Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құстарды шекарадан заңсыз шығару

Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының  хабарлауынша, мемлекеттік шекараны бұзуды болдырмауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне қарасты әскери бөлімшесінің қызметкерлері Шемонаиха – Семей тас жолында Алматы қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Опель Омега» маркалы автокөлігін тексерді.

Тексеріс нәтижесінде жүргізуші орындығының артында жабдықталған жасырын орыннан 6 ақсұңқар табылып, тәркіленді.

Жиналған материалдар мен айғақтардың негізінде күдікті азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 290-бабы бойынша (өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен заңсыз іс-әрекеттер жасау)  қылмыстық іс қозғалды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3128-99/

 
0
0
280

Осы тақырып бойынша

Құстарды шекарадан заңсыз шығару - Yvision.kz