Newsweek журналының рейтингі бойынша, Дарвиннің әдебиетке қосқан үлесі Библия мен Маркс, Фрейд, Толкиен және Шекспирдің шығармаларына қарағанда салмақтырақ. Ең үздік әдеби шығармалардың аса беделді ондықты сараптап, Newsweek журналы сексен алты автордың жүз төрт шығармасынан тұратын әлемнің басты кітаптар метатізімін дайындап шықты. Рейтингтің алдыңғы шебінде Лев Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілігі». Бұл роман Джордж Оруэллдың «1984», Джеймс Джойстың «Улисс», Владимир Набоковтың «Лолита» және Уильям Фолкнердің «Шу мен қаһар» сияқты шығармаларын озып шыққан. Тізімді құрастыру кезінде Опра Уинфри, Википедия, The Guardian мен The Telegraph газеттері және арнайы классикалық Modern Library баспасының рейтингтері ескерілген. Метатізімге Данте (10-шы орын), Маркес (17-ші), Дарвин (27-ші), Маркс (…