Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушісі Темірлан Марксов «Жас Ұлан-2013» ХV республикалық әскери әндер фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды

Бүгін Астанада «Жас Ұлан-2013» ХV республикалық әскери әндер фестивалінің Жеңімпаздары мен лауреаттары қатысқан гала-концерт болып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «Жас Ұлан» фестивалі ҚР Қарулы Күштерінде 1997 жылдан бері әскери ортадағы көркемөнерпаздар ұжымдары мен орындаушыларды дамыту мақсатында өткізіліп келеді және әскерлерде кең танымал.

Бас штаб бастығының орынбасары полковник Мухамеджан Таласов:

- Бұл фестиваль тұңғыш рет мемлекетіміздің астанасында өткізіліп отыр. Фестивальдің мақсаты Қарулы Күштердің имиджін көтеру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери қызметшілердің шығармашылық потенциалын қолдау, - деп атап көрсетті.

Барлығы фестивальдің финалдық бөлігіне әртүрлі бөлімдер мен әскери оқу орындарынан келген 250-ге жуық орындаушылар мен шығырмашылық ұжымдар қатысқан болатын.

Фестивальдің бас жүлдесі – «гран-приді» «Жас ұлан» мектебінің оқушысы Темірлан Марксов жеңіп алды.

«Вокал» номинациясында бірінші орын 85395 әскери бөлімінің «Қырандар» вокалдық тобына бұйырса, «фольклорлық орындаушылар» номинациясында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының фольклорлық тобы алға шықты. «Вокалдық-аспаптық ансамбльдер» номинациясында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының «Сұңқар» тобы топ жарып, фестиваль лауреаты атанды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
451

Осы тақырып бойынша