Мазмұнға өту

Жаңа

Өлік жөнелту ғұрпы

Марқұм болған кісіні бұрындары егер қабір жақын болса керегені табыт ретінде пайдаланып, соған жатқызып апарған. Ал егер шалғай жатқан жер болса киізге орап, түйеге артып апарған. Толығырақ:  http://el.kz/bm4467

0
0
902

Ақтауда полицейлер мен әскери қызметкерлер Конституция күніне орайластырып, шағын-футбол чемпионатын өткізді

шағын-футбол чемпионаты

Ақтау қаласында Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті, облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР ІІМ ІӘ 6656 әскери бөлімі бөлімшелері атынан шыққан 16 командадан 160 спортшы қатысқан шағын-футбол бойынша чемпионат қорытындылары шығарылды. Ұйымдастырушылар чемпионатты ҚР Конституция күніне арнады.

«Мұндай жарыстар дене пішінін сақтауға, әріптестік қарым-қатынасты, достық рухты нығайтады. Барлығыңызға сәттілік, ал ең мықты командаға жеңіс тілеймін», — деді жарыстың ашылуында Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Бөкен Жұмағали.

Чемпионатқа құрметті қонақ ретінде Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Әділбек Ниязымбетов, Азия чемпионы, бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Берік Әбдірахманов қатысты.

 

АҚТАУ. ҚазАқпарат

 
0
0
627

«Тараз-Арена» жаңа спорт сарайының құрылысы аяқталып қалды

«Тараз-Арена» жаңа спорт сарайы

Жамбыл облысының облыс орталығында «Тараз-Арена» жаңа спорт сарайының құрылысы аяқталуға таяп қалды.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбековтің сөзінше, 2,5 мың адамға арналған спорт сарайының құрылысы 2011 жылдың мамыр айында басталды, қыркүйек айының соңында пайдалануға берілмек. «Мұндай спорт ғимараттары біздің облысымызда бұрын- соңды болмаған және «Тараз-Арена» аймақтағы бұқаралық спортты дамытуда үлкен рөл ойнайды деген сенімдемін», — делі жамбыл спортының жетекшісі.

Спорт сарайы салынып жатқан «Бәйтерек» ықшамауданының 7,5 га ауданында орналасқан, құрылыс 10,6 мың шаршы метрді алып жатыр. Жобаның құны — 4,8 млрд. теңге, соның ішінде құрылыс-жөндеу жұмыстарының құны 3,6 млрд. теңге, жабдықтар құны — 477,6 млн. теңге.

Жобаға тапсырыс берушілер Жамбыл облысы әкімдігінің облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы болып табылады. Құрылысты астаналық «Құлагер» құрылыс корпорациясы» ЖШС-і жүргізуде, оған қоса, 35-тен астам қосалқы мердігер фирма, 360 жұмысшы жұмылдырылған, олардың басым бөлігі — жергілікті мамандар.

«Тараз-Арена» облыс орталығы тұрғындарына 18 спорт түрімен айналысуға мүмкіндік береді. Бес қабатты ғимаратта физикалық және атлетикалық дайындыққа, волейбол, баскетбол, шағын-футбол, теннис спорт ойындарына арналған залдар, спорт бассейні бар. Екі мың жанкүйер сыятын мінбемен жабдықталған 13 зал салынған. Ұзындығы 50 метр, ені 25 метр жүзу бассейндері қарастырылған. Боксшыларға екі алаң орнатылған.

Мамандардың сендіруіне қарағанда, жаңа спорт кешенінің жоғары кәсіби деңгейдегі облыстық, республикалық және халықаралық маңызы бар спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге мүмкіндігі жетеді.

 

ТАРАЗ.  ҚазАқпарат

 
0
0
596

«Селтик» — «Шахтер» қарымта ойынына норвегиялық қазы төрелік етеді

Свейн Оддвар Моэн

Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық іріктеу кезеңінің шотландиялық «Селтик» пен қазақстандық «Шахтер» арасындағы қарымта кездесуіне Свейн Оддвар Моэн бастаған норвегиялық қазылар бригадасы төрелік етеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Моэнге Ким-Томас Хаглунн мен Франк Андас көмектеседі, ал Ким-Анри Йонсен мен Свейн-Эрик Эдвартсен қосымша төрешілер болады. Төртінші төреші — Свен-Эрик Мидтхелль. Черногориялық Мирослав Джуканович УЕФА делегаты болса, испаниялық Мануэль Мехуто Гонсалес бақылаушы атанады.

Моэн 1996 жылдан футбол матчтарына төрелік етіп келеді. 2005 жылдан халықаралық деңгейдегі ойындарға қазылық етеді. 2012 жылдың сәуірінде ФИФА оны 2014 жылғы әлем чемпионатында қазылық етуге үміткер төрешілер тізіміне қосты.

Естеріңізге сала кетейік, «Шахтер» мен «Селтик» арасындағы матч тамыздың 28-нен 29-на қараған түнде Глазго қаласындағы «Селтик Парк» стадионында өтеді. Ойынның басталуы Астана уақытымен 00:45-те. Матчты тікелей эфирден КТК арнасы көрсетеді.
«Астана-Арена» стадионында өткен алғашқы матчта «Шахтер» «Селтикті» 2:0 есебімен тізе бүктірген болатын. Доптардың авторлары — Андрей Финонченко мен Сергей Хижниченко.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

 
0
0
364