Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әскери пилоттар ұшудың жаңа әдісін меңгеруде

Әскери-тасымалдау авиациясының ұшқыштары ұшудың жаңа әдісін машықтау үстінде. Арнайы жаттығу инфрақызыл қондырғылардың көмегімен  тәуліктің түнгі уақытында ұшуды көздеп отыр. Бұл - жердегі қарсыласқа көктегі әуе кемесін көрсетпеудің бір тәсілі. Қазақстандық әскерилер осы жылдың басында ғана алынған жаңа С-295 әскери-тасымалдау ұшағында жаттығып жүр.

Осыған дейін әскери-тасымалдау авиациясының ұшқыштары үшін түнде ұшу  күрделі мәселе болып келген еді. Елімізге биыл ғана келген бортына адам мен маңызды жүктерді алып жүретін С-295 ұшағының жиынтығында арнайы инфрақызыл қондырғылар бар екен.  Дәл осы қондырғының көмегімен, енді әуе-кемесі сыртқы жарықтарын жақпай-ақ, тас қараңғыда ұшып-қона алатын болды. Аспандағы бұл нысан жердегі қарсыласқа көрінбегенімен, ұшқыш жердегінің барлығын көріп отырады.

Рүстем Тілеумағамбетов, С-295 экипажының командирі:

- Енді түнде де, күндізгідей ұша беруге болады. Әрине, оның да өзіндік ерекшеліктері бар. Ең бастысы, осы әдісті жақсы меңгеріп алу.

Біздің ұшқыштар түнде үшудың теориялық жағын Испаниядан оқып келген еді. Енді міне, түйгендерін іспен көрсетіп отыр. Тәжірибелік жаттығуды көрсету үшін елімізге осы ұшақтар алынған Airbus Military компаниясының сынақ-ұшқышы, испан жаттықтырушысы  арнайы келген еді. Тәжірибелік жаттығуда ұшқыштар әуеде 5 сағат ұшып барып, қолдарына сертификат алады.

Мануэль Регейро, Airbus Military нұсқаушы-ұшқыш:

- Менің мұндағы міндетім, қазақстандық ұшқыштарды жаңа қондырғымен таныстыру. Оның тиімді және тиімсіз тұстары көрсетіп, қауіпсіздік шараларымен ақпараттандыру. Қазақстандық әріптестеріммен тез тіл табысып кеттім. Алдағы уақытта, олар менің көмегіме жүгінбей-ақ, бұл істі қолға алып кетеді деген сенімдемін.

Қазіргі таңда С-295 ұшағында жұмыс жасауға  екі экипаж толығымен дайын. Ал, бұдан кейін жыл сайын тағы бір ұшақ қосылып отырады. Бас-аяғы, елімізде осындай 8 ұшақ болуы тиіс.

Хабар

0
0
421

Осы тақырып бойынша