Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін

 Қазақстанда түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде жаңа редакциядағы Қылмыстық-атқару кодексінің таныстырылымы барысында Ішкі істер вице-министрі Амантай Күреңбеков мәлім етті. Вице-министрдің айтуынша, сотталғандардың атына сәлемдемелер жіберуді тоқтатумен қатар, түзеу мекемелеріндегі дүкендерден қажетті бұйымдар мен азық-түлік алуға арналған айлық есептік көрсеткіш көлемін өсіру жоспарланып отыр.   «Мекемелердің аумағында ақшаның мұндай ресми айналымы жоқ, бірақ олардың барлығының қолында карточкалар бар. Олар дүкендерден карточкалар арқылы азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алады. Ал сәлемдемелер, біріншіден, тыйым салынған заттардың түрмелерге өтуіне жол ашады. Екіншіден, камерада сақтауға мүмкін болмайтын азық-түліктер де келеді. Үшіншіден, сәлемдемелерді жинау және жіберу карточкаға ақша аударуға қарағанда қиындау», - деді А. Күреңбеков.

0
0
378

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін - Yvision.kz