Ғашықтық анықтамасы
Жорымаған жарым ойды жаман атқа, Пендеміз ғой шүкір делік қанағатқа. Алла сыйлар ғашық етіп біреуге, Сезім нұрын сынақ қылып жамағатқа. Кейде біздер қаламыз ғой санап жатқа, Үңілмей - ақ тереңінен махаббатқа. Шын сұлулық жүзде емес, жүректе, Әсемдікпен жеткізетін ғаламатқа. Жаратқан соң жер бетінде жан қылып, Жүрек соқса ғашық болу заңдылық. Ғашық сыры жеткізетін өмірді, Аскан көрік, арай - шуақ таң қылып. ҒАШЫҚТЫҚ АНЫҚТАМАСЫ Ғашық болмай жан нұрланып, қалмас еді, Көңіліміз сырды шертіп алмас еді. Ғашық болмай ел билеген Шах Жахан, Таж - Махалды сүйгеніне салмас еді. Махаббатсыз жүрекке жыр қонбас еді, Пейіліміз пәк гүлдерге толмас еді. Махаббатсыз ақын емес Абайлар, Мұқағали мәңгі ғашық болмас еді. Ғашықтық та сезім болар лайықты, Ынтық қылған Ақбөбекке Қайыпты. Махаббат деп құрбан болға…