Мазмұнға өту

Жаңа

Винченцо Нибали «Вуэльте Бургоста» үшінші орынды иеленді


«Астана» командасының велошабандозы Винченцо Нибали

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Вуэльта Бургостың» көпкүндігінің қорытынды кезеңін колумбиялық «Movistar Team» командасының велошабандозы Найро Кинтана ұтты.

Одан кейін испаниялық Давид Арройо («Caja Rural-Seguros RGA» ) және итальяндық Иван Бассо («Cannondale Pro Cycling») келсе, бірінші «ондықта», сонымен қатар, төртінші және алтыншы орынға ие болған «Астана» командасының спортшылары Винченсо Нибали мен Паоло Тиралонго бар.

Жалпы есепте жеңіс Кинтанаға бұйырды, екінші орында — Арройо, үшінші орында — Нибали.

0
0
167

«Қазақстан» РТРК» Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатын Қазақстан аумағында тарату құқығын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Қазақстан» РТРК» АҚ FIFA World Cup 2014 жылғы Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатын Қазақстан аумағында тарату үшін тендер ұтып алды. Чемпионат 12 маусымнан 13 шілде аралығында Бразилияның 12 қаласында өтеді. Бұл туралы ұлттық телеарнаның баспасөз қызметінен хабарлады. «Қазақстан» РТРК» АҚ әлемдік деңгейдегі маңызы зор беделді футбол чемпионатын Қазақстан аумағына тарату құқығына осымен екінші рет ие болып отыр. Былтыр «Қазақстан» және «Бірінші арна Еуразия» телеарналары Украина мен Польшада өткен Еуропа чемпионатын көрсетті. Бұл жобаны Қазақстан аумағында жүзеге асыру жұмыстарына УЕФА-дағы (Футбол Ассоциациясының Еуро Одағы) әріптестеріміз жоғары баға берді. 2014 FIFA World Cup футболдан өтетін әлем чемпионатын (барлығы 64 ойын) «Қазақстан», «Бірінші арна Еур…

0
0
402

Ақжайықта «Ақбидай» ауыл спорты ойындары мәреге жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат — Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында дәстүрлі облыстық «Ақбидай» ауыл спорты ойындары мәреге жетті. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жалпыкомандалық есепте 216 ұпай жинаған Бөрлі ауданы жеңімпаз атанды. Олардан бір ғана ұпайға кейін қалған Жәнібек — екінші, 191 ұпаймен Ақжайық үшінші орынды еншіледі. Шағын футболдан Сырым, Қаратөбе, Зеленов аудандары жүлделі орындарды бөлісті. Волейболдан ерлер арасында Зеленов жеңіс тұғырына көтерілсе, Бөрлі мен Теректі екінші, үшінші жүлдені иеленді. Әйелдерден Шыңғырлау, Жәнібек, Теректі командалары үздік шықты. Қазақ күресінен Сырым, Жәнібек, Бөрлі жігіттері алда болса, тоғызқұмалақтан да сырымдық, бөрлілік және қаратөбеліктер жүлдеге қол жеткізді. Гір спортынан Шыңғырлау, Бөрлі…

0
0
468

Қазақстан — Грузия: Нұрбол Жұмасқалиев құрамаға қайта оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат — 14 тамызда Астанада өтетін Қазақстан мен Грузия құрамалары арасындағы ойынға қатысатын қарсыластарымыздың құрамы белгілі болды. Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталынан хабарлады. Темури Кецбаи Қазақстанға қарсы ойынға мына футболшыларды шақырды: Қақпашылар: Георгий Лория («Динамо» Тбилиси), Нукри Ревишвили («Дила»), Роин Квасхвадзе («Зестафони»); Қорғаушылар: Гурам Кашия («Витесс», Голландия), Александр Амисулашвили, Гиа Григалава (екеуі де «Крылья Советов», Ресей), Зураб Хизанишвили («Кайсериспор», Түркия), Давид Квирквелия («Динамо» Тбилиси), Гулверд Томашвили («Дила»); Жартылай қорғаушылар: Джаба Канкава, Александр Кобахидзе (екеуі де «Днепр», Украина), Лаша Гвалия («Дила»), Давид Таргамадзе, Торнике Окриашвили («Ильичевец», Украина), Элгуджа Григалашвили («Дин…

0
0
389

Түймекент – ортағасырлық қаласы!

