Ақтауда полицейлер мен әскери қызметкерлер Конституция күніне орайластырып, шағын-футбол чемпионатын өткізді
Ақтау қаласында Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті, облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР ІІМ ІӘ 6656 әскери бөлімі бөлімшелері атынан шыққан 16 командадан 160 спортшы қатысқан шағын-футбол бойынша чемпионат қорытындылары шығарылды. Ұйымдастырушылар чемпионатты ҚР Конституция күніне арнады.
«Мұндай жарыстар дене пішінін сақтауға, әріптестік қарым-қатынасты, достық рухты нығайтады. Барлығыңызға сәттілік, ал ең мықты командаға жеңіс тілеймін», — деді жарыстың ашылуында Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Бөкен Жұмағали.
Чемпионатқа құрметті қонақ ретінде Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Әділбек Ниязымбетов, Азия чемпионы, бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Берік Әбдірахманов қатысты.
АҚТАУ. ҚазАқпарат

