Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Australian Open турнирiнiң бас жүлдесi Станислас Вавринкаға бұйырды

Станислас Вавринка
Швейцариялық Станислас Вавринка теннистен Австралия ашық чемпионатының жеңiмпазы атанды.

Мельбурн қаласында өткен финалдық кездесуде ол әлемнiң бiрiншi ракеткасы Рафаэль Надальдi 6:3, 6:2, 3:6, 6:3 есебiмен қапыда қалдырды. Вавринка үшiн бұл оның «Үлкен дулыға» сериясындағы алғашқы iрi жеңiсi.

Айта кету керек, әлемнiң сегiзiншi ракеткасы С.Вавринка бұның алдында Надальмен 12 рет кездесу өткiзген, бiрақ швейцариялық теннисшi Р.Надальдан бiрде-бiр сет ұтып көрмеген болатын.

АСТАНА.   ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
0
302

Осы тақырып бойынша

Australian Open турнирiнiң бас жүлдесi Станислас Вавринкаға бұйырды - Yvision.kz