Мазмұнға өту

Жаңа

Елдос Далабай: Табыс емес, ұлттық намыс үшiн күйесiң

– “Бейбiт 150 мың АҚШ доллары мен автокөлiктi алуға ғана келдi. Қола белбеу үшiн кiлемге шықпаған себебi сол” дегенге саятын пiкiрдi де құлағымыз шалды. Оларға айтарым көздегенiмiз табыс емес – ұлттық намыс!

 

Кеше Тараз қаласында облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында екi спортзал кешенiнiң салтанатты ашылу рәсiмi өттi. Бұл шара барысында “Әмiр және Д” ЖШС-ның атқарушы директоры Ләззат Оңғарқызы “Қазақстан барысының” былтыр­ғы жеңiмпазы   Бейбiт Ыстыбаевқа “Тойота Ланд Крузер 200” автокөлiгiн сыйлады. Салтанатты шара кезiнде Бейбiттiң бапкерi Елдос Далабаймен сұхбаттасудың сәтi түстi.

 

– Ақты қаралап, я болмаса әдiлдiктiң ақ жолынан тайған жағдайды атамқазақ “Көрген көзiм жазықты” деп үш-ақ сөзбен шегелей салған ғой, – деп бастады әңгiмесiн Елдос Далабай. – Күнi кеше мәре­сiне жеткен Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың жүлдесi үшiн өткен үшiншi “Қазақстан барысы” турнирiндегi сорақылыққа бұдан басқа айтар дұрыс жауап аузыма түспей тұр. Биылғы “Қазақстан барысының” басталуына бiр ай шамасы қалғандаҚызылорда облысы, Қармақшы ауданында Тайымбек Көмекбаев атындағы турнир өткен. Сол жарыс­тың жартылай финалдықбәсекесiнде шығысқазақстандық балуан Мұхит Тұрсыновпен белдесiп, Бейбiт шынтағын сындырып алған болатын. Жиырма күндей гипспен жүрiп, дайындығымызға небәрi он шақты күн ғана уақыт бөлдiк. Тiптi жарақатқа байланысты қатыспай қаламыз ба деген де күдiгiмiз болды. Әйтсе де, былтыр Бейбiт “Қазақстан барысы” атанғаннан кейiн “Алла қаласа, әлi үш рет ұтамын” деген уәдесiнiң үдесiнен шығуүшiн “Абылайдың асында шаппағанда..” деп жарақатқа қарамай, белi­мiздi буып келген бетiмiз едi. Әлемдiк спортта кездеспеген ақылға қонымсыз сорақылықты бастан өткеремiз деген ой үш ұйықтасақ түске кiрмеген. Күйiнетiнiмiз, қазақ күресiнiң ережесi өрескел бұзылды. Мәселен, кiлем жетекшiсi, ұлт­тық және халықаралық дәре­жедегi төрешi Бақыт Жаңбырбаевтың өзi халық алдына шығып түсiндiрдi емес пе? Бел­десудi тiкелей эфирде жүр­гiз­ген өткен жылғы “Қазақстан барысының” күмiс жүлдегерi Шалқар Жоламанов та Шын­кеев дау шығарған сәтте: “Бұл жерде Ержан қателеседi. Мұндай жағдайда бүк ұпайы берiлмейдi. Егер Ержан тағы дауласатын болса, жарыстан шеттетiледi”, – дедi. Бiрақ қазақ күресiнiң бекiтiлген ережесi жайына қалды. Кез келген спортшы төрешiмен дау­ласпауы керек. Спортшы тарапынан төрешiге бiр ауыз қарсы пiкiр айтылса, қатаң ескерту жасалады, оған көнбесе, жарыстан шеттетiлуi тиiс. Бұл жарысты әлемнiң қанша елi тамашалады десеңiзшi. Олардың алдында өзiмiздi-өзiмiз масқараладық. Мысалы, барлық елдiң өз ұлттық ойын­дары бар. Олар төрешi­лердiңшешiмiне қарсы кел­мейдi. “Үмiтсiз шайтан” демей ме, осыған жауапты жоғарыдағы ағалардан күтiп жүрмiз. Бұлай болмаған жағдайда мұндайқитұрқы iс-әрекет келесi жарыстарда қайталанбасына кiм кепiл? Онда көп жанкүйер жинап алып, қазы­лар­ға айқайлатып қойып, жеңiстi бұра тартып ала бер­генiмiз елдiгiмiзге сын.

