«Тарих толқынында»
Көшпенділер өркениеті және әскери өнер туралы «Тарих толқынында» хабарында айтылмақ. Ұлттық арнада 13 тамыз, сағат 18:55-те.
Көшпенділер өркениеті және әскери өнер туралы «Тарих толқынында» хабарында айтылмақ. Ұлттық арнада 13 тамыз, сағат 18:55-те.
Халқымыздың рухани көсемі, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын, сазгер, философ - Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Ұлттық арна - «Абай» деректі драмасын ұсынады.
Кальяни әжей немересінің оқуына неге қарсы? Бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:45-те тамашалаңыздар.
Ғашықтар қайта табыса ма? Ұлттық арнадан «Алғашқы махаббат» телехикаясын бүгін, сағат 19:30-да тамашалаңыздар.
Мектептегі қызықтар. Бүгін сағат 21:50-де Ұлттық арнадан «Айналайын» отбасылық телехикаясын тамашалаңыздар.
«Тәуіп Хо Жун» атты корей телесериалын бүгін, 15:55-те тамашалай аласыздар.
Аяулым Шалқар — заманауи өнер адамының нағыз үлгісі. 17 жасында әңгімелер жазып, иллюстрация, логотиптер салады, модельдік жұмысына үлгеріп, сый тәттілерін әшекейлейтін «Кампитка» атты жеке жобасын жүргізеді. Бір сөзбен айтқанда, ол өз алдына мақсат қоя білетін, өзіне қарата білетін қызығарлық тұлға. Бүгінгі материалда Аяулымды әңгімеге тартып, оны жақынырақ білуге тырыстық.

— Сәлем Аяулым! Өзің жайлы қысқаша айтып өтсең?
— Мен 1996 жылы 29-қаңтарда Алматыда дүниеге келдім. Ы.Алтынсарин атындағы 159-мектепті осы жылы бітірдім. 16 жасымда EAT Models модельдік агенттігіне қабылдандым. Олар мені Вконтакте желісіндегі суреттерім арқылы тауып алыпты. Look.tm сән порталына жасаған фотосессияма қызыққан болуы керек.
— Ата-анаң да өнерге жақын ба? Мүмкін шығармашылыққа деген құштарлық солардан дарыған болар?
— Мүмкін. Өйткені әкем жас кезінде сурет салумен айналысқан екен. Ал анам болса әрдайым әдебиетке жақын болған.
— Қашаннан бастап әңгімелер жаза бастадың? Оларды басып шығару ойыңда жоқ па?
— Әңгіме жазуды 2012 жылдың басынан бастағанмын. Кішкентай кезімнен қалың роман жазуды армандайтынмын. Бірақ жазуға отырған кезде әрдайым қысқа әңгіме болып қана шығатын. Оған уайымдайтынмын да. Бірақ кейінірек қысқа әңгіменің өзінше бір көркі барын байқадым. Қазірше оларды басып шығару ойымда жоқ. Жеке блогымда ғана шығып отырады.

— Әдемі иллюстрациялар жасайсың. Қазірде қандай компаниялармен жұмыс жасап үлгердің?
— Бірден айта кету керек, сурет салу — бұрыннан келе жатқан сүйікті ісім. Соңғы кезде дизайн, фирмалық стиль мен логотиптер жайлы кітаптарды қызыға оқи бастадым. Осы салада маманданғым келеді. Бірнеше логотип жасап үлгердім. Қазірде маған негізінде кішігірім бизнес өкілдері жүгінеді. Мысалы, Rainbow Cakes наубайханасы, Fashion Box және Anarelle әшекейлер сататын онлайн дүкендері. Бірақ қазірде біраз үлкенірек жоба үшін жұмыс жасап жатырмын. Бір қуантатыны — адамдар диплом мен тәжірибемнің жоқтығына қарамастан хабарласып жатады.


— «Кампитка» брендінің идеясы қалай келді? Жұмыс процесі қалай өтеді?
— Негізі оның идеясы менің әпкемдікі. Кез келген тақырып аясында сыйлық ретінде тәттілерді әшекейлеп шығу. Жобаны бірігіп іске асырғанбыз. Мен фотограф жұмысын және вконтакте мен инстаграм желілерін жүргіземін. Барлық тапсырыстарды үйде отырып, өз қолымызбен жасаймыз. Тапсырыс берушілер әрдайым риза болып жатады. Шыны керек, әр нәрсені сүйіспеншілікпен жасаймыз.


