Дүниежүзiнiң 35 елi «Еуразия Барысын» тамашалайды
7 желтоқсан күні Тараз қаласында қазақ күресінен «Eurasia Barysy» халықаралық турнирінің жалауы желбірейді.
Ұлттық спортымыздан өтетін командалық додаға 8 мемлекеттің спортшылары қатысады. Дүниежүзiнiң 35 елi қазақ күресi мерекесiн Ресейдiң «Боец», Түркияның «ТРТ» арналары арқылы тiкелей эфирде тамашаламақ. Сондай-ақ, бұл сайысты Украина мен Грузия телеарналары да тiкелей таратуға құлықты, деп хабарлады alasharena.kz.