 

Күнi кешеге дейiн үлкен мәртебеге ие болған “Қазақстан барысының” ақтық сынына шығу оңай емес. Ол спортшы мен бапкердiңкемiнде он жылғы еңбегi, төккен терi ғой. Ал оны 20-25 минутта жоққа шығаруды спортшының сағын сындыру демеске шара жоқ.

– Спортшының сағын сындыру демекшi, “Бейбiт үлкен спорттақала ма?” деп жанкүйерлерден сауал көптеп жолданады бiзге.

– Нақты кесiп айта алмаймын. Спортпен бiржола қоштасуы да мүмкiн. Уақыт көрсетедi ендi. Бейбiт өзi: “Алла жар болса, биыл және келесi жылы “Қазақстан барысы” болсам, түпкiлiктi дзюдомен шұғылданамын. Бұйырса, 2016 жылы Рио-де-Жанейро олимпиадасында елiмiздiң Көк байрағын желбiретуге бар күшiмдi саламын”, – дейтiн.   Әрине, ақтықсынға Бейбiт пен Айбек шыққанда кiмнiң же­ңетiнi бiр Аллаға ғана аян. Бiрақ бiз жартылай финалдық кездесу аяқталғанда төре­шiлер Бейбiттiңқолын көтергенде екiншi мәрте “Қазақстан барысы” атанатынымызға сенiмдi едiк. Өйткенi Бейбiт Айбектi 2011 және 2012 жылғы “Қазақстан барысында” таза жеңгенi мәлiм. Ал артынша әлгiндей сорақы жағдай орын алып, ақтық айқаста Айбек пен Ержан белдесер алдында Нұғымаровтың жеңетiнiне iштей сенiмдi болдым. Олай дейтiнiм – Айбекөткен жылғы “Қазақстан барысында” және биылғы Петропавлда өткенҚазақстан чемпионатында Ержанды алып ұрған едi. Iшкi түйсiгiм алдамады.

 

– Қола белбеу үшiн күресуге неге шықпадыңыздар?

–   “Бейбiт 150 мың АҚШ доллары мен автокөлiктi алуға ғана келдi. Қола белбеу үшiн кiлемге шықпаған себебi сол” дегенге саятын пiкiрдi деқұлағымыз шалды. Оларға айтарым көздегенiмiз табыс емес – ұлттықнамыс! Әдiлқазыларға деген өкпемiздiң қара қазандай болғанын кiлемге шығып дауласып көрсеткенше, белдесуден бас тарту арқылы наразылықтанытайық деп ұйғардық.

Бейбiт тек жерлестерi үшiн ғана емес, күллi қазақ елiнiң алдында да жеңiлмегенiн көр­сеттi. Соның дәлелi ретiнде елiмiздiң әр аймағынан жанашыр жандар қоңырау шалып, көңiлiмiздi өсiрiп жатыр. Астанадан Таразға ұшып келгенде әуежайда-ақ чемпионнан ар­тық сый-құрмет көрсеткен Жамбыл жұртшылығына, облыс­тық спорт басқармасыныңбастығы Гамлет Қайнарбековке, облыстық қазақша күрес федерациясының басшысы Айтқазы Қарабалаевқа алғысымызды айтамыз.

