Мазмұнға өту

Жаңа

Роналду ФИФА-ның марапаттарынан бас тартуы мүмкін

ФИФА президенті Йозеф Блаттер

«Реал» футбол клубының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду алдағы уақытта болатын ФИФА ұйымдастыратын әр түрлі марапаттаулар мен салтанатты кештерге қатысудан бас тартуы мүмкін.

Ойыннан от шығады демекші, ФИФА президенті Йозеф Блаттер мен Роналду арасындағы кикілжіңдердің арты осындай болды. Роналду мен Мессиді бұған дейін де талай адамдар салыстырған, бірақ Блаттер мырзаның ащы сөзі мен мазағы Роналдуның шамына тиіп кетсе керек. Онымен қоймай ФИФА басшысы әжуалы сөзін қимылмен әрлей түскен көрінеді.

Мадрид командасы Блаттерден бұл пантомимосының мәнін түсіндіруді талап етті. Ал Роналду  өзінің фейсбугтегі парақшасында бұл мәлімдемеге жауап ретінде ФИФА-ның қартайып қалған басшысына денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Блаттер кешірім сұрағанымен, Роналду алда келе жатқан «Алтын доптың» марапаттау рәсіміне қатыспауы мүмкін. Футболшы өзін-өзі тізімнен сызып отыр.

 
0
0
395

Фергюсонның кітабы сатылым жағынан рекорд орнатты

сурет: mirror.co.uk

Ағылшынның атақты «Манчестер Юнайтед» клубының жаттықтырушысы сэр Алекс Фергюсонның автобиографиясы Ұлыбританияда сатылымы жағынан рекорд орнатты, деп жазады Daily Mirror.

Алғашқы аптаның өзінде кітаптың 115547 данасы сатылып кеткен. Ал бұл өз кезегінде рекордтық көрсеткіш. Осы бір аралықта жалпы есепте алғанда Ұлыбританияда кітап сатудан түскен қаржы 30.7 млн фунт стерлингті құраған, оның ішінде 1.4 миллионы әйгілі шотландықтың автобиографиясына жұмсалып отыр.

Естеріңізге сала отырсақ, жақында Манчестер қаласында сэр Алекс Фергюсонның құрметіне көше аты берілген болатын. «Олд Траффорд» стадионының маңына орналасқан «Уотерс Рич» көшесі енді «Алекс Фергюсон» көшесі деп аталады. Бұған дейін де «Олд Траффорд» стадионының бір бөлік мінбесінде «қызыл сойқандарды» 26 жыл жаттықтырған жаттықтырушыға мүсін қойылған еді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 
0
0
558

Қазақ лирикалық әндері

Бұл әндер өзінің музыкалық байлығы, әсем де әсерлі ән-әуезімен көркем өнердің жоғары дәрежелі үлгісі болып саналады.http://el.kz/bm77560

0
0
2910

БҚО-да баланы құтқарып қалған полицей өзін ерлік жасадым деп санамайды

 

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полицейі Ыдырыс Зейнуллин баланы құтқарып қалған әрекетін өзінің азаматтық борышы деп санайды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Полицейдің ерлігін күллі облыс халқы біледі. Өңірдегі танымал ақын Бауыржан Қалиолла БҚО ІІД-нің басшылығына жолдаған алғыс хатында былай деп жазады:    

«Сырым ауданындағы Қособа ауылында той өткізетін орын болмағандықтан тұрғындар тойды аудандағы мекемелерге келіп өткізеді. 6 сәуірде аудан орталығындағы «Жұлдыз» дәмханасында туысқандардың бірінің үйлену тойы өтіп жатты. Үлкендер той қамымымен жүргенде Ерқатпен ойнап жүрген кішкене балалар оның қалдық, сарқын су төгілетін шұңқырға түсіп кеткенін айтқан. Тойға келген қонақтардың арасында болған Сырым АІІБ-нің учаскелік инспекторы Ыдырыс Зейнуллин киіміне, сасық сарқынға қарамастан құдыққа секіріп түсіп, батып кеткен баланы алып шықты. Туысқандар атынан баламызды құтқарып қалған Ы.Зейнуллинге алғыс айтамыз».

Ыдырыс Зейнуллин бұл өзінің азаматтық борышым деп санайды.

«Үйлену тойы басталғанға шейін таныстарыммен сөйлесіп тұрған едім, дәмхана қызметкерінің көмекке шақырған дауысы естілді. Барлығымыз дәмханаға жүгірдік. Сарқын су жиналатын құдықтың түбінен баланың дауысы естіледі. Жақын келіп, біреулер телефонымен жарық түсірді, онда бірде батып, бірде бетіне шыққан баланы көрдік. Мен ойланбастан құдыққа секірдім. Құдықтың тереңдігі адам бойынан асады екен. Бала батып кеткен, мен сарқынның түбіне бойлап баланы қолынан тартып алып шықтым. Таза ауа жұтқан соң бала өзіне келді, оны дереу ауруханаға жеткіздік», - дейді полицей.

Қособа ауылының әкімі Мейірбол Ахметқалиев учаскелік инспекторға разы болып отыр. Оның айтуына қарағанда тұрғындар полицей: «Біздің Ыдырыс» деп атайды екен. Ол әріптестері, ауыл тұрғындары да қатты сыйлайды. Ыдырыс Зейнуллин ҚР ІІМ-нің «Құрмет» орденімен марапатталған.


0
0
560

Жетісу өңірінің күйшілік дәстүрі

Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдерінің сөздігі» атты әйгілі зерттеу еңбегінде «күй» сөзінің төркіні көне түркінің «көк» сөзінен шығуы мүмкін деген болжам жасайды.http://el.kz/bm77530

0
0
591

«Дауылпазбен» дабыл қаққан күйші

Динара бұл кеште көптен бері назардан тыс қалған, яғни соңғы рет дәулескер күйші Қаршыға Ахмедияров орындаған Қазақстан Республикасының халық артисі Алдаберген Мырзабековтың «Терме» атты күйін қайта жаңғыртты.http://el.kz/bm59029

0
0
476