Түймекент – ортағасырлық қаланың орны. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылының оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қалада алғаш 1894 жылы В.В. Бартольд болып, бұл қалашық Тараздың орны емес деген пікір айтқан. 1936 – 38 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетек. А.Н. Бернштам) зерттеген. 1986 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография инистутының тарих және мәдениет ескерткіштері қоғамының археологиялық экспедициясы отряды (жетек. К.Байпақов) қайта зерттеу жүргізді. Қалашықтың жобасын қағазға түсіріп, жол салу кезінде бұзылған жерлерін анықтады. 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетек. Байпақов) кішігірім қазба жұмыстарын жүргізді. Қалашықтың жобасы тікбұрышты, аумағы 250*310 м төбе. Бұрыштары дүни…

1
0
1778

Мәдениет!

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра ет…

1
0
730

Қазақстанның әуе шебін қорғаушыларға қойылар талап жоғары

Авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов басқарған Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының офицерлері Қызылорда және Ақтау гарнизондарында шоғырланған әскери бөлімдерде болды. Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы жеке құрам үшін салынып жатқан тұрғын үй нысанының құрылысымен және әскери бөлімдердің инфрақұрылымын аралап көрді. Жаңаөзендегі әскери бөлімде болған әскер түрінің бас қолбасшысы бөлімнің тұрмысымен, жауынгерлік қызметімен, жауынгерлік кезекшілікті жүргізу және әскери тәртіптің жағдайымен танысты. – Бөлімнің жауапты тұлғалары мен офицерлері әскерге дейінгі жастармен тұрақты түрде сабақтар өткізіп тұрады. Қарулы Күштердің оң беделін қалыптастыруға барынша көңіл бөліп келеміз. Соңғы уақытта көптеген жастарымыз өз өмірін армиямен байланыстырғысы келеді. Алайда, Отаным…

0
0
300

Асық ойыны!

Қазақ халықтарының салт – дәстүрлерінің ішіне кіретін ұлттық ойындарының бала тәрбиесіндегі маңызы мен үлесі бағытында орындалған. Қазіргі заманның ағымына байланысты ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық ойындарының мән мағынасы, шығу тарихы баланың рухани және дене тәрбиесіне беретін мол әсері жайлы мәліметтер жиналған. Жеке тұлғаның тәрбие негізінде табиғатқа, салт-дәстүрге деген адамгершілік эстетикалық сезімі бар адам тәрбиелеуге көңіл аударылған. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны –сақа, жақсылары – оңқай аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар:құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ой…

1
0
2715

Полат Қырықбаев: «Сочиде Ванкувердегі көрсеткішімізден асып түсуіміз керек»

2010 жылғы Ванкуверде Қазақстан құрамасының намысын спорттың 9 түрінен 37 спортшы қорғаған болатын. Канадада қоржынымызға түскен 1 күміс медальмен командалық есепте 24-орынға табан тіредік. Бұл көрсеткішті алдағы Сочи ойындарында жақсартуға толық мүмкіндігіміз бар. Сочиде түндігін түретін XXII қысқы Олимпиада ойындарына да санаулыкүндер қалды. Төртжылдықтың басты додасында осымен алтыншы рет бақсынайтын тәуелсіз Қазақ елінің спортшылары Ақ Олимпиадаға дайын ба?Құрамамыздың алдында қандай міндеттер тұр? Осы және өзге де сұрақтарымызға ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігініңҰлттық штаттағы командалар және спорттық резерв дирекциясыныңбасшысы Полат Қырықбаев жауап берді. – Полат Наурызбайұлы, XXII қысқы Олимпиада ойындары күн санап жақындап келеді. Осы орайда ұлттық құрама спортшыла…

0
0
1133

Шахтерге» түскені «Селтик» болды...

Жаңа ғана УЕФА-ның штаб-пәтері Ньонда Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Аталған Еурододаның соңғы елегінде «Шахтер» Шотландияның «Селтигімен» кездесетін болды. Жаңа ғана УЕФА-ның штаб-пәтері Ньонда Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Аталған Еурододаның соңғы елегінде «Шахтер» Шотландияның«Селтигімен» кездесетін болды. Сонымен Чемпиондар лигасының соңғы сүзгісінде кездесіп, топтық доданың10 жолдамасын сарапқа салатын командалар жұбы: «Фенербахче» (Түркия) – «Арсенал» (Англия) ПСВ (Голландия) – «Милан» (Италия) «Шальке» (Германия) – «Металлист» (Украина) «Лион» (Франция) – «Реал Сосьедад» (Испания) «Динамо» (Загреб, Хорватия) – «Аустрия» (Австрия) «Лудогорец» (Болгария) – «Базель» (Швейцария) «Витория (Пльзень, Чехия) – «Марибор» (Словения) «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) – «Селт…

0
0
356