 

Нұрболат ӘЛДИБЕК,

 
0
0
1120

«Ақтөбе» — «Гандзасар». Тағы да — 2:1

Осыдан бір апта бұрын түзде Арменияның «Гандзасар» клубын 2:1 есебімен түзе бүктірген «Ақтөбе» өз алаңында да армяндарды дәл осындай есеппен жеңді. Енді Владимир Никитенко шәкірттері Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Норвегияның «Хедд» клубымен текетіреседі.

 

Осыдан бір апта бұрын түзде Арменияның «Гандзасар» клубын 2:1 есебімен түзе бүктірген «Ақтөбе» өз алаңында да армяндарды дәл осындай есеппен жеңді. Енді Владимир Никитенко шәкірттері Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Норвегияның «Хедд» клубымен текетіреседі.

 

«Ақтөбе» — «Гандзасар» (Армения) 2:1

Голдар: Кападзе, 2. Кападзе, 52 — Бегларян, 35.

Ескертулер: Бадло 22, Логвиненко 27, Гейнрих 80 — Хачатрян Ара 48

«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Праймус, Кенжесариев, Логвиненко, Харабара, Хайруллин, Кападзе (Тағыберген 88), Давыдов (Ковальчук 39), Гейнрих (Гридин 82)

«Гандзасар»: Бегларян, Авагян Ар., Обрадович, Мелконян, Дашян, Вукоманович (Петросян Ал. 74), Хачатрян Ара, Григорян А., Джикия, Татинцян (Авагян Айр. 86), Бегларян

Бас төреші: Никола Дабанович (Черногория)

Бірінші ойын – 2:1.

 

Алаң иелері ойынды өте сәтті бастап, екінші минутта-ақ есеп ашты. Марат Хайруллин әсем пасын Тимур Кападзе голға айналдырды. Алайда жылдам гол қонақтардың сағын сындыра алған жоқ. Керісінше, «Ақтөбеге»қарағанда «Гандзасар» футболшылары жиі шабуылдап жатты.Қорғанысты бұзып өтулері де қиынға соқпады. Тек бірінші таймныңортасында ғана Владимир Никитенко шәкірттері тізгінді қайта қолдарына алды. Сөйтіп өздері де «жорыққа» шыға бастады. Сондай шабуылдардыңбірінде Сергей Давыдов қақпашымен жеке дара шыққан. Алайда керемет мүмкіндігін жіберіп алды. Сол-ақ екен, армяндар алға лап қойып, күтпеген жерден есепті теңестіріп кетті.

Ойынға бір өзгерістің керек екенін түсінген Владимир Никитенко шабуыл шебіндегі Давыдовтың орнына жартылай қорғаушы Сергей Ковальчукты шығарды. Сөйтіп допты көбіне орталық алаңда ұстап, алғы шепке Гейнрихті күзеттіріп қойды. Ал екінші таймның 52-минутында «Ақтөбе» алға шықты. Керемет дриблинг көрсетіп, екі-үш қорғаушыдан сытылып өткен Еміл Кенжесариев Тимур Кападзеге әдемі пас шығарған.Өзбекстандық легионер мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Қорытынды есеп – 2:1.

 

Енді «Ақтөбе» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Норвегияның«Хедд» клубымен кездеседі. Бірінші ойын 18 шілде күні Ульстейнвикқаласында өтсе, қарымта кездесу шілденің 25-сінде Ақтөбеде өтеді.

     

Алаш-Арена

 
0
0
614

Желаяқтар енді әлем чемпионатына дайындалады


Азияның 43 елінің мыңға жуық спортшысы қатысқан «Сары құрлық» додасында 7-орынға тұрақтады. Ал көш басында – әдеттегідей, қытайлық атлеттер.

Үндістанның Пуна қаласында жеңіл атлетикадан Азия біріншілігі мәресіне жетіп, «Спорт падишасының» қазақстандықөкілдері елге екі алтын, бір күміс, екі қола медальмен оралды. Сөйтіп, Азияның 43 елінің мыңға жуық спортшысы қатысқан «Сары құрлық» додасында 7-орынға тұрақтады. Ал көш басында –әдеттегідей, қытайлық атлеттер.

