Әлемдік мұнай бағасының дауы. Қазақстан
Бүгінгі таңда әлемдік экономикадағы басты тақырып – мұнай бағасы, нарық және Ресей. Оған себеп алдыңғы жылдан бері «қара алтын» құнының төмендеп кетуі. Сарапшылардың бір тобы мәселені экономикалық жағынан қарастырса, енді бірі саяси шиеленіс нәтижесі деп қарауда. 2014 жылдың жаз айларынан бері мұнай бағасы өзінің төмендеуін бастады. Forex Club компания тобының сарапшысы Валерий Полховскийдің айтуынша АҚШ авиациясы қолдауымен Ирактың күрд қарулы күштері алдында ИЛИМ (Ирак және Леванта ислам мемлекеттері) экстремистік ұйымының сарбаздары басып алған бірқатар нысан мен территорияларды өз бақылауына алуда мұнайдың негізгі сорттарының бағасы қысымға ұшыраған. Тамыз айында еуропалық Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 102,15 долларды құрады. Ал, америкалық WTI мұнайы 94,43 доллар көлеміне түсті.…