?" деп шығып кеттім. Манхэттеннің тек өзіне тән сары түсті таксилері туристтерді "менмұндалап" шақырғанмен, әдейілеп Нью-Йорктың метросын көруге метро ішіне кірдім. Өмірімде бұндай қалың нөпір халықты көрмеген мен, басында таңқалдым. Бұл халықтың бәрі шынымен бір жерге бара ма деген көкейдегі сұраққа кейін ғана жауап алдым. Оқыған деректеріме сүйенсек, таңғы сағат 9-ға дейін 20 млн-ға жуық халқы бар Нью-Йорктың барлық ауданынан, шамамен 7 млн-ға жуық халық Манхэттенге жұмыстарына ағылады екен. Елестетіп көріңіз, Қазақстанның жартысы әр күні таңертең бір жерден бір жерге көшетін болса...

Осыдан 3 жарым ғасыр бұрын Манхэттенді Голландиялық көпес 24 долларға сатып алған болса, бүгінде бұл мекеннің құнында шек жоқ. Мысалы, кішкентай ғана бұл шағын ауданның бүгінгі Жалпы Ішкі Өнімі - $1,2 триллионға тең, салыстырып көрсеңіз, бұл еліміздің ЖІӨ шамамен - $120 млрд., яғни 10 есеге аз.
Сол күні мен Манхэттеннің әйгілі Орталық Паркіне барып кейбір фильмдер түсірілген жерлерді өзім тауып алуға тырыстым. Мысалы, "Home alone" киносындағы Кевиннің (Маколи Калкин) серуендеген жерлері, тағысын тағы. Кейін осы парктен бастап жаяу бүкіл Манхэттенді жүріп шығып, сонау Бостандық аралындағы "Тәуелсіздік статуясына" дейін жеттім. Ол жердегі "Американдық арманның" бір лебін сезіп, өзім бұрыннан бері бір көруді армандаған американдық экономика мен қаржы нарығының символы "Уолл Стрит" көшелері мен әйгілі "Нью-Йорк қор биржасына" бардым.

Америка халқы әлемді басып оза дамып кеткен. Бұл елдің халқы ақпараттың құндылығын сонау 18 ғасырда-ақ түсінген. Бұрындары бұл жерде ескі-тозған қақпа болған. Сол қақпаның айналасында түрлі көпестер сауда жасайтын болған. Ал қақпаға саудагерлер неше-түрлі жарнаманы ақпарат ретінде қалдырып кетіп отырған. Кімге өзекті ақпарат керек болса, сол жерге баратын болған. Кейін келе көше "Қақпасы бар көшеге" айналған (Wall Street). Дамуы қарқынмен жүріп, осы көшеде аспанмен теңескен зәулім үйлер салынып, бұл жер бүкіл әлемнің саяси және экономикалық конъюнктурасын айқындайтын ауданға айналған. Құдірет деп осыны айтыңыз...

Нью-Йорктың осындай түрлі сан-салтанатын көрген соң Әбдурахман деген түрік бауырымыздың үйіне тарттым. Алыстан арбап, жақыннан алдайтын, Горкий болса "Жын қала" деп атау берген Нью-Йорктың халқы қандай болуы мүмкін деген сұраққа осы жерде жауап берсем деймін. Нью-Йорк әлемдегі ең мультиұлтты қала. Бұл жерде дүниедегі кез келген ұлтты кездестіруге болады. Десек те бұлардың бары жиынтық болып Нью-Йорк халқын құрайды. Бұлар бет-әлпетімен ерекшеленгенмен, заты бірдей халық. Әрине 20 млн. халықтың бәрі бірдей емес, дегенмен бұл қаланың халқы еңбекқор және талапты келеді. Оған қандай себеп бар деп іздеп жатудың қажеті жоқ. Өйткені бұл өлкеде еңбекқор болмасаңыз, өміріңіздің ақырғы күні алыс емес. Бұл қалада еңбек етіп нәпақа табасыз немесе мыңдаған кезбелердің санын толықтырасыз. Біздің тілмен айтқанда, бұл қаланың халқы қасқыр келеді, бизнесмендері аждаһа келеді. Басқа амалы жоқ.

