Мазмұнға өту

Жаңа

В ЮКО в рамках программы «Даму-Көмек» оказана помощь 4 предпринимателям с инвалидностью

В Южно-Казахстанской области в Центре обслуживания предпринимателей при региональном филиале Фонда «Даму» состоялось торжественное вручение современных швейных машинок в рамках Программы «Даму-Көмек» четырем начинающим предпринимателям с инвалидностью.

Жители Южно-Казахстанской области Багила Оразова, Дамира Ундербаева, Лесова Аширкуль и Дамир Мазитов, имеющие инвалидность первой, второй и третьей групп. Все они освоили новую профессию модельеров, конструкторов и швей. Начинающие предприниматели шьют на заказ женскую и мужскую одежду, головные уборы, постельное белье.

На сегодня общее количество обратившихся предпринимателей с инвалидностью в региональный филиал  ЮКО составляет свыше 140 человек. 75 из них оказана спонсорская помощь.

http://www.damu.kz/15178

0
0
249

Алматы жұртшылығы Роза Жаманованы ақтық сапарға шығарып салды

ҚазАқпарат, 30.12.2013 Бүгін Алматы жұртшылығы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының ғимаратында қазақ опера өнерінің жарық жұлдызы Роза Жаманованы ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның денесі Кеңсай-2 зиратына жерленбек. «Ұлттық операның негізін салушылардың бірі, қазақ опера өнерін әлемнің биігіне көтерген алып тұлға, ұлттық мәдениеттің ең жарық жұлдыздарының бірі Роза Жаманова апамыз дүние салды. Ол кісінің бүкіл өмірі музыка өнерінің ең биік шыңы саналатын операға арналды. Қазақ және орыс композиторлары мен шетелдік классиканың ең таңдаулы туындыларын осы сахнада, дүниежүзінің айтулы театрларының төрінде шырқап, қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Сондай-ақ ұстаздық мектеп қалыптастырды. Өмірінің соңына дейін небәрі 2-ақ мекемеде қызмет істеді. Біреуі осы оп…

0
0
278

«Сендерде қалыңмал қанша?» немесе оңтүстіктің тойлары туралы аңыз

Жол үстінде немесе кез-келген уақыт өтпейтін басқа жерде кездесіп қалған таныс емес адамдардың әңгімесі бір: "сендерде шалбарды не дейді?", "әпше деген кім?", "қоңыраттың қыздары жақсы/жаман", тағысын тағы. Осылармен қатар, талай купе мен вагонның қабырғасын дірілдеткен қахарлы тақырып - оңтүстіктегі үйлену үрдісі. Өзге өңірді адамдары таңқалған көздерін жыпылықтатып қойып, қалыңмал бар ма, алып қашу деген қалай, келін таңғы 6-да тұра ма деп тергеп сұрай бастайды. Ал батылдары тіпті өзі көзімен көріп, қолымен қойғандай етіп, жаңа түскен келіннің ерте тұрып, есіктің алдын сыпырып жүргенін, күн сайын атасы мен күйеуінің аяғын жуатынын немесе танымайтын қызды ақсақ жігіттің басып алып қашып кеткенін сипаттап отырады. Әңгіме негізінен ОҚО тұрғындары жайлы болғанымен, Қызылорда облысының өкілі…

0
0
2819

Криштиану Роналду «Globe Soccer» нұсқасы бойынша 2013 жылдың үздік футболшысы атанды

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду «Globe Soccer» нұсқасы бойынша 2013 жылдың үздік футболшысы атанды. Марапаттау рәсімі сенбі күні Дубайда өтті, деп хабарлады РБК. Бұл сыйлық әлем бойынша жанкүйерлердің дауыс беруі нәтижесінде беріледі. Роналду 58 пайыз дауыс жинады, екінші орын алған «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси 9 пайыз дауысқа ие болды. Испания құрамасы мен каталониялық «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Андреас Иньеста мен лондондық «Арсеналдың» көшбасшысы Месут Озил 4 пайыздан жинады. Естеріңізге сала кетейік, Роналду «Алтын допқа» үміткерлердің бірі болып табылады. Әлемнің үздік футболшысы 13 қаңтар күні анықталады. Бұған дейін португалдық World Soccer нұсқасы бойынша үздік деп танылды. Криштиану Роналду Испания чемпионат…

0
0
336

Белгілі футболшы бақилық болды

Илья Цымбаларь

Белгілі ресейлік футболшы, мәскеулік «Спартак» сапында 6 мәрте Ресей чемпионы атанған Илья Цымбаларь 45 жасқа қараған шағында жүрек ауруынан қайтыс болды.

Бұл туралы футбол агенті Роман Орещуктің твиттеріне сілтеме жасап РБК хабарлады.

