Оливер Кан: «Футболды дамыту үшін сіздерге әлі көп жұмыс істеу керек»
Елордада «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының» Тұсаукесері өтті. Осы жиынға арнайы шақырылғанқонақтардың арасында әлем футболының жарық жұлдызы, Германия құрамасы мен «Бавария» клубының экс-қақпашысы Оливер Кан да болды. Жылнама: **** Оливер Рольф Канн 1969 жылы 15 маусымда Карлсруэ қаласында дүниеге келген. Германия құрамасы мен «Бавария», «Карлсруэ» командаларында өнер көрсеткен. **** Әлемнің үш рет үздік қақпашысы атанған: 1999, 2001, 2002 жылдары; **** Еуропаның төрт рет үздік қақпашысы атанған: 1999, 2000, 2001, 2002 жылдары; **** Германияның екі рет үздік ойыншысы атанған: 2000, 2001 жылдары; ****Неміс Бундеслигасының алты дүркін үздік қақпашысы: 1994, 1997, 1998, 1999, 2001, 2002 жылдары; **** Корея мен Жапонияда өткен 2002 жылғы әлем чемпионатының үздікойыншысы әрі үздік қа…