Түрік ағамыз Әбдурахман өзінің тарихын 12 жыл бұрын Нью-Йоркке келуінен бастады. "Басында бұл қалаға арман қуып келдік. Жетіскеннен Отанымызды тастап келмедік. Алғашында қолға күрек болса болды деп, біраз сандалдық, ақыры Манхэттен кеңселерінің әжетханаларынан бір шықтық. Бастығымыз бізге жалақыны қатаң тәртіпке сай чекпен беріп жүрді. Бұндай заң бұл жерде қатал қадағаланады. Мардымсыз жалақыдан салық төлеу әрине шаруамызға қиғаштау келді. Кейін өзге де жұмыстарды тауып, көппен бірге ілесіп өз орнымызды таптық. Басында өз бастығымызға жалақыдан салық ұстағанға қырғидай тиісіп, кейін бұның да қайыры бар екеніне көзіміз жетті. Сөйтсек, бірнеше жыл бойы салық төлегеніміз орталықтандырылған ақпарат базасына тіркеліп отырыпты. Біраз жылдар бойы салық төлеп, банк алдында жұмысы бар, жалақысы жылдар бойы тұрақты болған сенімді адамдар санатына қосылып, Манхэттенге қол созым жердегі Куйнс ауданынан үй сатып алдым. Бүгінде Нью-Йоркте өз баспанам бар. Анау бір жылдары досымыз екеуміз мейрамхана ашып, сауданы да айналдырдық - дейді. Шынымен талапты адамның қандай жағдайы болмасын Нью-Йоркте "менмұндалап" тұрған өз бақыты бар. Бұл қаланың халқы жетістікке жетуде тек қана мына екі нәрсеге сенеді: талап пен еңбек.

Әрине, бес саусақ бірдей емес, бұл қалада сіз сандалып жүрген талай бейбақты көресіз, дегенмен бұл қалада өз бақытын тауып миллионер немесе сәтті іскер атанып үлгерген миллиондаған халықтың арасында кезбелердің мөлшері шаңның тозаңындай

Нью-Йорк даңқты қала! Бұл жерде бақыт бар. Бүкіл әлем құдды осы жерде секілді болып көрінеді. "Нью-Йорк жын-ойнақтың қаласы" - деген адам бұл жерден тек ойлағанын көреді. Шынымен бұл қаланың ұйықтағанын көрмеппін. Ал турасында бұл қалада жетістікке жетудің бүкіл амалы жиналған. Тек шабыттан да, керегіңді ала бер. Бұл қала іскерлер мен білімділер шоғырланған мекен. Бұл жерде олардан көп нәрсені үйреніп, көп нәрседен жиренуге болады. Тек адамның ақылы болса болғаны. Нью-Йорк жайлы ұзақ айтуға болады. Бірақ мен өзімнің дүниетанымыма, яғни экономика мен қаржы саласының өміріне тұспа-тұс келген жақтарын көрсетуге тырыстым.

"Нью-Йорк қайдасың?" - деп тағы да барып қайтпаққа тырыстым, онымен әзір уақыт болмай қойды. Ал өзіме салсам, алдағы 1-2 жылымды сол қалада өткізуге құштарлығым күннен-күнге ұлғаймаса, кемімеді. Кім болмасын, бұл қалада экономика да, саясат та, өнер де, архитектура да, мәдениет те, тіпті бүкіл әлем де бар! Менің ойымша бұл қала өзінің бесігінде бүкіл әлемді тербеп отырған қалаға ұқсайды. Олай болса, бұл қаланы қайтіп құрметтемеске?

Ал сіздің сүйікті мекеніңіз қай жерде?

