Қарағанды тұрғындары Олимпиада құрамасын қолдау үшін конькиге тұрды — акция
«25 қаңтарда республика бойынша «Назарбаев орталығының» бастамасымен «БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!» атты шара басталған болатын. Қарағандылықтар олимпиадашыларға өздерінің қолдауын білдіреді. Мұз сарайына қысқы спорт түрлерінің жас спортшылары, бұрынғы олимпиадашылар, спорт ардагерлері мен жастар қозғалысының белсенділері келіп қатысты», — дейді Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Тұрабаева.
1972 жылдың XX Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Анатолий Степаненко көптен бері коньки кимегенмен, көп ұзамай мұзға үйренісіп алған ол тіпті жастардан қалыс қалған жоқ.
«Біздің спортшыларға сәттілік тілеймін, еліміздің көк туын биікке көтеріңдер! Әсіресе қарағандылық конькиші Екатерина Аидоваға және барлық қазақстандықтарға тақым қысып, жанкүйер боламын», — дейді ол.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция әрбір жексенбі сайын мұз айдынында өтіп отырады.