— Өзіңді болашақта қай салада көресің? Университетіңді таңдап қойдың ба?
— Шынымды айтсам, оны әлі өзім де білмеймін. Сол себепті барлық жерде өзімді сынап көргім келеді. Ал оқуға бір-екі аптадан кейін Франция, Страсбургке кетемін. Ол жақта оқу бұрынғы арманым еді. Арманымды орындап келемін. Өнер факультеті, дизайн курсына түстім.
— «Сұлулық» ұғымын қалай түсінесің? Сұлулық эталоны сен үшін кім?
— Сұлулық деген мен үшін ең біріншіден — денсаулық. Күтімі мен денсаулығы бар қыз әрдайым сұлу. Ал сұлулық эталоны мен үшін — Миранда Керр.
— Сен үшін шабыт көзі?
— Менің жеке шабыт көзім бар — ол менің сүйіктім.
— Қандай спорт түрімен айналысасың?
— Бала кезімде бимен айналыстым, оның ішінде балет және сальса. Жүзуді жақсы көремін. Қазірде аса ешқайсысымен айналыспаймын, тек сөремдегі скакалканы ұмытпаймын.
— Күнделікті жазғы күніңді қалай суреттей аласың? Қалада сені көбінесе қай жерлерде кездестіруге болады?
— Жазда түске дейін ешқайда кездестірмейсіздер. Өйткені ұйықтауды жақсы көремін (күліп). Ал әдетте кофеханаларда, Алматының әдемі бақтарында немесе жай ғана көшеде түсірілім кездерінде.




— Сүйікті кітаптарың жайлы айтып берсең?
— Дина Рубинаның «Когда же пойдет снег» әңгімелер жинағы ұнайды. Жаңа бестселлері «Жутко громко и запредельно близко» да жаман емес. Бірақ барлық кітаптардың арасынан мені әрқашанда Борис Акуниннің романдары қызықтырып әкететін.
— Өмірлік ұстанымдарың бар ма?
— Әрине. Өмірдегі әрекеттерімнің бәрі де бұрында өзіме қалыптастырып алған ұстанымдарыма негізделеді. Олардың бастысы — өзімді ешқашанда өзгелермен салыстырмау және өзіме шектеу қоймау. Менің ойымша, бәріне де қол жеткізуге болады және бәріне де рұқсат етілген. «Дұрыс» және «бұрыс» деген ұғымдар жоқ, бәрі өз қолыңда.

— Өмірде сен үшін ең басты нәрсе?
— Еркіндік.
Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы әскери атташе полковник Хамза Рухи Каберегпен кездесті.

Келіссөз барысында екі елдің құрлық әскерлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан мен Иранның әскери оқу орындарында мамандар дайындау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар жекелеген бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудегі тәжірибелерін бөлісті. Сонымен қатар, неғұрлым тығыз қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін екі ел әскери делегацияларының бақылаушы ретіндегі барыс-келіс мүмкіндігі сөз болды.
Полковник Хамза Рухи Каберег Қазақстан Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысымен әңгіме кезінде Қазақстан әскери қызметшілерінің Жауынгерлік парадта көрсеткен кәсіби және жауынгерлік дайындығына жоғары баға берді.
Сондай-ақ, ол Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аталған іс-шараға қатысуы Мемлекет басшысының әскерге деген үлкен сенімін көрсетеді деп атап өтті.
Кездесу соңында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев меймандарды жуырда ғана өткен Иран Ислам Республикасының жаңа президентін ұлықтау салтанатымен құттықтады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
Жеңіл атлетикадан Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күніндегі медальдар жиынтығы ойнатылды. Сонымен кеше «Лужники» стадионында жарыстың алты түрінен жеңімпаздар анықталды.
Әлем чемпионатын қабылдаушы Ресей құрамасы қатарынан Александр Иванов спорттық жүрістен алтын медаль еншіледі. Осы жетістігінің арқасында әзірге ресейліктер Хорватия және Ұлыбритания мемлекеттерімен бесінші орынды бөлісіп отыр. Ал көшбасында АҚШ спортшылары келе жатыр. Олардың қоржынында екі алтын және бір күміс медаль бар. Одан кейінгі орындарда бір-бір алтыннан алған Кения мен Эфиопия тұр.
АЛЕКСАНДР ИВАНОВ (Ресей), 20 шақырымға спорттық жүріс (ерлер)

Иванов бұл қашықтықты 1 сағат 20 минут 58 секундта бағындырып, әлем чемпионы атанса, екінші орын Олимпиада чемпионы қытайлық Чэнь Динге бұйырды (1:21:09). Қола медаль испан Мигель Анхель Лопесте (1:21:21).
БРИТТНИ РИЗ (АҚШ), ұзындыққа секіру (әйелдер)

Іріктеу кезеңінен әзер дегенде өткен Риз финалдық бәсекеде 7,01 метр ұзындықты бағындырып, чемпион атанды. Күмісті нигериялық Блессинг Окагбаре ұтып алса (6,99), қола медаль серб атлеті Ивана Спанович қанжығасында кетті (6,82).
ЭШТОН ИТОН (АҚШ), онсайыс (ерлер)