____________________________________________________________________

Ұқсас материал: Сүйікті мекен: Жапония, Фукуока

4
4
3688

«Ботевті» бекер менсінбеппіз

Иә, «Ботевті» бекер менсінбеппіз. Жасыратыны жоқ, футболшыларымыз «қалпақпен қағып алады» деген сенім болған. Қайта «Левскиден» сескеніп едік. Бәрі керісінше болып шықты. Әй, бірақ, «Астананың» бас бапкері Мирослав Беранек те қызық…

 

«Астана» ойсырай жеңілді. Өз алаңында күтпеген жерден 0:1 есебімен жеңіліп қалған елордалықтар Болгариядақақпаларына жауапсыз 5 доп жіберіп алды.

 

«Ботев» (Пловдив, Болгария) — «Астана» 5:0

Голдар: Огнянов, 54. Анисе 56-пен. Неделев, 58. Грнчаров, 71. Неделев, 75.

Ескертулер: Виейра 30 — Шахметов 11, Куат 29

Ойынның 34-минутында Исламбек Қуат алаңнан қуылды.

«Ботев»: Стаховяк, Грнчаров, Минев, Спрокел, Огнянов, Христов, Анисе, Ирсак, Галчев (Педро 76), Виейра (Дьяков 61), Кортзорг (Неделев 46)

«Астана»: Эрич, Дмитренко, Игуманович, Бейсебеков, Зелао, Коробкин, Нұрдәулетов, Кетевоама (Пасичник 76), Кояшевич (Нөсербаев 64), Шахметов (Қонысбаев 60), Қуат

Бас төреші: Павле Радованович (Черногория)

Бірінші ойын – 1:0

 

«Астана» қарымта қайтарар» деген көмескі болса да, үмітіміз болған.Өйткені, «Астана Арена» стадионында өткен бірінші ойында, шыны керек, «Ботев» соншалықты керемет ойнаған жоқ-ты. Уақытын текқорғанумен өткізіп, бір ғана шабуылын голға айналдырған.

Болгариядағы кездесудің бас кезінде де «Ботевтің» басымдығы білінбеді. «Астана» қорғаныста сауатты ойнап, алғы шепте алаң иелерініңшабуылдарына лайықты жауап қайтарып жатты. Бірақ бұл тепе-теңдік жарты сағат қана сақталды. 34 минуттың ішінде екі рет ескерту алыпүлгерген Исламбек Қуат алаңнан қуылып, қонақтардың жағдайы мүлдемқиындап кетті.

Кем құрамда ойнаса да, «астаналықтар» үзіліске дейін және екінші таймның бас кезінде тәп-тәуір ойнап жатқан. Алайда, 54 минуттақорғанысымыз сыр беріп, қақпамызға алғашқы голды жіберіп алдық. Содан басталды дейсің… 58 минутқа дейін Эрич қақпасына тағы екі гол соғылып, 0:3 есебімен жеңіліп жаттық. Ал 75 минутта есеп – 0:5-ке жетті.

 

Иә, «Ботевті» бекер менсінбеппіз. Жасыратыны жоқ, футболшыларымыз «қалпақпен қағып алады» деген сенім болған. Қайда «Левскиден» сескендік. Бәрі керісінше болып шықты. Әй, бірақ, «Астананың» бас бапкері Мирослав Беранек те қызық. Өте жылдам, қолды-аяққа тұрмайтын Қонысбаев пен Нөсербаевты негізгі құрамға шығармағаны несі? Сонда бұл екеуі ұлттық құрамада керек те, клубта басқа командаластарына бәсекелес бола алмай ма? Рас, анығын әзірге білмейміз, бәлкім, Ұлан мен Таңат сырқаттанып қалды ма екен?! Алайда, неде болса, алаңға шықты ғой. Бірақ кеш шығарды. Болары болып, бояуы сіңгенде ойынға қосылды. Ендеше, гәп бұл екеуінде емес, Беранекте болып тұр ғой. Әлде қателесеміз бе?

 
0
0
295

«Ас мәзірі»

«Ас мәзірі»

Бұл жерде дүниежүзі халықтарының тағамдары жасалады. Қытай халқының дәстүрлі тағамдары туралы Ұлттық арнада 14 шілде сағат 10:00-де «Ас мәзірі» бағдарламасынан көріңіздер.

0
0
1064