Түрлі жылдары И. Цымбаларь «Спартак», «Локомотив», «Анжи» клубтары сапында жасындай жарқылдады. Ресей құрамасы жейдесінде 28 ойын өткізіп, 4 доптың авторы атанды.

0
0
455

«Барыс» шабуылшысы ҚХЛ мергендер көшін бастады

Елордалық «Барыстың» хоккейшісі Брэндон Боченски

Елордалық «Барыстың» хоккейшісі Брэндон Боченски «Амурмен» өткен кездесуде қарсыластар қақпасына екі шайба салып, өзінің осы маусымда соққан шайбалар есебін 23-ке жеткізді. Сөйтіп ол сұрмергендер сайысында магнитогорскілік «Металлургтың» шабуылшысы Данис Зариповты артқа тастады, деп хабарлайды sports.kz.

31 жастағы американдық Құрлықтық хоккей лигасында төрт маусым бойы 20 шайбалық межеден асып келеді. Естеріңізге сала кетейік, 2011/2012 жылғы маусымда Боченски 27 гол соғып, лиганың басты сұрмергені атанған болатын.

Аталмыш кездесуде астаналық «Барыс» «Амурды» 8:2 есебімен ойсырата ұтты

0
0
392

Қазақ жанкүйерлері биылғы чемпиондар лигасының фаворитін анықтады

Реал

Қазақ жанкүйерлері биылғы чемпиондар лигасының фаворитін анықтады, деп жазады «Аламан».

Дауыс беру кезінде жанкүйерлердің 37 пайызы «Реалдың» жеңісіне сенсе, 30 пайызы «Барселонаны» жеңеді деп болжайды. «Челсидің» жеңісіне сенетіндер тоғыз пайыз ғана. Былтырғы жеңімпаз «Баварияның» жеңісіне бар болғаны сегіз пайыз жанкүйер сенген. «МЮ» пен «Боруссия Д» жеңісіне сенетіндер аз.

Чемпиондар лигасын биыл қай команда ұтып алады?

  • Реал (37%, 551 дауыс)
  • Барселона (30%, 450 дауыс)
  • Челси (9%, 134 дауыс)
  • Бавария (8%, 120 дауыс)
  • МЮ (5%, 82 дауыс)
  • Боруссия Д (3%, 50 дауыс)
  • Басқа команда (3%, 48 дауыс)
  • Милан (2%, 33 дауыс)
  • ПСЖ (1%, 18 дауыс).
0
0
342

Михаэль Шумахер ауыр жарақаттанып, ауруханаға түсті

Михаэль Шумахер

Әйгілі автошабондоз, «Формула 1»-дің бірнеше дүркін жеңімпазы Михаэль Шумахер ауыр бас жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Оқыс оқиға Францияның тау шаңғысы курортында орын алды. Белгілі болғандай, танымал спортшы шаңғымен сырғанап жүрген кезінде жарақаттанған.

0
0
419

«Абылай хан» энциклопедиясы жарық көрді

ҚазАқпарат, 27.12.2013 Бүгін Алматыда «Абылай хан» энциклопедиясының тұсаукесері өтті. «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан жарық көрген бұл кітап Абылай ханның 300 жылдығына орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылып отыр. «Бұл энциклопедияның басты ерекшелігі Абылай өмір сүрген XVIII ғасырдағы заман, оның ата-бабаларының шежіресі, Абылайдың үрім-бұтақтары, жау жүрек батырлары, билері туралы материалдар берілген. Абылай туралы қалам тартқан ғалымдар, жазушылар, зерттеушілердің бәрі қамтылды. Сондай-ақ Шоқан Уәлихановтың «Абылай» деген мақаласын үш тілде бердік», - дейді «Қазақ энциклопедиясы» баспасының бас редакторы Бауыржан Жақып. Оның айтуынша, «Абылай аңсаған азаттық» деп аталатын ҚР Президентінің мақ…

0
0
506

Мереке күндері павлодарлықтардың тыныштығын 656 тәртіп сақшысы күзетеді.

Павлодар облысында мереке қарсаңында және жаңа жыл күндері құқық қорғау органдарының жұмысы күшейтіледі,деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен. Павлодар облысында 239 мерекелік шара өтеді. Тәртіпке жауап беретін полицияның барлық жеке құрамы күшейтілді. Көшедегі азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін 656 полиция қызметкері бақылайды.

Набережный, Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының маңында өтетін жаппай көңіл көтеру орындарындағы тәртіптің сақталуын 120 адам қадағалайды. 900-ге жуық полиция қызметкері өздерінің жұмыс орындарында болады. Жедел әрекет ету үшін мереке күндері судьялар мен прокурорлар кезекшілік жасайды.Жедел басқару орталығында 64 бейнебақылау камералары үнемі іске қосулы күйінде болады.

0
0
409