Мазмұнға өту

Жаңа

Павлодар облысында Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2015 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары бекітілді

Павлодар облысы әкімшілігі

Өңір басшысы Е. Арынның төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында Павлодар облысындағы Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарлары бекітілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

«Павлодар облысындағы Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары дене шынықтыру және спорттың инфрақұрылысын дамытуға, осы саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету, халықтың түрлі топтарын дене шынықтыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу, спорт резервін дайындау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуге бағытталған», — деді дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы М. Айдашев.

Жоспарды іске асыру аясында Кенжекөл, Павлодар ауылдары мен Ленин кентінде, сондай-ақ Тереңкөл, Успен, Баянауыл ауылдары, Екібастұз қалаларында дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады. Әрбір ауылдық елді мекенде, қалалық тұрғын үй аумағында спорттың түрлі ойындарына арналған жасанды жабыны бар спорт алаңдары бой көтермек. Спорт ғимараттарының саны 3 360-қа дейін, халықтың дене шынықтырумен, спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 230-ға дейін өседі, 300-ге жуық жаңа жұмыс орыны құрылатын болады, деп аталды облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында.

2013-2015 жылдарға арналған Жоспарды жүзеге асыру үшін 11, 6 млрд. теңге бөліну көзделіп отыр.

 

ПАВЛОДАР.  ҚазАқапарат

 
0
0
400

Александр Винокуровтың велосипеді 3.5 миллионға сатылды

Александр Винокуровтың велосипеді

Велоспорттан Олимпиада чемпионы атанған Александр Винокуровтың велосипеді Боровоеде өткен қайырымдылық аукционында 3,5 миллион теңгеге сатылды.

«Бастапқы бағасы 700 000 теңге болған велосипед 3,5 миллион теңгеге сатылды. Велосипедтің сатылымынан және басқа да лоттардан түскен қаржы Көкшетау қаласындағы облыстық перзентхананы жабдықтауға жұмсалады», — дейді аукцион ұйымдастырушылары.

Александр Винокуровтың айтуынша, дәл осы велосипедпен ол 2011 жылы Тур-де-Франс көпкүндігіне қатысыпты.

«Велосипед 2011 жылы Тур-де-Франсқа қатысты. Ол жақта менің велосипедтен құлаған кезім де болды. Ол жақтың өзіндік тарихы бар. Мен оны білемін, және оны бәрі білсін», — дейді А. Винокуров.

Аукционда велосипедтен бөлек Олимпиада чемпионы тарапынан басқа да лоттар ойнатылды. Винокуровтың жеңіске жеткен төрт жейдесі бастапқы бағасы 45 мың теңгеден сатылымға қойылды.

Аукцион жүзден аса адам қатысуға ниет білдірген велосипед жарысымен жалғасты. Веложарыстың ең кішкентай қатысушына спортшы «Золотая карьера Александра Винокурова» деген кітап сыйлады.

Естеріңізге сала кетсек, А. Винокуров 2012 жылы Олимпиада чемпионы атанған болатын. Ол сонымен бірге Испанияда өтетін Вуэльта жарысын 2006 жылы жеңіп алды.

 

Дайындаған: Ерғали Елдос

 
0
0
1108

Қабылаш Әбікейдің өнер жолы

Опера өнерінде ұлттық туындылардан бастап, Еуропа классикалық музыкасының жауһарларындағы күрделі, дауыс техникалық шеберлігін қажет ететін ірі партияларды сомдаған лирикалық баритон -  Қабылаш Әбікейұлы. http://el.kz/bm4385

0
0
576