Полат Қырықбаев: «Сочиде Ванкувердегі көрсеткішімізден асып түсуіміз керек»
2010 жылғы Ванкуверде Қазақстан құрамасының намысын спорттың 9 түрінен 37 спортшы қорғаған болатын. Канадада қоржынымызға түскен 1 күміс медальмен командалық есепте 24-орынға табан тіредік. Бұл көрсеткішті алдағы Сочи ойындарында жақсартуға толық мүмкіндігіміз бар.
Сочиде түндігін түретін XXII қысқы Олимпиада ойындарына да санаулыкүндер қалды. Төртжылдықтың басты додасында осымен алтыншы рет бақсынайтын тәуелсіз Қазақ елінің спортшылары Ақ Олимпиадаға дайын ба?Құрамамыздың алдында қандай міндеттер тұр? Осы және өзге де сұрақтарымызға ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігініңҰлттық штаттағы командалар және спорттық резерв дирекциясыныңбасшысы Полат Қырықбаев жауап берді.
– Полат Наурызбайұлы, XXII қысқы Олимпиада ойындары күн санап жақындап келеді. Осы орайда ұлттық құрама спортшыларыныңдайындықтары жөнінде сөз қозғасақ…
– Сочи Олимпиадасы – спортшыларымызды күтіп тұрған ең маңызды шара. Сол себепті қысқы спорттың әр түріне жеке тоқталып, соның ішінде лицензиялықжарыстарға қатысты жоспар құрдық. Қазақстан құрамасының алдында Олимпиада жолдамасына мейлінше мол иелік ету міндеті тұр.
Бір айта кетерлігі, Олимпиадаға қатысамын деген әрбір спортшы белгіленген кестеге сәйкес республикалық антидопингтік зертханада тексерістен өтеді.
2013-2014 қысқы маусымда ұлттық құрама спортшылары олимпиадалықжолдама алуға мүмкіндік беретін жарыстартарда, атап айтсақ 12 әлем чемпионатында, 50-ден астам халықаралық жарыстарда (Әлем кубоктарыныңкезеңдерінде) бақ сынайтын болады.
Ал біз өз кезегімізде командаларымыздың жаттығулары тиісті деңгейде өту үшінқолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Мысалы, спортшыларымыздың оқу-жаттығу жиындары халықаралық талаптарға сай келетін, ең үздік спорт кешендерінде өтуде.
Шаңғышыларымыз үшін қосымша техникалық саймандар және оларды тасымалдау үшін автобустар сатып алынды. Мұның барлығы да спортшыларымыздың Сочи Олимпиадасында жоғары нәтижеге қол жеткізуі үшін жасалынып отыр.
– Біздің спортшылар Сочи Олимпиадасында қанша спорт түріндебақ сынайды?
– Командаларымыздың бас бапкерлерінің нақты тапсырмалары бар. Ол –спорттың 11 түрінен 40-қа жуық жолдамаға иелік ету.
2010 жылғы Ванкуверде Қазақстан құрамасының намысын спорттың 9 түрінен 37 спортшы қорғаған болатын. Канадада қоржынымызға түскен 1 күміс медальмен командалық есепте 24-орынға табан тіредік. Бұл көрсеткішті алдағы Сочи ойындарында жақсартуға толық мүмкіндігіміз бар.
Бұлай дейтінім, өздеріңіз білетіндей, биылғы маусымда конькимен жүгіруденДенис Кузин 1000 метр қашықтықта әлем чемпионы атанса, мәнерлеп сырғанаудың шебері Денис Тен әлемнің күміс жүлдесіне ие болды.
Николай Чеботькомен бір жұпта өнер көрсеткен Алексей Полторанин командалық спринтте 3-орыннан көрініп, жекелей сында да жүлделі үштікті түйіндеді.
– Ал бүгінгі таңда қоржынымызға түскен жолдама саны қанша?
– Қазірдің өзінде 22 спортшымыз халықаралық федерациялардың жолдама алуға мүмкіндік беретін талаптарын орындап үлгерді. Дегенмен іріктеу кезеңініңаяқталу мерзімі келесі жылдың қаңтар айына белгіленген. Сол себепті жаңа жылға дейін спортшыларымыз осы көрсеткіштерінен төмендеп қалмауға тиіс.
– Қалай ойлайсыз, спорттың нақты қай түрлерінен биік тұғырға көтерілуге мүмкіндігіміз бар?
– Ұлттық құрамамыздың түрлі сындарда көрсетіп жүрген өнері көңіл көншітерлік. Мұның өзі спортшыларымыздың бәсекеге қабілетті екендіктерін аңғартса керек. Әсіресе, шаңғы спорты, биатлон, мәнерлеп сырғанау, фристайл-могул, конькимен жарысу спорттарының өкілдері жеңіс тұғырынан көрінеді деген үміттеміз.
– Сочиде биік тұғырдан көрінген спортшыларымыздың еңбегі ескерусіз қалмайтын шығар?..
– Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардыңбапкерлеріне тағайындалатын сый-сияпаттарға қатысты мәселе министрліктер мен Республикалық бюджеттік комиссияның күн тәртібінде тұрғандығын айта кеткім келеді.
Әзірге 1-орынға 250 мың доллар, 2-орынға 150 мың, 3-орынға 75 мың доллар беріледі деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, 4-орынға ие болғандарға 30 мың, 5-орынға 10 мың және 6-орыннан көрінгендерге 5 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалуы керек.
– Әңгімеңізге рахмет, Полат Наурызбайұлы! Сізге де, ұлттық құрамамызға да сәттілік жолдас болсын деп тілейміз!
Ардақ ТОҒЫМОВ, арнайы «Sport» газеті үшін,
Астана