Бірінші алтынды Қазақ еліне көп­сайыс­тан Дмитрий Карпов сыйлады. Әдетте найза лақтыруда қапы қалып жүрген жер­ле­сіміз ақырындап бұл көрсеткішін де жақ­сартып келеді. Азия біріншілігінде Карпов қарсы­ластарынан алғашқы бағ­дар­ламаларда-ақ ұзап кетті. Нәтижесінде, 8037 ұпай жинап, құрлық рекордын жаңарт­ты. Екінші орын жапон жігіті Нака­му­ра Акихикоға бұйыр­ды. Күміспен күп­тел­ген ол қарағандылық спортшыдан бақан­дай 417 ұпайға артта қалып қойып­ты. Ал үздік үштікке өзбекстандық Леонид Андреев ілікті.

Енді Карпов екі апта демалып, одан кейін та­мыз­дың 10-ы мен 18-і аралығында Мәс­­­кеуде өтетін әлем чемпионатына дайын­­далады. Ал келесі жылы Оңтүстік Корея­ның Инчхон қаласында өте­тін жазғы Азия ойындарына қатысқысы келетінін жасыр­мады.

– Сол додада Рио де-Жанейро Олим­пиа­дасының лицензиялары сарапқа салынбақ. Әлбетте, бірінші ретте өзімнің мүмкіндігіме қараймын ғой. Дегенмен егер бабымда болып, бағым жанып, Олимпиада жол­да­масына қол жеткізіп жатсам, онда Рио де-Жанейродан қалмаймын, – деп қосып өтті Карпов.

Иә, жасыратыны жоқ, Дмитрий Карпов қазір нағыз бабында. Бұрынғы рекордт­та­рын жаңартып жатпаса да, соған жете­қа­был көрсеткіштерді көрсетуде. Азия чем­пио­натының алдында Чехияның Кладно қаласында өткен халықаралықтурнирге қатысып, күміспен күптелген. Енді міне, дүниежүзілік додада атой салмақ. Мейлі, әлем біріншілігінде алдыңғы қатардан көрінуге шамасы жетер, ал Олимпиадада ел намысын абыроймен қорғай алар ма? «Шеберлігіне күмән келтірмейміз», дегенмен, 2016 жылы Диманың жасы 35-ке келеді екен. Қанша жерден тәжірибелі болса да, жалындаған жастардың қар­қы­нына төтеп бере ала ма? Ал егер, шынымен де, бабы мен бағы бір арнада түйісіп, Риоға барар болса, бұл оның төртінші Олим­пиадасы болмақ. Афины Олим­пиа­дасының қола жүлдегері деген атағы бар, бәлкім, Вино­куров секілді спортпен қоштасарында алтынмен апталып қалар.

Азия чемпионатында атой салған өзге спортшыларымыздың көрсеткіштеріне тоқ­та­лайық. Құрама қоржынына екінші алтын­ды Виктория Зябкина салды. 200 метрге жүгіруде сынға түскен жерлесіміздің фи­нал­ға дейінгі көрсеткіштері көңіл көнші­тер­ліктей болған жоқ. Есесіне, ақтық сын­да ба­рын салып, мәре сызығын 23,62 секундта жүгіріп өтті де, басты бәсекелесі үндістандық Ашу Ройдан 0,09 секундқа озып кетті. Ал 100 метрге кедергілер арқы­лы жүгірген та­ғы бір жерлесіміз Анастасия Сопру­но­ва­ның алтынға қол жеткізуі үшін, керісінше, 0,09 секунд жетпей қалды да, 13,44 се­кунд­тық көрсеткішпен күмісті қанағат қылды.

