Мазмұнға өту

Жаңа

«Екпін» жобасы неліктен сіздермен қоштасады?

2012 жылдың қаңтар айында «Екпін» деген жобамыз туды, осы уақытқа дейін қаншама айдар мен материал дайындалды, қаншама кейіпкермен таныстық, қаншама жиналыс өткіздік. Осының бәрі бекер емес, еңбегіміз зая кетпеді деген үмітпен жобаның соңғы нүктесін бүгін қоюға тура келеді.

Барша оқырмандарымыз үшін соңғы видеоблогымызды түсіруді жөн көріп, осы роликті сіздерге арнадық. Түсірілім барысында бірнеше дубль камераға жазылмады, содан біраз алғысымыз видеода жоқ. Алайда, әрқайсыларыңыздың орны біз үшін ерекше екенін ұмытпаңыздар. Бізді оқып, жобамызға қызығушылық танытып отырған барлық жандарға алғысымыз шексіз. Жаңа жобаларда жүздескенше!

«Екпін» командасы

Жеңімпаздарға сыйлық табысталды

"Қазақстан - менің Отаным" атты байқаудың жеңімпаздарына сыйлықтарымыз табысталды.

1 орын иегері - Саблин Александр Canon 1100D кәсіби фотоаппаратына ие болды.

2 орын иегері - Касымханова Арай электронды кітапқа ие болды.

3 орын иегері - Тәжібаева Ғазиза Маңғыстаудан келе алмай қалды. Сыйлығын табыстаймыз.

 
0
0
536

«Барыстың» хоккейшілері В.Крикуновты отставкаға «жіберді»

Владимир Крикунов
«Барыстың» кешегі қарсыласы «Нефтехимик» хоккей клубының бас бапкері Владимир Крикуновты отставкаға жіберді.

Бүгіннен бастап Нижнекамск қаласының хоккей клубы мен тәжірибелі бапкер арасындағы келісімшарттың күші жойылды. Күні кеше ғана В.Крикунов бастап келген команда «Барыстан» 5:1 есебімен ұтылған болатын. Бұған дейін олар сегіз мәрте қатарынан жеңіліп, «Юграны» бір ұтқаннан кейін «Автомобилистен» тағы да жеңілді. Ал Астана қаласының «Барыс» хоккей клубымен өткізген ойыннан кейін В.Крикуновты отставкаға жіберді. «Нефтехимик» хоккей клубының бас директоры Рафик Якубов бас бапкердің отставкасын команданың сәтсіз ойын көрсетуімен байланысты деп отыр. Қазір бас бапкердің міндетін атқарушы қызметіне Дмитрий Балмин тағайындалды.

Айта кеткен жөн, «Нефтехимик» командасына дейін В.Крикунов «Барыс» хоккей клубын жаттықтырды. 63 жастағы бапкер Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген «Ақ Барс», Мәскеу және Минск қаласының «Динамосы» сияқты командаларға жетекшілік етті.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
404

Қазақстан бокс федерациясының президенті Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев

Астанада АИБА вице-президенті, Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев бокстан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының спортшылары және жаттықтырушыларымен кездесті.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Т. Құлыбаев ұлттық құрама мүшелерін әлем чемпионатында қол жеткізген тамаша нәтижемен құттықтады. 4 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған қазақстандық боксшылар алғаш рет рет мұндай жетістікке қол жеткізіп отырғанын атап өткен Қазақстан бокс федерациясының президенті әлем біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар құрамы мен кешенді ғылыми топ мүшелеріне сыйлықтар табыс етті.

Федерация басшысы әлем чемпионатына дайындыққа және оны өткізуге үлес қосқандардың барлығына ризашылығын білдіріп, АИБА президенті Чинг-Куо Ву, осы беделді халықаралық ұйымның басшылығы, ұлттық федерациялардың басшылары Алматыда өткен чемпионаттың ұйымдастырылуына жоғары баға бергенін атап өтті.

 
0
0
376

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы — «Салават Юлаев»

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Салават Юлаев» (Башқұртстан, Уфа) командасын қабылдайды.

Статистикаға сәйкес, осы уақытқа дейін екі команда 16 рет күш сынасқан болатын. Соның 10 кездесуінде «Салават Юлаевтың» жолы болса, «Барыс» өз қарсыласын 6 мәрте жеңді. Дегенмен, биылғы чемпионатта астаналық клубтың көрсеткіші жоғары болып тұр. Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде «Барыс» 49 ұпаймен 4-ші орында келеді. Ал «Салават Юлаевтың» еншісінде 43 ұпай бар. Команда 6-шы орынға орналасты.

Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
295