Алматы Ақ Олимпиаданы өткізуге үміткер
Олимпиада өткізу үшін басты талас Санкт-Мориц пен Давос, Барселона мен Мюнхен және Алматы мен Львов қалаларының арасында өтеді деген пікір айтылуда. Толығырақ оқыңыздар. http://el.kz/23610
Олимпиада өткізу үшін басты талас Санкт-Мориц пен Давос, Барселона мен Мюнхен және Алматы мен Львов қалаларының арасында өтеді деген пікір айтылуда. Толығырақ оқыңыздар. http://el.kz/23610
Қазақ эстрадасына "Музарт" тобы келгелі бері топ мүшесі Сәкен Майғазиевтің есімін білетіндер, әнін тыңдайтындар көбейді. Толығырақ: http://el.kz/bm4249
Тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті. Сілтеме арқылы толық нұсқаны оқи аласыздар. http://el.kz/23609
Қазақстандық «Ақтөбе» Еуропа Лигасының плей-офф іріктеу кезеңінің бірінші матчында киевтік «Динамоны» қабылдады, деп хабарлады Vesti.kz.
Кездесудің алғашқы минутынан-ақ киевтіктер тарапынан күшті шабуыл басталды. «Динамолықтар» шапшаңырақ гол соғуға құшырланғаны байқалып тұрды. Жанкүйерлердің қызу қолдауына қарамастан, алаң иелері «шашыраңқы» ойнады. Осыны пайдаланған қонақтар 16-минутта Владимир Никитенко командасының сазайын берді.
Қақпаларына гол жіберіп алған ақтөбеліктер есін жинап, қауіпті шабуылдай бастады. Ойынның 37-ші минутында айып доптардың бірі қақпаға кірді. Бірінші қанаттан ұшқан Гейнрихтің добы Тремулиннің тізесіне тиіп қақпаға дөп түсті — 1:1.
Ойынның екінші жартысына »Динамо» бар күшін салғандай. 51-ші минутта Идейе «Ақтөбенің» айып добын тұтып алып, Сидельниковтің жанынан өткізіп жіберді.
Екінші голдан кейін ақтөбеліктердің ұнжырғалары түсіп кетті. Бес минуттен кейін Беланда «Динамоның » үшінші голын соқты.
66-минутта Арзуманянның оң қанаттан соққан добы Хайруллиннің аяғына тиді, бірақ Шовковский қайрат көрсете алмады — 2:3.
Матчтын соңына қарай ойын шиеленісе түсті. Бірақ ойынның есебі өзгермеді — 3:2. Жауап матч 29 тамызда Киевте өтеді.
АСТАНА. ҚазАқпарат
Павлодар педагогикалық институтының студенті Ернұр Қабатаев Софияда (Болгария) еркін күрестен өткен Әлем чемпионатында қола жүлдені олжалады, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен. Оған әлемнің белді спортшылары қатысқан.
ҚР еркін күрестен спорт шебері Е.Қабатаев ҚР жастар құрамасының сапында сынға түсті.
Өзінің 50 келі салмақ дәрежесінде ол халықаралық спорт шебері нормативін орындап, үшінші орын алды. ҚР құрамасының қоржынында Ернұр Қабатаев жеңіп алған бір ғана қола жүлде бар.
Бұл жарыс спортшы үшін 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ Олимпиада ойындарына дайындықтың басы болды.
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат

«Ирина Бокова Астанаға ертең, 23 тамыз күні Мәдениеттердің жақындасуының халықаралық онжылдығына байланысты ұлықтаудың Халықаралық форумына қатысады. Аталған іс-шара аясында ол бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі мандатын табыстайды», — деді ол.
Арнайы диплом мен құрметті атақ қазақ боксшысына дәстүр бойынша БҰҰ-ның Париждегі штаб-пәтерінде табыс етілуі тиіс еді. Дегенмен Серік өз дипломын 23 тамыз күні Астанада өтетін 2013-2022 жылдардағы мәдениеттің жақындасуының халықаралық онжылдығына байланысты ұлықтаудың халықаралық форумы аясында алады.
Жалпы бұған дейін «UNESCO Champion for Sport» атағын әйгілі автошабондоз Михаэль Шумахер, футболшы Эдсон Арантис ду Насименту ( Пеле) мен Оскар Табарес, дзюдошы Давид Дуйе, жеңіл атлет Сергей Бубка, Виргилиус Алекна, Вероника Кэмпбелл-Браун, хоккейші Вячеслав Фетисов, ағайынды боксшылар Виталий және Владимир Кличко, теннисші Жюстин Энен, сумошы Хакухо Сё, жағажай волейболының шебері Жаклин Силва иеленген болатын.
Фариза Алдоңғарова жасөспірімдер арасындағы WTF таэквондо бойынша 2-ші Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Бұл туралы ҚР Күрес федерациясының баспасөз баянында хабарланды. Ойындардың 1/4 финалында 55 келі салмақ дәрежесінде ол Бангладештен келген Фатиха Уммуль Исламды 12:0 есебімен жеңді, жартылай финалда өзбекстандық Динорохан Мамадибрагимовадан 2:0 есебімен басым түсті. Өкінішке орай, ақтық сында біздің отандасымыз филиппиндік Паулинеуз Лопезке 2:4 есебімен есе жіберіп алды.
Еске сала кетейік, кеше Қытайдағы жасөспірімдер арасындағы 2-ші Азия ойындарында қазақстандық таеквандошы Ерасыл Қайырбек 53 келі салмақ дәрежесінде қола медальді олжалады.
АСТАНА. ҚазАқпарат
Монреальда (Канада) өткен тірек-қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында суда жүзуден әлем чемпионтында жақсы нәтижеге қол жеткізген ҚР Ұлттық паралимпиадалық құрамасы елге оралды.
Ұлттық паралимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматы әуежайының алдына жиылғандар халықаралық спорт шеберлері: Монреальда өткен әлем чемпионатының күміс және екі дүркін қола жүлдегері Зүлфия Ғабидуллина мен Азия рекордшысы Әнуар Ахметов, олардың бапкерлері — ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары Саттар Бейсембаев пен Владимир Загодерныйды қарсы алды.
Еске сала кетсек, 12-18 тамыз аралығында Канаданың Монреаль қаласында жүзуден тірек-қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында әлем чемпионаты өтті. Әлемдік біріншілікке 60 елден 650 спортшы қатысты, 172 жүлде сарапқа салынды.
Чемпионатта Қазақстан намысын Әнуар Ахметов пен Зүлфия Ғабидуллина қорғады.
Жарыстың бес күнінің қорытындысы бойынша, ҚР құрамасының қоржынында үш жүлде — 48 жастағы Зүлфия Ғабидуллина қол жеткізген күміс жүлде (әлемдік рекордтпен қоса) және екі қола медаль бар.
ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті Дархан Кәлетаевтың сөзіне қарағанда, Қазақстан паралимпиада спортының тарихында тұңғыш рет халықаралық жарыстардың жүлдегеріне сыйақы беріледі. Зүлфия Ғабидуллина ҚР ҰПК атынан (күміс жүлде үшін 100 мың теңге, 2 қола жүлде үшін 50 мың теңгеден) сыйақы алады. Олардың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болады.
АСТАНА. ҚазАқпарат
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының университеттері құрамында Экология, Нанотехнология, IT технологиясы және Энергетика салалары бойынша мамандарды дайындау бағдарламасы кіреді. Толығырақ оқыңыздар. http://el.kz/23607
Аталмыш бастаманың негізгі идеясы дарынды жастардың шет елдерде білім алуы: http://el.kz/23608