Бұл жарыста Олимпиада чемпионы, американдық Итонның жолы болды. Ол онсайыс қорытындысы бойынша 8809 ұпай иеленіп, әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Екінші орында неміс Михаэль Шрадер (8670 ұпай), үшінші канадалық Дамиан Уорнер (8512 ұпай). Естеріңізге сала кетейік, онсайыста ел намысын қорғаған Дмитрий Карпов кеше жарыс жолынан шығып қалған болатын.
САНДРА ПЕРКОВИЧ (Хорватия), диск лақтыру (әйелдер)

Диск лақтырып жарысқан спортшы әйелдердің ішінде 67,99 метр нәтижесімен хорватиялық Сандра Перкович жарыс жеңімпазы атанды. Күміс алқаға француз Мелина Робер-Мишон қол жеткізсе (66,28), қола кубалық Ярелис Барриоста (64,96).
ТИРУНЕШ ДИБАБА (Эфиопия), 10 000 метрге жүгіру (әйелдер)

Өткен күні 10 000 метрге жүгіруден Эфиопия ерлеріне бұйырмаған алтын алқаға әйелдер қол жеткізді. Үш дүркін Олимпиада чемпионы Дибаба бұл аралықты 30 минут 43,35 секундта басып өтіп, чемпион атанса, күмісті кениялық Глэдис Чероно еншіледі (30:45,17). Қола тағы бір эфиопиялық Белейнеш Олджирада (30:46,98).
УСЭЙН БОЛТ (Ямайка), 100 метрге жүгіру (ерлер)

Сондай-ақ кеше жарыстардың төресі, ең қысқа қашықтыққа жүгіруден ерлер арасындағы финалдық кезең болып өтті. Джастин Гатлин, Неста Картер сияқты жүйріктер жиналған сайыста қазіргі таңдағы әлемдегі ең жылдам адам ямайкалық желаяқ Усейн Болт әзірге өзімен ешкімнің бәсекелесе алмайтынын тағы да бір дәлелдеді. Әрине көпшілік одан кезекті әлем рекордын күткені анық. Алайда ол үміт ақталмады. Десек те нәтиже жаман емес – 9,77 секунд. Осылайша Усейн Болт алты дүркін әлем және Олимпида чемпионы атанып отыр. Екінші болып мәре сызығын Афины Олимпиадасының чемпионы американдық Джастин Гатлин кесті (9,85 секунд). Үшінші орын тағы да бір ямайкалық атлет Неста Картерде (9,95).
Айта кетейік, аталған жарыс түрлерінен Қазақстан құрамасының атлеттерінің бірде-біреуі финалдық кезеңге өте алған жоқ.
Енді бүгінгі күннің басты бәсекелеріне тоқталайық.
21:00 (Астана уақытымен) – Сырықпен секіру. Ерлер. ФИНАЛ
Фаворит: Рено Лавийени (Франция)
21:05 – 110 м кедергілер арқылы жүгіру. Ерлер. Жартылай финал
21:35 – 100 м жүгіру. Әйелдер. Жартылай финал
22:05 – 400 м жүгіру. Ерлер. Жартылай финал
20:25 – Ядро лақтыру. Әйелдер. ФИНАЛ
Фаворит: Валери Адамс (Жаңа Зеландия)
22:30 – Балға лақтыру. Ерлер. ФИНАЛ
Фаворит: Кристиан Парш (Венгрия)
23:15 – 400 м жүгіру. Әйелдер. ФИНАЛ
Фавориттер: Амантл Монтшо (Ботсвана), Кристин Охуруогу (Ұлыбритания)
23:30 – 110 м кедергілер арқылы жүгіру. Ерлер. ФИНАЛ
23:50 – 100 м жүгіру. Әйелдер. ФИНАЛ
Фавориттер: Шелли-Энн Фрэйзер-Прайс (Ямайка), Блессинг Окагбаре (Нигерия).
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
АСТАНА. ҚазАқпарат — «Вуэльта Бургостың» көпкүндігінің қорытынды кезеңін колумбиялық «Movistar Team» командасының велошабандозы Найро Кинтана ұтты.
Одан кейін испаниялық Давид Арройо («Caja Rural-Seguros RGA» ) және итальяндық Иван Бассо («Cannondale Pro Cycling») келсе, бірінші «ондықта», сонымен қатар, төртінші және алтыншы орынға ие болған «Астана» командасының спортшылары Винченсо Нибали мен Паоло Тиралонго бар.
Жалпы есепте жеңіс Кинтанаға бұйырды, екінші орында — Арройо, үшінші орында — Нибали.