Қалған екі қолаға үш қарғып секіруде Ирина Эктова биіктікке секіруде Марина Аитова қол жеткізді. Эктова 13,75 метрге секірген. Ал Аитова 188 сантиметрмен шек­телді. Айта кетейік, бүгінде Азия рекор­ды­ның иесі — Марина. Осыдан төрт жыл бұрын жерлесіміз 199 сантиметрге секір­ген болатын. Өкінішке қарай, кейін жара­қат алып қалды да, қайта бабына келе алмай жүр.

Сонымен жалпы есепте жетінші орынға орналасқан Қазақстан құрамасы алғаҚытай, Бахрейн, Жапония, Сауд Арабиясы, Өзбекстан және Үндістанқұрамаларын жіберіп алды.

Вячеслав Сокирко, жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттыққұрамасының бас бапкері:

– Биылғы маусымда негізінен жастардың әлеуеттерін байқайық деп шештік.Өйткені бізде буын алмасу кезеңі жүріп жатыр. Кешегі жеңімпаздардың орнын лайықты басатын жастар керек. Ал бізде дарындар аз емес. Тек оларға мүмкіндік беру қажет. Әлбетте, әлем чемпионатын да естен шығармаймыз. Сол сияқты, келесі жылы Азия ойындарына да дайындықты барынша жалғастырамыз. Биылғы жылдың қазан айынан бастап, жазғы Азиадаға дайындалуға кірісеміз. Сол үшін қыркүйек айында барлық бапкерлердің басын қосып, жоспарларымен таныстырамыз.

 

Асфендияр ЖАНАДІЛ

 
0
0
627

Астана күні

Мен Астананын туған күнінде жүргенiме  қуаныштымын. Ауа-райы көше арлап, кыдыруга оте қолайлы болып тур. Бiз алгашкы серуендердiн басын ең үлкен акванариумы орналасқан Думан ойын-сауық орталығынан бастадық. Оның Iшiн аралап қазіргі дүние мен бұрынғы заманның тоғыскан кереметтерін тамашаладык. Одан арi қарай Mega Astana-га бардық. Қазақстан қалаларындагы Mega -лардың моделi ұқсас болғандықтан, озiмiздiн уйiмiздей болды. Ерекшелігі устiнгi қабаттан төменге құлап ағып жатқан бұлақ болды. Қала күнi оте қызу қарқынмен журiп жатты. Сарыарка даласының кендігi мнг байлыгына атап қойған Сарыарка ойын-сауық орталығына ат басын тiредiк. Бұл жердің дукендер пен мейрамханаларга бай екенін бiрден аңғаруға болады. Қазақтың керуен жолының бұрынғы кездегі маңызына байланыстырып қойған Керуен орталыгына келдік. Осы жерден тускi асымызды Iшiп, кинотеатрга кiрдiк. Iшiндегi қызықка көз тоймайды. Осылайша бiздiн саяхатымыз аяқталды. Мен осы күнге ризамын!!!

0
0
491

«Ақсауыт»


Іле бойында орналасқан инженерлік әскерлердің ең ірі полигоны туралы «Ақсауыт» бағдарламасынан көріңіздер. Ұлттық арнада 14 шілде сағат 11:20-да.

0
0
348

Прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары бойынша Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/prokuratura-organdarynyn-birinshi-zhartyzhyldyktagy-zhumys-korytyndylary-boyynsha

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындыларын талқылауға және қызметтің алдағы кезеңге арналған басым бағыттарын айқындауға арналған Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті.

0
0
1241

«Көкпар». Ұлттық ойын

«Қазақстан» Ұлттық арнасында «Көкпардан» спорт қайраткері Момынов Нәби Рүстемұлын еске алуға арналған халықаралық турнир. Алматы қаласының құрамасы мен «Әлие-ата» командалары арасындағы тартыс. 14 шілде сағат 14:15-те Ұлттық арнада ұлттық ойын - «Көкпар».

0
0
387