egov.kz жайлы қысқаша сөз
Кіріспе. Осыдан 7-8 жыл ғана бұрын елімізде интернет арқылы некеге тұруға немесе коммуналды қызметттерге төлем жасауға, басқа да анықтамаларды көп уақыт пен кезекке тұрмайалуға болады десе сенер ме едіңіз??? Әрине жоқ! Ал қазір ол жағдайлар үйреншікті жағдайға айналып кетті. Еліміз халықаралық қауымдастықтың бір мүшесі болғандықтан, әлемде болып жатқан үрдістер Қазақстанды айналып өтпей қоймайды. Сол себепті қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде ақпараттық технологиялардың көмегімен біраз іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда мемлекеттік мекемелердегі дерекқорларда жиналып қалған түрлі мәліметтер толықтырылып қана қоймай басқа да пайдалы шаруаларға кәдеге асып, ҚР азаматтарының мемлекетпен қарым-қатынасы кезінде уақытын үнемдеуге септігін тигізіп жатыр. Әлемнің көп елінде жалпы атаумен «эле…